Баспасөздегі сөз бостандығы

Айдана Арғанат

 

Тәуелсіз Қазақстан қазіргі таңда демократияға бағыт ұстанған мемлекет. Халықаралық қауымдастық шеңберінде қабылданған мемлекетаралық екіжақты, көпжақты халықаралық-құқықтық келісімдердің қатысушысы болып келеді. Сонымен қатар, қоғамның сан-саласын халықаралық деңгейде дамыту мақсатында халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс құруда. 1992 жылдан бері мүшесі болып табылатын Қазақстан үшін ЕҚЫҰ принциптерін ұстану ерекше маңызды. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, саммит нәтижесінде Астана Декларациясы қабылданды. Декларацияда: «Біз адам құқықтары мен бостандықтары бір-бірінен ажырамайтынын, оларды қорғау және қолдау біздің басты міндетіміз екенін қайта растаймыз. Біз адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, демократияны, әділ сайлауды, заңның ұлықтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін азаматтық қоғам мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары атқаратын маңызды рөлді бағалаймыз»  деп бекітілген.

 

Өкінішке орай, ЕҚЫҰ-да төрағалық Қазақстанды сөз бостандығын нығайтуға ынталандырмаған сияқты. Freedom House құқық қорғаушы ұйымы 2014 жылдың 23 қаңтарында әлемнің 195 мемлекеті мен 14 даулы аумақтардағы сөз бостандығы ахуалына байланысты жыл сайынғы баяндамасын жариялады. Әрбір мемлекет пен аумаққа саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтар сияқты екі категорияда 1 (ең жақсы) мен 7 (ең нашар) арасындағы рейтинг беріледі. Бұл категориялар 25 нақты көрсеткіштерді қамтиды, нәтижесінде мемлекет тәуелсіз бе, ішінара тәуелсіз немесе тәуелсіз емес деген бағалар беріледі. Жалпы алғанда 54 мемлекетте саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтар саласында жағдай нашар екендігі анықталды, ал 40 мемлекет өз деңгейін жақсартқандығын көрсетті. Аталған ұйымның соңғы зерттеулері бойынша сөз бостандығының әлемдік жағдайы сегіз жыл қатарынан төмен көрсеткішті көрсетуде. Бұның бір себебін ұйым президенті Дэвид Крамер былай түсіндіреді: «Қытай мен Ресейді қоса алғанда, өктемшіл мемлекеттер көрші мемлекеттеріне үстемдік көрсетеді және өз ішінде репрессияларды күшейтуде» [1, С, 2]. Ұйым құқыққорғаушыларының пікірінше, «Еуразиялық субаймақтың» мемлекеттеріне қосарланған стандарттар қағидасы маңызды, ол дегеніңіз, халықаралық қатынастардың деңгейі мемлекеттің энергоресурстық байлықтарымен байланысты болуы. Баяндамада жыл бойында күрт төмендеген – Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан –үш мемлекет, сөз бостандығын шектейтіні, бірақ табиғи газ және мұнай қорлары демократиялық үкіметтер тарапынан сынға ұшыраудан құтқарып келетіні баса айтылған . Ал саяси құқықтар бойынша ең төмен көрсеткішті көрсетіп, репрессивті құрылыстағы мемлекеттер қатарына Беларусь, Түркіменстан мен Өзбекстан кірді

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *