«Әрқашан күн сөнбесін »
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «ҚМҰҚ»
Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін »
Апта тақырыбы: «Көңілді жаз»
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау,сандарды
салыстыру(4-5).Тәулік бөліктері.Сол жақта,ортасында,оң жақта
Мақсат: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету,кеңістіктегі қарым-қатынастар туралы(сол жақта,оң жақта,жоғарыда,төменде) түсінік қалыптасты-ру,әртүрлі арақашық-тықта орналасқан екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету,ба-лаларға 5 заттың сәйкестігін анықтауды және заттарды бес-бестен бір топқа біріктіруді үйрету.
Әдіс-тәсілдері:көрсету,сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекі құралдар : 1-5ке дейінгі сандар .Суреттер . Тәулік бөліктері.
Оқу іс әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық
қозғаушылық |
Қараңдаршы балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметімізге қонақтар келген екен сәлемдесіп алайық!
Шаттық шеңбері Армысың, шұғылалы алтын күн! Армысың, қайырымды көк аспан Күліп шықтты күн бүгін Қайырлы таң,достарым Қайырлы таң, Апайлар, Білесіңдерме бүгінгі қонақтар сіздерге не үшін келгенін? Сендердің қалай ойнайтындарыңды сабаққа қалай қатысатындарыңызды қарауға келді. Сабағымызды бастауға дайынсыңдарма?Менің қолымдар түрлі түсті шарлар бар. – Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады? -Көктем мезгілінде неше ай бар? |
Шаттық шеңберін орындайды ойынға қызыға қатысады.
Көктем. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды |
Ұйымдастырушылық ізденіс | -Балалар, мен бүгін бала бақшаға келе жатып, жолдан әдемі қорапша тауып алдым.Ол жай қорапша емес, сиқырлы қорапша екен. Ол қорапшаның ішіне аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Енді бізге сол аңдарға көмектесіп, сиқырлы қорапшадан шығарып алуымыз керек.
Ол үшін біз берілген тапсырманы орындайық.
Жұмбақ шешу. -Ендеше мұқият тыңдайық. 1 Сыбдыр шықса қашады, Қырдан бір-ақ асады . 2 Қыс бойы жатады, Тәтті ұйқыға батады . 3 Үй iшiн аралап, Түнде көп жортады. Қаптарды жарып, Мысықтан қорқады. 4.Қаймықпайды күштi аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (Пiл) 5 Қанжардай тісі бар, Суық үрейлі түсі бар. -Балалар, қараңдаршы, біз қанша аңды құтқардық? -Ал, қане, өзіміздің құтқарған аңдарымызды тура және кері санайықшы. 1 2 3 4 5 , 5 4 3 2 1. -Дұрыс. -Енді біз сиқырлы қорапшадан шыққан аңдардың тапсырмасын орындайық, оларда бізге тапсырма алып келіпті. Тапсырмаларды орындауға дайынбызба? 1 тапсырма.«Кім көп біледі ?». Қоянның тапсырмасы . «Математикалық жұмбақтар» -Қоянның тапсырмасын орындадық, енді келесі қай аңның тапсырмасы.
2 тапсырма Аюдың тапсырмасы
«Кеністікті бағдарла» Мына ағаштың оң жағында не бар? Сол жағында ше? Ал саңырауқұлақтың артында не тығылып тұр? Мына түлкі мен саңырауқұлақтың арасында не бар? -Аюдың тапсырмасын орындадық . -Біз қоян мен аюдың тапсырмасын орындадық, дем алу үшін сергіту сәтін жасайық – Сергіту сәті : 3. Тышқан тапсырмасы. «Тәулік бөліктері» Тақтада тәулік бөліктері көрсетілген. Тәрбиеші нұсқауымен сағат тілін пайдалану арқылы тәуліктерді ажырату.
– Біз тышқанның тапсырмасын орындадық ,енді келесі қай аңның тапсырмасы? 4.Пілдің тапсырмасы. «Доптарды жинастыр» Доптарды цифрмен сәйкестендіру.
5. Арыстанның тапсырмасы «Қанша-сонша» ойыны.Тақтада қанша бәйшешек болса,астына сонша құмыра қоюуымыз керек 6. «Дәптермен жұмыс» |
Қоян
Аю
Тышқан
Піл
Арыстан |
Рефлексиялық түзетушілік | Жарайсыңдар, балалар. Бүгін барлықтарын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Аңдарға көмектесу арқылы 1- ден 5 – ке дейінгі сандарды санауды, құрамын табуды үйрендіндер. Сабаққа өте жақсы қатысқандарыңыз үшін мадақтама бергім келеді
Балаларды мадақтау . |
өз өздеріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:1-5 ке дейінгі реттік санауды.
Игереді: Тәулік бөліктерін және салыстыруды игереді.
Меңгереді: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта,оң жақта,жоғарыда,төменде,арасында)