XXI — ғасыр көшбасшысы

XXI —  ғасыр көшбасшысы

«Дәуірге тең дара дәурен»

Сайыстың барысы:

1.Ұйымдастыру: сәлемдесу, сайыстың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.

  1. Жарыс ұйымдастыру
  2. Жеңімпазды анықтап, құттықтау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:құрметті әріптестер, оқушылар, Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған XXI – ғасыр көшбасшысы «Дәуірге тең дара дәурен» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 8,9,10-сынып оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділ қазы ортамызда,

Сізге құрметпен қол соғылады.

Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Бәйге». Бұл кезеңде Астананың тарихына байланысты ауызша сұрақтар қойылады.

2-кезең. «Өнерпаз болсаң». Астана туралы әндер қосылады. Қандай ән екенін, орындаушысы кім екенін табу.

3-кезең. «Көрмеге саяхат». Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысты сұрақтар қойылады.

4-кезең. «Сен білесің бе?». Экраннан Астананың көрікті жерлері көрсетіледі. Атын атап және қысқаша мәлімет беріп кету керек.

5-кезең. «Жорға». Ақтық сынға шыққан екі оқушы жылдамдық таныта отырып сұрақтарға жауап береді.

Сәт-сапар тілеп бәріңе,

Сайысты біздер басталық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып – деп біз ойынымызды бастаймыз.

  1. I. «Бәйге»

1) Астана күні қашан? (6 шілде)

2) Қаланың іргетасы қашан құрылды? (1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады)

3) Қаланың аумағы қанша километрді алып жатыр? (722 км2)

4) Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы  кімге тиесілі? (Нұрсұлтан Назарбаевқа)

5) Астана қаласы қай өзеннің алабында орналасқан? (Есіл өзені)

6) Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? (1994 жыл 6 шілде)

7) Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? (1997 жыл 10 желтоқсан)

8) Ақмола атауы Астана болып қашан өзгертілді? (1998 жыл 6 мамыр)

9) Астана ЮНЕСКО шешімімен  «әлем қаласы» атағын қашан алды? (1999 жылы)

10)  Астана қаласының тұрғындар саны қанша? (890 мыңға жуық)

11) Қала неше ауданнан тұрады? (3 аудан: «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл»)

12) Астана қаласының әкімі кім? (Әсет Исекешев)

13) Астана сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (киелі орын, босаға)

14)Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына қашан кірді? (1998 жылы)

15) Астанадағы ең басты қатынас жолы? (Республика даңғылы)

  1. «Өнерпаз болсаң»

1) Нұр Астана – Алтынай Жорабаева

2) Астана – Қайрат Нұртас

3)Астана – махаббатым менің – Арнау дуэті

4)Астана — Луина

5)Астана аспаны – Маржан Арапбаева

III. «Көрмеге саяхат»

1)EXPO-2017 халықаралық көрмесінің өту мерзімі? (10 маусым – 10 қыркүйек аралығында)

2) Көрменің тақырыбы қандай ? (Болашақ энергиясы)

3) Көрмеге қанша мемлекет қатысты? (115 мемлекет)

4) Қанша халықаралық ұйым қатысты? (22 ұйым)

5) ЭКСПО 2017 иесі Астана қаласы болатыны қашан және қай жерде белгілі болды? (2012 жылы 22 қарашада Париж қаласында)

6) Көрмені өткізу құқына ие болу үшін Астана қай қаламен дауысқа түсті? (Бельгияның Льеж қаласымен)

7) Көрменің символдары қандай?  (Қуат, Мөлдір, Сәуле)

8) Көрмеде алты сағат ішінде қуатталып, 30-40 км қашықтыққа қала ішінде жүруге арналған «болашақтың автобусын» ұсынған мемлекет? (Беларусь мемлекеті)

  1. «Сен білесің бе?»

Экраннан Астананың көрікті жерлері көрсетіледі. Оқушылар қандай жер екенін табады.

  1. «Жорға»

1) Есіл өзенінің сол жағында орналасқан, жаңа астананың символы болып тұрған биіктігі 97 м болатын ғимарат. Ол – Астананы құс ұшатын биіктіктен көруге мүмкіндік береді. (Бәйтерек монументі)

2) Әлемде теңдесі жоқ , ішінде акула, сегізаяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. («Думан» ойын-сауық орталығы)

3) Есілдің сол жағалауында орналасқан бұл ғимараттың алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады. («Нұр Астана» мешіті)

4) Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап, адамзатқа шапағат сыйлайтын , ұшарбасы алтын күнге ұмтылған, алыстасаң аласырап, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең жан дүниең мейірленетін бұл ғимараттың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысымен достыққа адалдығын көрсетеді. ( Пирамида )

5) 2010 жылдың 6-шілдесінде Астана күніне орай ашылған ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы. Әлемдегі ең үлкен шатыр. (Хан Шатыр)

6) Құрлықтық Хоккей Лигасында өнер көрсететін елордалық «Барыс» хоккей клубының жаттығатын мұз алаңы. Спорт кешені 2015 жылдың 8-тамызында ашылды. ( Барыс –Арена )

Әділ-қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау .

Мақтанамын кең-байтақ елім үшін,

Құнарлы мол шырынды жерім үшін.

Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,

Тілеймін , туған жер, пейілім шын – дей келе тәуелсіз елімізге лайықты еркін де шығармашыл, алғыр, білімді ұрпақ болып өсіңдер. Тәуелсіздігіміз баянды, Астанамыз мәңгілік болсын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *