«Cөз мерген»

Байгонова Замзагуль Кажмухановна

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының білімдерін жинақтау, тілін байытып, сана сезімдерін жетілдіріп, оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Тез ойлауға, шапшаң қозғалуға, оқушы ізденісін қалыптастыру.

Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, жан-жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд, нақыл сөздер.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін біздің бастауыш сынып оқушылары арасында өтетін «Сөз мерген» атты топтық жарысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл-тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім-кен қанша алсаң азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтелеуов ағамыз айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызбен таныс болайық.

Сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімін сараптайтын әділ-қазылармен таныс болайық.

 

Сайыстың жүру барысы:

  1. «Білімпаз »
  2. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
  3. «Кім жылдам?» (топ басшылар жарысы)
  4. «Тапқыр болсаң, озып көр»
  5. «Ой зерделеу»
  6. «Сен –маған, мен –саған»

1-кезең: «Білімпаз» деп аталады.

Мұнда әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Жауап бере алмаған жағдайда, қарсылас топтың жауап беретін мүмкіндігі бар.

1 топқа:

1.Абайдың әжесі кім? (Зере)

  1. Жырды орындаушы қалай аталады? (жыршы)
  2. «Маймыл мен көзілдірік» кімнің мысалы? (А.Байтұрсынов)
  3. Қазақтың үш биін ата? (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
  4. «Ұшқан ұя» кімнің шығармасы? (Б.Момышұлы)
  5. Тәуіп сөзінің анықтамасы? (Емші)
  6. Монолог дегеніміз не?
  7. Қазақтың күлдіргі әңгімелерінің кейіпкері кім?
  8. Бала қаз тұрып жүре бастағанда, ата-анасы қандай рәсім орындайды?
  9. Адамның жақын досы, жеті қазынан бірі?

2 топқа:

  1. «Менің атым Қожа» кімнің шығармасы? (Б.Соқпақбаев)
  2. Мысал дегеніміз не?
  3. Бешпент дегеніміз не?
  4. Ыбырай Алтынсарин не ашты?
  5. Абай қай жерде дүниеге келді?
  6. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
  7. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім?
  8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?
  9. Жылдан құр қалған жануар кім?
  10. Басты байлық не?

2 –кезең: «Бөшкеден шыққан басқатырғылар» деп аталады. Сендер алдарында жатқан шарларды жарып, сонда жазулы тұрған тапсырмаларды орындайсыңдар.

  1. Сөзжұмбақ
  2. Ребус
  3. «Бақытты сәт» (бұл шарды алған оқушыға сыйлық беріледі)
  4. Абайдың қандай әндерің білесіңдер?
  5. Ыбырай Алтынсарин деген кім?
  6. Кітап жайында үш мақал-мәтел айт.
  7. Жаңылтпашты тез айт. Тулап толқын толқып ақты,

Толқын тулап толқып жатты.

  1. Жұмбақты шеш: Тиіп кетсе жырлаған,

Дауысы көпке ұнаған.

3 –кезең:«Кім жылдам?» (әріптерден сөздер құрау).

(«Қазақстан» ) ең көп сөз құрастырған оқушы жеңеді. Сендерге 1 минут уақыт беріледі.

4-кезең: «Тапқыр болсаң, озып көр»

1.Тіл –тас жарады, …(тас жармаса да бас жарады)

2.Қына тасқа бітеді, …(білім басқа бітеді)

  1. Ақыл тозбайтын тон, …(білім-таусылмайтын кен)
  2. Ғылым-теңіз, …(білім-қайық)
  3. Жеті жұрттың тілін біл, …(жеті түрлі білім біл)
  4. Туған жердің күні де ыстық, …(түні де ыстық)
  5. Кітап-көзі жұмыққа арзан, …(көзі ашыққа маржан)
  6. Жақсы кітап- …(жан азығы)
  7. Өмірде із қалдыру…(балалықтан басталады)

10.Орынды сөз –мың жылдық, …(Орынсыз сөз -мылжылдық)

  1. Ақымақ күлкіге тоймайды, …(Жалқау ұйқыға тоймайды)
  2. Кітапты сүйіп оқы, …(көңілге түйіп оқы)

Көрермендерге сұрақтар қойылады.

  1. Теңізден қандай тас болмайды? (құрғақ)
  2. Қандай жолмен адам жүрмейді? (құс)
  3. Ең кішкентай құс? (калибри)
  4. Ұсақ жәндіктердің ішінде баяу ұшатыны? (шыбын)
  5. Ең жылдам ұшатын жәндік? (қаракүйе)
  6. Жер жүзіндегі ең ірі құс? (түйеқұс)
  7. Түлкінің баласын қалай атайды? (мыршай)
  8. Елеуішпен су апаруға бола ма? (болады, мұз немесе қар болса)
  9. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдыстарға)

5 –кезең: «Ой зерделеу»

Бұл үзінділер қай шығармадан екенің табу.

6-кезең: «Сен –маған, мен-саған» деп аталады. Екі топ бір-біріне әзірлеген сұрақтарды қояды.

Қорытынды: Енді барлығымыз әділ –қазылар алқасын тыңдайық. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Марапаттау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *