Біз әрқашан біргеміз!

Айтжанова Фариза Скиндрқызы

Атырау қаласы

Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзеу) мектеп-интернатының педагог-психологы

Айтжанова Фариза Скиндрқызы

            Сабақиың тақырыбы: «Біз әрқашан біргеміз!»

Сабақтың мақсаты: оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, бірін – бірі кеңірек танып білуге, эмоциялық тепе-теңдікті қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.

Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, слайд ,төсбелгі,үлестірмелі смайликтер, доп.

Тренингтің құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.

 

  1. Амандасу «таныстыру» жаттығуы.
  2. «Доп лақтыру»
  3. «Ормандағы ағаштар» ойыны
  4. «Біріккен шарлар»
  5. Үй жануарлары
  6. Көз жаттығуы
  7. Тыныштық сәті
  8. «Смайлик арқылы көңіл-күйді» анықтау
  9. Видеоролик «Қызыл өрік»
  • «Ха» жаттығуы

 

IV  Қорытынды

Құшақтасу жаттығуы

 

ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау 

– Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» – ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады.

ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 

Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

  1. Тренингке белсенді қатысу.
    3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
    4. “Басынан” “Аяғына” дейін жұмыс жасау.
  2. Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.

Визиткада жазылған есімдерімен таныстыру

 

  1. «Доп лақтыру» жаттығуы. (Бірінші адам қасындағы адамға сұрак қояды қалайсың сенің көңіл-күйің қалай, Елбасының аты-жөні кім?сенің достарың көп пе, достарыңның аты кім, жасың нешеде, нешінші сыныпта оқисын, апайыннын аты кім ?, т.с.с.)

 

  1. «Ормандағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. . Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.Алдыңғы тұрған тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет. Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады… . Көп ұзамай …. көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

 

  1. Біріккен шарлар

 Бөлменің ішінде арлы-берлі жүреміз, берілген белгі бойынша ортага жиналамыз

  1. Үй жануарларын және олардын даусын анықтау мақсатында слайд жүргізу
  2. Көз жаттығуы.

 Шынтағымызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен көздлеріңізді жабыңыз. Жаттығу ұзақтығы-5 минут. Осы жаттығуды күніне 2-3 рет қайталаңыз. Алақаныңыздан тараған жылу мен қараңғылық көздеріңіздің шаршауын басады.

  1. Тыныштық сәті 2 мин (әуен жүреді)

Көзімізді жұмамыз. Жаттықтырушы сөйлейді.

Сендердің жүректерің – сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, қане, жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-апаларымызға, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

– Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

  1. Смайлик салу Көңіл-күйді анықтау

Слайдта СМАЙЛИКТЕР корсетіледі және оқушыларға дөңгеленіп қиылған қағаз бен пламастерлер таратылады, әр оқушы өзінің көңіл-күйін қағаз бетіне түсіру қажет.

  1. 9. Оқушылар, слайдта «Қызыл өрік» өлеңіне бейнежазба жүреді, сол арқылы бәріміз бірге жаттығу жасаймыз.

 

  1. «Ха» жаттығуы

Екі қолды жоғары көтерип кайтадан тусиру керек, тусирген кезде ха деп айтылады , 2-3 рет кайталайды.

 Қорытынды

  «Құшақтасу» жаттығуы   

Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату.

Қатысушылардың біріншісі біреуін құшақтайды, екіншісі ол екеуін, үшіншісі

ол үшеуін солай жалғаса береді,

Бәріміз бірге: БІЗ ӘРҚАШАН БІРГЕМІЗ!

  

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *