Cәлем беру сүйіспеншілік негізі Береке Күмісгүл

САБАҚ:
Сәлем беру – сүйіспеншіліктің белгісі Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары) 7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
. Сәлем беру – сүйіспеншіліктің белгісі
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы тақырып Достық дәнегі
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы 5 минут
Топқа бөлу2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Қызыл гүлім-ай» би 1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Топтарға тапсырма:
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
1. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру — ата дәстүріміз.
Бұл — әдептілік белгісі.
2. Әдепті бала үлкендермен, жолдастарымен амандасып жүреді.
Қалаға барса немесе ауылға келсе туыс — туғанға, үлкен ата — әжелерге барып тұрып амандасу керек.
«Әдеппен сөйлеп әдеттен» атты көріністер
Сәлем берудегі әдептілік және әдепсіздік.
Сәлем берудегі әдептілік.
1.«Ассалаумағалейкум» немесе «Сәлеметсіз бе?» деп, бір міндеттен құтылғандай сәлем беру көңілге қаяу түсіреді. Сәлемдесудің әдеп ретінде басты шарты — жылы шырай.
2. Сәлем беруші мен сәлем алушының қас – қабақ, бет — жүз құбылысы, даусы маңызды қызымет атқароады.
3. Жылы жүзбен, әуезді үнмен сәлемдесу керек.
Сәлем берудегі әдепсіздік.
1. Барқ етіп, естілер естімес етіп міңгірлеп, ернін жыбырлата сала сәлемдесудің сәлемдесуге үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
2. Біреумен амандасқанда көзің, көңілің басқа жақта тұруы — әдепсіздік.
3. Қол берісіп амандасқанда қолды қатты қысу, шапалақты шарт еткізу, немқұрайлы сау сағының ұшын беріп амандасу — әдепсіздік.
4. Топ адамның ішінен атақты – абройлы деген 1 — 2 — еуін немесе танитын адамдарға ғана амандасу сәлем берілген адамдардың өзін де, сәлем бермегендер үшін ашықтан – ашық қорлау.
Мақал — мәтелдің жалғасын табу
1. Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды
2. Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді
3. Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыс жасар қария сәлем берер
4. Бір күн тұзын татсаң
Қырық күн сәлем бер.
5. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді. «Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.
«Интервью» әдісі

Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
«Қыдырып қайтайық!» биі

Аяқталуы 20 минут Талдау 10 минут Постер жасау
«Сен маған, мен саған әдісі»

Дәптермен жұмыс
Сиқырлы сөздер.
1. Жарас автобуста отыр еді. Бір аялдамада сәби көтерген әйел адам кірді. Жарас орнынан тұрып, әйелге бірдеңе айтып еді, әйел де оған қуанып жауап қатты.
Сұрақ: Жарас не айтты? Әйел неге қуанды?
Келіңіз отырыңыз.
2. Гүлжан дәлізде біреумен байқамай соқтығысып қалды. Әлгі адам ашуланды. Гүлжан бір сөз айтып еді, әлгі адам жадырап қоя берді.
Сұрақ: Гүлжан не айтты? Әлгі адамның ашуы қалай басылды?
Кешіріңіз байқамай қалдым.
3. Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайғандықтан бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы кездесті. Әлгі
бала қартқа жақындағанда бірдеме айтты. Қарт оған алғыс білдірді.
Сұрақ: Бала не деді? Қарт оған не деді?
Ассалаумағалейкум мен сізге көмектесейін.

Рефлексия 3 минут
Рефлексиялық эссе
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
Алдымен біз былай деп ойладық…..
Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық………….
Проблеманы шешу үшін……жасадық.
Бұдан біз………………көрдік.
Демек, бұл мынаны білдіреді……………..
Сонымен біз……………..деген шешімге келдік. Үш топқа арналған ватман, маркерлер, оқулық.
(Әр топ тапсырмаларын орындап болған соң түсіндіреді, басқа топ мүшелері өз ұсыныстарын стикерге жазып жұмыстың астыңғы жағына жабыстырады.)
Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Читайте также:

Добавить комментарий