Power Point бағдарламасында анимация және анимация эффекттерімен жұмыс.

Ақмола облысы

Астана қаласы

Көлік және коммуникация колледжі

Информатика

Оспанова Венера Абдикадыровна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақты өткізу жоспары

 

Өткізілу күні: 19.04.2018ж

Өткізілу орны және уақыты: 212 каб. 11:10

Тобы: 1ЭМ-217

Пәні: Информатика

Тақырыбы: ТЖ№24. Power Point бағдарламасында анимация және анимация эффекттерімен жұмыс.

Мақсаты: Power Point бағдарламасында анимациямен жұмыс жасау командаларын  меңгеру.

Білімділік: Презентацияда эффектерді безендіру әдістерін үйрету арқылы теориялық білімдерін практикалық жұмыста тиімді пайдалана білуге баулу.

Дамытушылық: Презентацияға арналған графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

 

Педагогикалық технологиялары: Деңгейлеп — саралап оқыту, ұжымдық- топтық оқыту  технологияларының  элементтері.

 

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Оқыту әдістері: Жинақтау және жүйелеу сабағы

Көрнекі құралдары: Слайд, проектор, үлестірмелі материал.

Пәнаралық байланыс: Компьютерлік график

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу(аудитория тазалығын тексеру)

2.Кезекші есебін тыңдау және студенттердің  назарын  сабаққа  аудару

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

4.Студенттерді сабаққа даярлау.                                                      1 мин                                                                                                                                                                                                                                                        

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Білгенге маржан» сұрақ-жауап                                                        11 мин                                                                         

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

А) Презентация бойынша                                                                           10 мин                           

 

  1. Сергіту сәті:                                                                         2 мин.

 

  1. Тәжірибелік жұмыс  30 мин                                                                                                       

      1)Тапсырма

      2)Тапсырма

 

  1. Сөзжұмбақ             10  мин

 

  1. Сабақты «Тест сұрақтары» арқылы бекіту:                                7 мин

 

  1. Рефлексия

Түсінбедім…

Қажетті деңгейде түсіне алмадым….

Барлығы түсінікті болды…….                                                                      2 мин

           

  1. Сабақты қортындылау және бағалау 5 мин

 

  1. Үйге тапсырма 2 мин

М.Қ. Байжұманов; Л.Қ. Жапсарбаева «Информатика»

152-163 бет

 

 

 

 

 

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі және сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Power Point бағдарламасында анимациямен жұмыс жасау командаларын  меңгеріп, презентацияда эффектерді безендіру әдістерін үйрету арқылы теориялық білімдерінді  практикалық жұмыста тиімді қолдану.

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Білгенге маржан» сынағы

 

  1. Слайд дегеніміз — тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді жене гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект.

 

  1. Презентация жасағанда мынадай ұсыныстарды ескеру керек —
  • презентацияны алдын ала жоспарлау — оның мақсаты мен жалпы мазмұнын анық білу;
  • әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек;
  • слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн;
  • импортталатын бейне пішімін таңдағанда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру;
  • кескіндегі объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;
  • фотокескінді редакциялау үшін арнайы программаларды қолдану тиімді
  • слайдты безендіру үшін кереғар және үйлесімді түстерді таңдау;

 

  1. Р.Р. — та көрме дегеніміз -компьютерге әзірленген слайдтар жиынтығы.

 

  1. Шаблонмен жұмыста слайдтар үшін мынадай элементтер белгілейді –
  • өң түсін;
  • жалаушалар мен нөмірлер мәндерін;
  • тақырыптың түсі мен өлшемін;
  • негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;
  • гиперсілтеме түсін;
  • өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін.

 

  1. Бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп тұрады, себебі-ол слайд мұқабасы.

 

Компания президенті жаңа жұмысшыларымен сөйлесіп, компанияның жаңа мүмкіндіктері мен таныстырып өтеді. Келесі сынақтар осы мүмкіндіктерге байланысты болады. Алдағы уақытта, сынақтардан өтуге сәттілік тілеймін.

  1. Слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін қандай пернені қолданады? <Esc> пернесі
  2. Слайдтың мазмұндық бөлігінде не жазамыз? Қызықты суреттер, сызбалар және пәрмендермен безендірілген слайд –жобаның мазмұндық бөлігін ашады
  3. Слайдтарды қараудың неше режимі бар?

Слайдтар режимі (режим слайда)

Құрылымдық режим (режим структуры)

Слайдтарды сұрыптау (режим сортировщика слайдов)

Бетке ескертпе жазу режимі (режим страниц заметок)

Слайдтарды көрсету режимі (режим показ слайдов)

  1. Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа 2 түрлі тәсіл арқылы қолдануға болады. Олар қандай?

Олар алдын ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру.Ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып, одан кейін көркемдеу болып табылады.

 

  1. Жаңа  тақырыпты  түсіндіру.

 

 

Сергіту сәті:: «Мадақтау

»

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту,сөз құрастыра білу.

Әр адамның бас әрпіне байланысты,сын есімді жақсы сөздер айтылу керек.Мысалы: Дариға-дарынды,Шұға-шыдамды.

 

  1. Тәжірибелік жұмыс «Кім жүйрік» сынағы
  2. Тапсырма. Қуыршақты анимация арқылы киіндіру.

 

2. Тапсырма. Фигуралардың 3Д эффктісін шығару.

 

  1. Сөзжұмбақ: «Кім ойшыл»

 

  1. Сабақты «Кім шапсаң» тест сұрақтары арқылы бекіту:  

                                                 

  1. Рефлексия: Бағдаршам

Түсінбедім…

Қажетті деңгейде түсіне алмадым….

Барлығы түсінікті болды

 

  1. Сабақты қортындылау және бағалау

 

  1. Үйге тапсырма

М.Қ. Байжұманов; Л.Қ. Жапсарбаева «Информатика»

164 -173 бет

  1. Анимация әсерлерін баптауды оқып келу.
  2. «Менің қызығушылығым» тақырыбына презентация құру.

 

 

 

 

Оқытушы:_____________Оспанова В.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы «Білім басқармасы»

«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

 

 

бекітілді                   

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

______________ Л.И. Матвеева

 

 

 

 

 

 

 

Ашық  сабақтың әзірлемесі

 

Тақырыбы: «POWER POINT БАҒДАРЛАМАСЫНДА АНИМАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭФФЕКТТЕРІМЕН ЖҰМЫС»

пәні: «ИНФОРМАТИКА»

 

 

 

Оқытушы:Оспанова Венера

(аты-жөні)

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы мәжілісінде

қарастырылды және мақұлданды

Хаттама №  «__» _____2018 ж

Кафедра меңгерушісі: Кусайынов С.А.

(меңгерушінің аты-жөні)

 

 

 

 

 

 

Астана, 2018

 

 

 

ХАТТАМА

«Информатика» пәні бойынша

 АШЫҚ САБАҚТЫҢ ТАЛДАУЫ

Сабақ тақырыбы: «Power Point бағдарламасында анимация және анимация эффекттерімен жұмыс »
Оқытушы: Оспанова В.А.                                                           Күні: 19.04.18ж.

Тобы:  1ЭМ-217

  1. Хайруллаева С.М.
  2. Серикова А.А.
  3. Канапина А.М
  4. Амангельдинова Ж.

 

 

 

Хайруллаева С.М.     – Жоспар бекітілген және дұрыс құрастырылған. Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақ тұрпаты сәйкес келді. Оқытушы алдына қойған мақсатына жетті. Оқытушы сабаққа қорытынды жасады, оқушылар бағаланды. Барлық көрнекіліктер бар. Сабақ өте қызықты әрі әсерлі өтті.

 

 

Канапина А.М. Өзіндік жұмыстар атқарылды. «Білгенге маржан» бойынша әр топқа әр түрлі сұрақтар қойылды. Көрнекіліктер жеткілікті. Оқушылар белсене қатысты. Оқытушының педагогикалық шеберлігі, сабақ жоспарын толық жасауы, түсіндіруі жақсы. Сабақ жоспар бойынша орындалды. Өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

 

Серикова А.А. – Мұғалім теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра білді. Оқытушы алдына қойған мақсаттарына жетті. Оқытушы сабаққа жасаған көрнекілік құралдары тартымды құрастырылған. Оқытушының даусы ашық-жарқын, сөйлеу мәнері жоғары деңгейде. Оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Оқытушы сабаққа қорытынды жасады, оқушылар бағаланды.

 

Амангельдинова Ж.  – Сабақ өз мақсатына жетті. Көрнекіліктер жеткілікті болды. Оқытушы өзін-өзі ұстауы, оқушылармен жақсы қарым-қатынасы жоғары дәрежеде болды. Оқушылардың сабаққа белсене отырып қатысты. Компьютермен жұмыс жасағанда оқушылар теориядан алған білімдерімен ұштастыра отырып жақсы жасады. Оқытушы сабаққа қорытынды жасады, оқушылар бағаланды.

 

 

                     Хатшы                                Сванова Г.Б. 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *