«Ата заңым-ардақты!» ертеңгілік
«Ата заңым-ардақты!»
Тақырыбы: «Ата заңым – ардақты!»
Мақсаты: Ата заң туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту.
Заңның өмірмен байланысын түсіндіру. Отанын қорғауға,
сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрпы,
салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа,
достыққа тәрбиелеу. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу
мәдениетін жетілдіру.
Көрнекіліктер: Қазақстан Мемлекетінің рәміздер, отан туралы, заң туралы мақал – мәтелдер буклеті,видеороликтер. т.б.
Тәрбиеші: «Ата заң»
Ата заңым,
Ата заңым – ардағым.
Аялаған адамзаттың арманын,
Жол бастайды
Болашаққа жасампаз.
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
Алтын заңда – Парасатым, пайымым,
Алтын заңда – күш қуатым, жалыным,
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер және қонақтар Конституция күніне арналған «Ата Заңым – ардақты» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ел тәуелсіздік кепілі – ҚР Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығына мәлім.
Конституция 1995жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баян етті.
Содан бері 30тамыз елімізде Конституция күні болып мерекеленіп келеді. Қазақстан мемлекетін қорғау бүкіл қазақ азаматының міндеті. Олар заңды сыйлап, құрметтеп жүруі тиіс.
ҚР – ң Ата Заңымызбен елдігіміздің белгісі – көк байрағымыз көкте желбіреп тұр, әнұранымыз әлемге шырқалып жүр,ал, елтаңбамыз елдігіміздің белгісі ретінде танылып жүр.
Тәрбиеші: 6 топ тәрбиеленушілерінен «Елтаңбасы елімнің» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Тәрбиеші: Ел тәуелсіздігімнің кепілі – Конституция күніне орай сөз кезегі балабақша директоры Жаңбыр Күнсұлуға беріледі.
(Директор сөз сөйлейді)
Тәрбиеші:
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан – жақты.
Ендігі кезекті балалардың «Ата заңымызға» арнап айтар тақпақтарына береміз.
Мерей: Ата Заңым! Арман әнім.
Сенен асқан бар ма бағым.
Жалғыз саған байланысты
Елінде еркін самғаған.
Бекзат: Ата Заңым! Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жансақ бассақ жолға салып
Тәубаңды еске алдыратын.
Салтанат: Бақытты болып жүргенім,
Сенің арқаң Ұлы Отан.
Елім менің тірегім
Құшағында гүл атам.
Сая: Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен Отан.
Инайа: Туған елім гүл елім
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім.
(Есік қағылып, қонақ келеді – Кітапханашы)
Қолында бірнеше кітабы бар.
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе, сіз кімсіз?
Кітапханашы: Сәлеметсіз, мен аудандық кітапханадан келдім. Есімім Айнұр Жалғасқызы. Осы балабақшада «Ата заңымызға» арналған мерекелік ертеңгілік болып жатырғанын естіп, менде балаларға мәлімет айтып, сұрақ қойып, сұрағыма мардымды жауап алсам, сыйлықтар үлестірмекші ниетім бар.Егер сіздерден рұқсат болса?
Тәрбиеші: Әрине рұқсат. Біз қуана – қуана тыңдауға әзірміз.Солай ма балалар?
Балалар: Ия тыңдауға дайынбыз.
Кітапханашы: Жақсы.
Балалар, біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен ойрандалған емес. Конституция – Қазақстан республикасының негізгі заңы Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент.
– Біз қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында.
–Ал, біздің Президентіміз кім?
– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
– Бәйтерек мұнарасы қай қалада орналасқан?
– Астана қаласында
– Біздің ұлтымыз кім?
– Қазақ
– Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Кітапханашы: Сендердің жауаптарың менің көңілімнен шықты.Сендерге арналған сыйлығымды ертеңгілік аяқталған соң таратып беремін.Келістік пе?
Балалар:Ия келістік
Тәрбиеші: Сізге көп рахмет. Көптеген мәліметтен құлағдар болдық. Ендеше бізбен бірге біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Ендігі кезекті ата заңымызға арналған «Ата заңым» деп аталатын керемет әнге береміз.
Ән: «Ата заңым»
Тәрбиеші: Біздің балаларымыз тек ән айтып қана қоймай, биді де өте керемет билейді. Бәріміз бірге Қазақ биін тамашалайық.
Би: Қазақ биі
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы, Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
– Әнұран, елтаңба, туымыз бар.
– Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар. Айбынды елтаңбамыз бар, мағыналы әнұранымыз бар.
(слайд арқылы түсіндірілім)
-Қане балалар, қонақтарымызға рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.
Жансезім: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Қалқаман: Отан –деген атамекен
Отан –деген туған жер
Отан ана, Отан пана
Қазақстан туған ел!
Мирас: Көк аспанда жас қыран
Көк аспанда қызыл қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан
Тәуекел: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар.
Көрініс:
Үш бала асық ойнап жүр: Тәуекел, Мерей,Бекзат.
Тәуекел: Бекзат сен бізбен ойнамайсың!
Бекзат: Неге?
Мерей: Сенің киімің жыртық, мамаң еден жуады, папаң жұмыс жасамайды, сен кедейсің.
Мерей: Ал менің папам боксер, ешкімнен қорықпайды, ал мамам саудагер, біз үлкен үйде тұрамыз, біздің үйде бәрі бар.
Тәуекел: Менің анам да, әкем де бастық, үлкен үйіміз бар, машинамыз бар, ал сенде ештеңе жоқ!
(Екеуі баланы ұрады, ол жылайды)
Заңгер: Тоқтатыңдар! ҚР -сы заңына сәйкес басқаға күш көрсетуге,оған қатал қарауға, кемсітуге,ренжітуге ешкімнің құқы жоқ.
Тәрбиеші: Балалар , сендер бұндай бұзық болмаңдар. Еліміздің ата заңын сақтап, әдепті болыңдар,үлкенді сыйлап,кішіге кішіпейіл болыңдар, Жарай ма?
Балалар:Ия жарайды
Тәрбиеші: Өте жақсы. Жарайсыңдар. Ендігі кезекті егеменді елімізе арналған «Тәуелсіз елдің ұраны» атты әнімізге береміз.
Ән: «Тәуелсіз елдің ұраны»
Би: «Тамшы»
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, ендеше бір сәт экранға назар аударайықшы.
(көрнекі тұлғалардың құттықтауы- видеоролик)
Қане – қонақтарға, бір –бірімізге, Отанымызға арнап бізде жылы тілектерімізді айтайық.
Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз гүлге толсын!
Елбасымыз аман болсын!
Заманымыз тыныш болсын!
Балабақша гүлдене берсін!
Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
– Өте жақсы тілектер екен, балалар!
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, қонақтар! Сіздерді тағы да ата заңымыз қабылданған «Конституция күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!