МНЕМОТЕХНИКА – БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ҮШІН ТАБЫСТЫ ӘДІС
Балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу – бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес:
-сөздік қорының кемдігі;
-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
-дыбыстау кемшілігі;
-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?
Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:
– Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/
– «ЖИНАҚТАУШЫ»-сөйлеу материалдарын безендіру.
– жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б/-.
Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.
Мнемотехника – балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника – оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Мнемокесте – ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті, болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.
Мнемокестенің мазмұны – ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема – мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:
Сөздік қорын байыту үшін
Әнгіме құруға үйретуге
Көркем әдебиетті мазмұндауда
Жұмбақ жасыру және шешуде
Өлең жаттауда
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:
Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.
Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мысалы: түлкі-тоқсары геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш,шеңбер) аю – үлкен қоңыр шеңбер, т.б.
Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.
Педагогтарға арналған іскерлік ойын
«Мнемотехника әдісін қолдану»
Педагогтар үш топқа бөлініп отырады.
1.«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
2.Білген кісі – тауып айтады, білмеген кісі – қауып айтады.
3. Әліппенің ар жағы білім бағы
Мақсаты: педагогтарды мнемотаблицалармен, мнеможолдарды қолдана білуге үйрету.
Керекті құралдар: түсті қарындаштар. ақ қағаз.
Ойынның барысы:
1. Қазақстан республикам менің (үлгі)
Әйнегі күн
Шатыры аспан
Кең далам асқақ
Төсі толған егін,
Қазақстан республикам менің!
1. Жаз келді
Жайқалып жапырақ
Құлпырып қызғалдақ
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ. ( Жұбан Молдағалиев).
2. Көктем
Көктем келді күркіреп,
Жаңбыр жауады сіркіреп,
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
3.Қала
Баспалдақпен жүреміз
Қай қабатта үй, білемін
Пәтерімнің есігін
Өзім ашып кіремін.
4.Алматы қаласы
Жап жасыл ағашы
Қып қызыл алмасы
Ақ басты тауы бар
Алматы қаласы.
5.Тікірейіп құлақтары
Секеңдеп қоян жырақтағы
Үсті басы тікенек түрпі
Жолсыз жермен келеді кірпі
6.Көліктер
Ұшақ самғап ұшады
Көктің жүзін құшады
Кемелер суда жүзеді
Теңізге бет түзеді
2. Командаларға тақпақ оқылады.
Тақпақтың мазмұнына сай мнемокестелер жасауы тиіс. Өз таблицаларын оқып береді.
Көктем.
1. Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай – ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты
2. Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай – ау, алақай!
Көктем қандай, көктем қандай көрікті!
3. Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді
- Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай – ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты
2. Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай – ау, алақай!
Көктем қандай, көктем қандай көрікті!