Мен таңдаған мамандық

Арғанат Айдана 

Алматы облысы Қапшағай қаласы

3 орта мектеп 11 сынып оқушысы

 

 

Журналистика-әрі кәсіп,әрі-міндет.Шындығына келгенде адамның өзіне, көзіне қарамай ақиқатты, заман сипатын тайға таңба басқандай айтатын мамандық иесі журналист болғым келеді. Журналист бола жүріп, қарапайым қара халыққа,бұқараға шынайы ақпараттарды жеткізіп отыру міндетін алғым келеді . Журналист-әділдікті ту етіп,інжу-маржан сөздерім өткір болса деймін.Бұл мамандық қайталанбайтын дара тұлға,абыройы биік,жаны таза,ерекше жаратылыс иесі.Мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуде,шешендік өнерді насихаттау жолында атсалыссам деймін.Сонымен қатар ұлтжанды,әдебиетті сүйетін,шөлімізді басатын,азаматтық,бақыт жайлы шертетін тақырыпта тікелей хабар жүргізуге күш саламын.Қазағымның жыр-термелеріне шашу жасап,алтын қазынасы,құнды дүниелерін насихаттаймын.Бұлақтың суындай мөлдір,ақ маңдайы жарқыраған,мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың өмір-тіршілігі,ұстаздардың қуанышы жайлы ақпарат көздерінде жазсам деймін.Отанын сүйетін,тарихын ұрпаққа дәріптейтін тұлға болғым келеді . Мен мектеп табалдырығын аттаған сәттен әдебиет пәніне құштарлығым арта қоймады . Уақыт өте  10 сыныпқа қадам басқан сәтте әдебиет пәні мұғалімі Гүлбаршын апайдың оқушылары қатарына қосылдым  . Сол сәттен әдебиетке деген көзқарасым түбегейлі өзгерді . Гүлбаршын апайдың “Орындаушы болма , орындатушы бол ! ” деген сөзі өмірімнің өзгеруіне үлкен толқыныс алып келді . Тамыры тереңге тараған осындай мамандыққа түсу сол сәттен келген арман және мақсат.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *