MS Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік

Сейсенова   Асем  Оразбекқызы

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға Microsоft Еxcel электрондық кестесі жайында толық түсінік бере  отырып, пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру

Білімділік: Оқушыларға Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру

Дамытушылық: Студенттердің ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылар Microsoft Excel электрондық кестесін құра білуді есте сақтауға      тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, модульдік оқыту  технологиясы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,   оқу құралдарын реттеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Кестелерді даярлау
  3. Кестелерді форматтау

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік

  1. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
  2. Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымы

Microsоft Еxcel- 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. IBM қомпьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа.   Microsоft Еxcel электрондық кестесімен танысамыз. Электрондық кесте деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу;
  2. Түрлі түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу;
  3. Оптимизация есептерін шығару ;
  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу, табу;
  5. Графиктер мен диаграмаларды тұрғызу;
  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы қатарлар мен бағаналардан тұрады Қатарлардың максималдық саны – 65536, ал бағаналар саны – 256.

Кез келген бағана мен қатардың қиылысу нүктесінде тұрған тор ұяшық деп аталады, ол ұяға мәліметтер енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны 16 777 216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32000 символ енгізуге болады.

Excel програмасын іске қосу: Excel программасын іске қосу үшін Іске қосу( Пуск) – Программалар (Все программы) – MS Office – MS Excel немесе жұмыс терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контексттік менюді шақырамыз, пайда болған контексттік менюден Создать – Лист MS Excel командасын орындаймыз. Excel- ді іске қосу үшін онымен байланысқан шарт белгіні тауып тышқанды сырт еткізу қажет. Ол іске кіріскенде терезе шығады. Енді осы стандартты терезе элементтерін қарастырайық

MS Excel электрондық кестесі терезесі келесідей терезе элементтерінен тұрады:

Жоғарғы қатар – басқару батырмалары орналасқан терезе тақырыбы

Екінші қатар- Excel меню қатары

Үшінші және төртінші қатарлар – стандартты және форматты саймандар панелдері.

Бесінші қатар- енгізу, түзету қатары немесе формулалар қатары.

Бесінші қатардан соңына дейін электрондық кестенің жұмысы парағы орналасқан. Жұмыс парағындағы қатарлар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі қатары қалып- күй қатары. Төменгі қатардан сол жақ шетінде Еxcel жұмыс режимдерінің индикаторы орналасқан.

Excel менюмен жұмыс істеу: Меню жүйесін екпінді етіп іске қосуда әдеттегідей стандартты тәсіл қолданылады ол үшін Word-дағы сияқты Alt не F10 пернесін басу жеткілікті. Сол сәтте меню қатарындағы бір сөз теңбілденіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады Enter пернесін басқару керек. Меню командасын орындамай іс әрекеттер жұмысын доғару үшін Еsc пернесі басылады

Word редакторындағыдай мұнда да орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз

Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық:

Қатар нөмері – электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмері

Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын белгілейді Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып түрады

Бағаналар А-Z содан соң AA-AZ одан кейін BA-BZжане т.с.с болып белгіленеді.

Ұяшық– электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі . Әрбір ұя немесе тор бағана әрпі мен қатар нөмірінен түратын адреспен анықталады. Мысалы: В3-В бағанасы мен 3 қатардың қиылысындағы ұящық дегенді білдіреді.

Ұя сілтемесі көрсеткіші – жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты теңбілтор таңба. Теңбілтор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады. Ағымдағы ұя – теңбілтормен белгіленіп тұрған ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп келісім бойынша мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс- әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді .

Блок- ұялар жиыны, аумағы, тіктөртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны .Ол бірнеше ұядан толық қатардан бағанадан немесе тіктөртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Мысалы: В13: D19 блогы -бұл В13-D13-D19-B19 торларымен шектелген ұялар жиыны. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанның (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан(16 парақ) тұратын кітап тәрізді.Экранда тек бір парақ- кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде қалған кітап беттерінің нөмірлері жарлық ретінде белгіленеді. Тышқан курсорының сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашу, көру мүмкіндігі бар.

MS Excel-де құжаттарды сақтау WORD бағдарламасындай жүреді. Яғни Файл – Сохранить немесе Сохранить как командасын орындау арқылы.

MS Excel электрондық кестесімен жұмыс аяқтау үшін меню қатарынан Файл – Выход командасын орындау арқылы немесе тақырып жолағында орналасқан жабу батырмасын басу арқылы. Пернелер комбинациясын басу арқылы – Alt + F4.

  1. Бекіту.  «Сен – маған, мен – саған» ойынында оқушылар смайликтер

арқылы сұраққа жауап алу.

  1. Microsoft Excel бағдарламасы кай жылы, кім ойлап тапты? (1979ж Бэн және БОБ)
  2. Электрондық кесте сөзінің термині? (кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді)
  3. Электрондық кестенің жұмыс аймағы нелерден тұрады? (Қатарлар мен бағаналардан тұрады)
  4. Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы қандай? ( Ғылыми зерттеу істерінде әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді)
  5. Қатарлардың максималдық саны қанша? (65535 қатар)
  6. Бағаналардың максималдық саны қанша?  (256 бағана)
  7. Бағаналар мен жолдардың қиылы не деп аталады?  (Ұяшық)
  8. Жоғарғы қатар қатар қалай аталады? (басқару батырмалары орналасқан терезе тақырыбы)
  9. Екінші қатар қалай аталады? ( Excel меню қатары )
  10. Үшінші және төртінші қатарлар қалай аталады?( стандартты және форматты саймандар панелдері)
  11. Үйге тапсырма: MS Excel электрондық кесте туралы оқу,  А1, В1, С1, D1 ұяшықтарына бағаналардың атын яғни мәтін енгізіп үйреніп келу.
  12. Бағалау.   Оқушыларды   бағалап, бағаларын естірту, журналға қою

 

Түркістан  облысы
Созақ ауданы, Таукент елді мекені, «№24  колледж» МКҚК

информатика  пән  оқытушысы: Сейсенова   Асем   Оразбекқызы

Читайте также:

Добавить комментарий