Қысқа мерзімды жоспар “Жасанды интеллект”
Бөлім: 11.1А Жасанды интеллект
|
Колледж: Қарағанды тау- кен индустриалдық колледжі, Қарағанды қаласы | ||
Күні: | Дайындаған педагог: Абикаева Г.А. | ||
Курс: 1
Оқу жылы: 2020- 2021 Топ: КИП- 1- 20 |
Қатысқандар: 15 | Қатыспағандар: 0 | |
Сабақтың тақырыбы | Жасанды интеллект | ||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) | 11.3.4.1. машина оқыту, нейрондық желілер (нейрондар және синапстардың) қағидаттарын түсіндіру | ||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: жасанды интеллект (нейрондар және синапстардың) қағидаттарын сипаттау
Көпшілігі: жасанды интеллекттің адам қызметінің әртүрлі салаларында қолданылуын зерттеу Кейбіреуі: жасанды интеллекттің артықшылығы мен кемшілігін салыстыру |
||
Бағалау критерийі
|
машиналық оқыту, нейрондық желілер (нейрондар және синапстардың) қағидаттарын түсіндіреді
жасанды интеллекттің әртүрлі салада қолданылу қырларын, қазіргі әлемде жасанды интеллект қолдану мүмкіндігін сипаттайды жасанды интеллектті салыстырады |
||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән арнайы лексика және терминология
Жасанды интеллект, зияткерлік жүйе, нейрондық желі, нейрон, синапс; Сұхбат/жазылым сөз тіркестер сериясы Жасанды интеллекттің негізгі бағыттарына … жатады. Жасанды интеллектті білім беруде (экономика, өндіріс, ойын индустриясы) қолданудың мысалын қарастыруға болады Нейрондық желінің артықшылығы – бұл … Жасанды интеллектті қолдану салаларын түсіндіру; Жасанды интеллекттің өндірісте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда қолдану аясын сипаттау. |
||
Құндылықтарға баулу | Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда еңбек пен шығармашылық- өз жұмысын ұйымдастыру қабілеті, белсенділік, бастамашылық, адал ниеттілік, жұмысқа деген құштарлық, ең жоғары нәтижеге қол жеткізу, адалдық, ынталылық дағдыларын қалыптастырады.
Ынтымақтастық- ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдармен келісілген, жөнге салынған жұмыс жасауға талпыну, оларға қолдау және көмек көрсетуге дайындық, сенімді дамытады. |