Оқушылардың танымдық белсенділігінарттыруға арналған психологиялық жаттығулар

 Тренинг тақырыбы: Оқушылардың таным белсенділігін арттыруға арналған

психологиялық жаттығулар.

 

  Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін психологиялық тренингтер жолдарымен арттыру.

Тренинг ережесі:

Тыңдай білу

Белсенді қатысу

Сөзді бөлмеу

Күлімсіреу

Сын айтпау

Уақытқа бағыну

 

Тренинг бағдарламасы

І. Танысу. «Есім және қимыл» жаттығуы

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. Танымдық процестерін анықтауға арналған жаттығулар

ІV.«Басқарушының соңынан ер» би терапиясы
V. Релаксация. «Шоколад» тренингісі

VІ. Қорытынды. «Сен ғажапсың!» марапаттау сәті

 

Кіріспе.

Психолог: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Біз берілген уақытты қызықты да, пайдалы өткіземіз деп ойлаймын.

 

  1. Танысу. «Есім және қимыл» жаттығуы (3 минут)

         Қатысушылар шеңберде тұрады. Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді  қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады. Ойын соңына дейін жалғасады

 

II.Топқа бөлу (3 минут).

Оқушылар ортаға шығып, себеттегі гүлдердің сабақтарында жазылған сөздерді  оқиды және әр түрлі гүлдер бойынша топқа бөлінеді.

v Мен өзіме сенімдімін

v Менің бүгінгі көңіл-күйім керемет

v Менің қолымнан бәрі келеді

v Мен өзіме сенемін

v Мен өз ата-анамды құрмет тұтамын

v Менің әр күнім қуанышқа толы

v Мен достарымды жақсы көремін

v Мен әрқашан көңілді жүремін

v Мен көптеген жетістіктерге жете аламын

v Мен сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын

ІІІ. Танымдық процестерін анықтауға арналған жаттығулар

1 тапсырма: Ойлау қабілеттерін анықтауға арналған жаттығу. (3 минут)

Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

ЕКМТПЕ// Жауабы: МЕКТЕП

НОФЕТЕЛ // Жауабы: ТЕЛЕФОН

УМЛАРОФ // Жауабы: ФОРМУЛА

ТІПАК //  Жауабы: КІТАП

ТРЕВИЗОЛЕ //  Жауабы:  ТЕЛЕВИЗОР

ЫРАНҚ //  Жауабы: ҚЫРАН

ШЛАҒЫРҚА //  Жауабы: ҚАРЛЫҒАШ

ЕРКТПЬОМЮ //  Жауабы: КОМПЬЮТЕР

ТУТЫЖАҒ // Жауабы: ЖАТТЫҒУ

ІМҰАҒЛМ // Жауабы: МҰҒАЛІМ

 

2 тапсырма: BUZZ (2 минут)    

  Бұл ойынды ойнату үшін оқушыларды шеңберге отырғызамыз.  Базз санын атайсыз бұл санға бөлінетін  барлық санды атауға болмайды. Мысалы 3 санын базз десек оқушы 3-ті және 3-ке бөлінетін санды атамай базз деп шапалақтауы шарт. 1, 2 базз 4, 5  базз …

3 тапсырма: Көру арқылы есте сақтау. (2 минут)

  Кемпірқосақтың суреті көрсетіледі (30 секунд). Жаңылмай ретімен естеріне сақталған түстерді жазу керек.  Кейін қайта жаңғыртады.

 

  1. «Басқарушының соңынан ер» би терапиясы (3 минут)
    Мақсаты: осы жаттығудың арқасында кішігірім топтағы қатысушылар басқарушы және бағынышты болуға мүмкіндік алады.
    Барысы: Үлкен топ 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.Әрбір топ бір сызық болып тұрады. Кез-келген қатардың бірінші адамы жетекші рөлін атқарады.
    Жетекші өзінің қиялына байланысты кеңістікте кез-келген жолмен жүре береді,сонымен қатар әр түрлі қимылдар жасайды.Қалғандары оның соңынан еріп отырып,оның қимылдарын қайталайды.
    Бірнеше минуттан кейін жетекші ең соңына барып тұрады да, келесі адам жетекші рөлін атқарады.Бұл жаттығуды қатысушылардың барлығы жетекші рөлін атқарып болғанша қайталана береді. Жаттығу ерекше және көңілді болуы мүмкін.
  2. Релаксация. «Шоколад» тренингі (3 минут)

Барлық қатысушыларға шоколад таратылады.

Шоколадты біруақытта қолданасыздар.

Баяу музыка қосылып тұрады.

Шоколадты ауыздарына салып, көздеріңізді жұмыңыз. Шоколадттың дәмі мен ароматын сезуге тырысыңыз. Шоколад ауыздарыңызда ақырын, ақырын  ери бастағанын сезініңіз.  Шоколад әртүрлі дәм береді, бастапқыда тәтті, содан кейін тұтқыр, одан кейін сәл ащы дәм сездіреді. Өмір де, осы шоколад тәрізді бірде қуаныш-қызықтан, бірде қиындықтан тұрады. Шоколадта тәтті дәм басым келеді, ол сізге керемет ляззат, қуаныш сезімін сыйлайды, көңіліңізді көтереді. Шоколадтың тәтті дәмін сезе отырып, жақсылық пен қуанышқа толы күндеріңіздегі бақытты сәттерді елестетіп көріңіз. Ол сондай тәтті, таңғажайып бақытты сәт. Сіз сол сәттерді әрқашан бағалайсыз, сол сәтті есіңізге алғанда әрқашан сіздің көңіл күйіңіз көтеріледі. Ал енді шоколадтың дәмін тағы сезіңіз. Біздің өміріміз бізге тек жақсылық пен қуаныш әкеледі.  Сондықтан өмірімізді қадірлейік, бағалайық, жақсы сәттермен толықтырайық.  

Көздеріңізді ашуға болады. Қандай сезімде болдыңыздар?

  1. «Сен ғажапсың!» марапаттау сәті (2 минут)

Психолог: Біз әртүрлі адамдарды кездестіреміз. Олардың ішінде кейбіреуі бізге ұқсайды, кейбіреуі ерекше болып көрінеді. Бірақ біз әрқайсысымыз ғажайып қайталанбас тұлға. Бүгінгі тренингтің аяғында мен сендерге «Сен ғажайыпсын!» медальдарды ұсынып отырмын. Сендер жеке тұлға екендеріңді, ғажайып адам екендеріңді ешқашанда ұмытпаңыздар.

  Рефлекция: Біздің жаттығуларымыз аяқталды. Сіздер бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді алдарыңызда тұрған смайликтер арқылы көрсетсеңіздер. (Екі-үш оқушының пікірін білу). Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!

 

ЕКМТПЕ  

НОФЕТЕЛ  

УМЛАРОФ 

ТІПАК  

ТУТЫЖАҒ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТРЕВИЗОЛЕ

ЫРАНҚ  

ШЛАҒЫРҚА    

ЕРКТПЬОМЮ 

ІМҰАҒЛМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Шоколад» тренингісі (3 минут)

Барлық қатысушыларға шоколад таратылады.

Шоколадты біруақытта қолданасыздар.

 

Баяу музыка қосылып тұрады.

 

Шоколадты ауыздарына салып, көздеріңізді жұмыңыз. Шоколадттың дәмі мен ароматын сезуге тырысыңыз. Шоколад ауыздарыңызда ақырын, ақырын  ери бастағанын сезініңіз.  Шоколад әртүрлі дәм береді, бастапқыда тәтті, содан кейін тұтқыр, одан кейін сәл ащы дәм сездіреді. Өмір де, осы шоколад тәрізді бірде қуаныш-қызықтан, бірде қиындықтан тұрады. Шоколадта тәтті дәм басым келеді, ол сізге керемет ляззат, қуаныш сезімін сыйлайды, көңіліңізді көтереді. Шоколадтың тәтті дәмін сезе отырып, жақсылық пен қуанышқа толы күндеріңіздегі бақытты сәттерді елестетіп көріңіз. Ол сондай тәтті, таңғажайып бақытты сәт. Сіз сол сәттерді әрқашан бағалайсыз, сол сәтті есіңізге алғанда әрқашан сіздің көңіл-күйіңіз көтеріледі. Ал енді шоколадтың дәмін тағы сезіңіз. Біздің өміріміз бізге тек жақсылық пен қуаныш әкеледі.  Сондықтан өмірімізді қадірлейік, бағалайық, жақсы сәттермен толықтырайық.

 

Көздеріңізді ашуға болады.

 

Қандай сезімде болдыңыздар?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *