ТАРИХТЫ КЕЗЕҢДЕУ – тарих ғылымы методологиясының аса маңызды мәселелерінің бірі
Арынов Жумакан Маканұлы
Тарих ғылымдарының кандитаты,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы.
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспеген мәселе. Сондықтан да ғылымның алдында мынадай міндеттемелер айқындала түсті. Біріншіден, тарихи материализмге негізделген маркстік-лениндік идеология мен методологияның тоқырауы қазақстандық тарих ғылымының алдында тарихты кезеңге бөлудің теориялық жаңа негізін жасау қажеттілігін туғызды. Екіншіден, бұл қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселе, өйткені уақыт өлшемімен алғанда тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің жүйесі болмайынша, өткенді зерттеу, белгілі бір жүйеге негізделген еңбектер жазу бойынша Қазақстан аумағында өткен процестердің схемасы мен моделін құру мүмкін емес.
Тарихты дәуірлеу – тарих ғылымы методологиясының аса маңызды тұстарының бірі. Сондықтан да методологияны айналып өте алмаймыз. Дәуірлеу тарих ғылымы методологиясындағы күрделі мәселелердің бірі. Методологиялық мәселелердің шешімін табуда қазіргі зерттеушілердің идеологиялық таптаурынмен санадан арылуы ғана жеткіліксіз.
Бұл тұрғыда Қазақстанның тарих ғылымын «отарлаудан» арылтудың да маңызы зор. Өйткені балама теория жасамай тұрып коммунистік мұрадан бас тарту кеңестік заманға дейінгі консервативтік ұлы державалық-шовинистік теориялардың, әсіресе, генеологиялық теориялардың қайта өрлеуіне әкеледі.
Себебі маркстік-лениндік методология дағдарысқа ұшыраған сәтте ғылымның жаңа ұстанымдарын қалыптастыру қажет болды. Осы мақсатта республикада “Тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы” қабылданды. Тұжырымдама қазақ тарихын оқып үй рену мен зерттеудің басты бағыттарын көрсетіп берді. Сонымен қатар тарих ғылымында Отан тарихын шынайы зерттеу үшін ең алдымен дәуірлеу мәселесін қайта қарауды қажет етті. Осындай қажеттілікті төмендегі дәлелдермен түсіндіруге болады. Қазақ тарихы ғылымның методологиялықтео рия лық мәселелерін қалыптастыруды алғаш ұлт зия лыларымыз қолға алғаны тарихта белгілі.
Сондықтан да тарих ғылымының дамуында теориялық-ме то дологиялық ұстанымдардың әсері мен орны ерекше болды. Осы тақырыпты кезеңдерге бөлу барысында қазақ интеллигенциясы көзқарастарында негізінен төмендегідей мәселелер айқын көрініс берді:
– Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуде орыс ғалымдарының маркстік-лениндік методологиялық негіздерге бағыттап бұрмалаушылыққа бой алдырғанын аңғарамыз; – Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуде “Қаз ССР тарихының” авторлары төңкеріске дейінгі тарихшылардың кезеңдерге бөлуін қайта жаңғыртуы;
– Қазақстан тарихы ғылымында таптық көзқарастарды қалыптастырудың орын алуының ерекшеліктері. Мәселен, қазақтың белгілі әдебиетшісі және қоғам қайраткері М.Дулатовтің 1923 жылғы “Шолпан” журналының № 3-5 сандарында және “Қызыл Қазақстан” газетінің сол жылғы №17,18 сандарында жарияланған, “Қазақ пен қырғыздардың атауы мен шығуы туралы” мақаласы талдауға тұрарлық.
М.Дулатов шағын еңбегінде қазақ халқының құрылуын ХV ғасыр деп есептеген ғалымдардың көзқарасын сынға алады және тарихи процестер тұжырымдамасына өз көзқарасын білдіреді. Автордың кезеңге бөлуіне сәйкес ХІІ ғасырға дейін қазақтар түркі халықтарының бір бөлігі болды, ХІІ ғасырда жеке этнос болып қалыптасты, ал ХVІІІ–ХІХ ғасырларда өз еркіндіктерін жоғалтты және Ресейге тәуелділікке тап болды. Осылайша М.Дулатов төңкеріске дейінгі қазақ тарихын төрт кезеңге бөледі. Онда біз автордың біздің зерттеуімізге қатысты үшінші, төртінші кезеңдерін көрсетеміз. Олар:
3-кезең. Жаулап алу кезеңі – ХVІІІ–ХІХ ғғ.
4-кезең. Отарлау кезеңі – ХІХ ғғ.
Біз көріп отырғанымыздай, М.Дулатов қазақ тарихының кезеңдерін негізгі екі – этникалық және саяси критерийді негізге ала отырып бөледі. Өкінішке орай, автор жан-жақты сипаттама бермеген, сондықтан оның кезеңге бөлу концепциясы жайлы нақты тұжырым жасау қиын.
Төңкеріске дейінгі қазақ тарихына М.Тынышпаевтың “Қырғыз қазақ халқы тарихының материалдары”, “Қазақ-қырғыздар 17 және 18 ғасырда (қырғыз-қазақ халқы тарихының материалдарына қосымша) және Ақтабан Шұбырынды (қазақтардың ұлы зобалаңы және ұлы жеңісі)” атты еңбектерінде неғұрлым жанжақты талдау жасалған. Автор қазақ халқы тарихын кезеңге бөлуді зерттемеген, бірақ оның еңбектерінен мынадай кезеңдерге бөлу айқын аңғарылады. Онда алты кезеңге бөледі Сондықтан да біз автордың алтыншы кезеңін ұсынамыз. 6-кезең. “Қазақстан – отар” ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарынан басталады.
Ұсынған дәуірлеудің басты өлшемі мен ұстанымы мемлекеттілікте жатқанын байқау қиын емес. Айта кетерлік жайт, тарихты дәуірлеу күрделі әрі жауапты мәселе екенін ұлт зиялылары қапысыз таныған. Қазақ тарихын дәуірлеуде М.Дулатов, М.Тынышпаев этникалық және әлеуметтік, саяси критерийлерді басшылыққа алған. Ұлт зиялыларының өкілдері өз кезеңдеулерін түркі дәуірінен бастап Ресей бодандығындағы қазақ тарихы уақытымен аяқтаған. Солардың алғашқылары болып белгілі ғалым С.Асфендияров “Қазақтар тарихының кейбір негізгі мәселелері” атты мақаласында дәуірлеу мәселесіне тұңғыш рет назар аударып, қазақ тарихының үш кезеңін көрсеткен. Олар:
1-кезең. Капиталистік дамуға дейін (ХVІІІ ғасырға дейін).
2-кезең. Отарлау кезеңі. Қазақстан патшалықтың отары және Қазақстандағы қазан революциясының алғышарттары.
3-кезең. Кеңестік дәуір. Автор алға тартқан дәуірлеуде басты ұстаным меншік түрі және саяси құрылыс саналады. Алайда кезеңдеудің методологиясына қатысты пікір білдірген тарихшы ғалымдар З.Алдамжар, Х.Әбжанов тұжырымдамасына сүйене отырып С.Асфендияров ұстанымдардың дәуірлерге бөлуде жеткіліксіз екендігін баса айтамыз.
Себебі кезеңдеуде белгілі бір уақыт пен кеңістікте өмір сүрген қоғамның саяси құрылысы, ондағы меншік қатынастары ғана емес, барлық шаруашылық, әлеуметтік, мәдени тағы басқа ерекшеліктері қоса ескерілуі тиіс. Біз бұл жайында кезеңдеудің ғылыми критерийлерін ұсынған кезімізде толық айтатын боламыз.
Кеңестік кезеңнің 1940 – 50 жылдары ғылымда Қазақстан тарихын қоғамдық-экономикалық формациялар алмасуы негізінде дәуірлеу біржолата орнықты. Құл иеленушіліктен басқа әрбір формация тарих толқынындағы Қазақстанның белестері ретінде қарастырылды. Осының нақты үлгісі ретінде бес томдық “Қазақ ССР тарихын” алуға болады. Бірінші томда “Алғашқы қауымдық құрылыс. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар мен феодалдық мемлекеттер” мәселесіне арналады.
Ал екінші томда “Феодалдық қатынастардың дамуы. Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы” сөз болса.
Үшінші томды “Қазақстанның Ресейге қосылуы. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Ұлы Октябрь қарсаңындағы революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстар”мәселесі құрады.
Төртінші, бесінші томдарға Қазақстандағы социа листік және коммунистік құрылыс тарихы арқау болды. 1943 жылы Қазақстанның барлық тарихын ер те замандардан бастап тұңғыш жан-жақты қамтыған авторлардың еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте кезеңге бөлу негізіне Қазақстанның ұлттық тәуелсіздік принципі жатқызылды, осыған орай екі үлкен кезең ерекшеленеді. Онда 1-кезең біз зерттеп отырған кезеңге жатпағандықтан екінші кезеңді ұсынамыз: 2-кезең «Қазақстан – отар» (ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан Қазан төңкерісіне дейін).
Осылайша “ҚазССР тарихының” авторлары төңкеріске дейінгі тарихшылардың кезеңге бөлуін қайта жаңғыртты. Дегенмен дәуірлеу мәселесі өзінің толық шешімін таба алмады. Сондықтанда ҚазССР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының 1947 жылдың 15– 19 мамырында болған бірінші ғылыми сессиясында кіріспе сөз сөйлеген С.В.Юшков Қазақ ССР тарихын жасауда кезеңге бөлуді дұрыс жасаудың маңызды мәселе екенін айтты.
Сессияда кезеңге бөлу мәселесі жөніндегі негізгі баяндаманы Е.Бекмаханов жасады. Ол 1947 жылғы “Қазақ ССР тарихы” басылымындағы кезеңге бөлуді сынға ала отырып, әлеуметтік-экономикалық фор мациялар жөніндегі ілімді негізге алуды ұсынды. Автор төңкеріске дейінгі тарихты негізінен басты алты кезеңге бөлді. Сондықтан да біз сол кезеңдердің тек алтыншы кезеңін ұсынамыз: 6-кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысы – 1917 жыл Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі кезең.
Осындай кезеңдерге бөлуде кеңестік Қазақстан тарихы мәселесінде қателіктер, “ұлтшылдық бұрмалаушылықтар” жіберіліп жүр деген партия сыны ескерілді. Е.Бекмаханов аталған кезең тарихынан әлі бірде-бір монография жазылмағандықтан, кеңестік кезең тарихын жүйелі зерттеу барысында бұл мәселеде өзгерістер болу мүмкіндігін ескеріп, кезеңдеуді алғашқы нұсқасында қалдыруды ұсынады. Бұл кезеңдер өз кезегінде жекелеген сатыларға бөлінді. Келесі сатысына Е.Бекмаханов қанаудың екі жақты феодалдық-отарлау жүйесі деп анықтама берді. Алтыншы кезең – Қазақстанға капиталистік тауарақша қатынастарының ену кезеңі.
Қазақ мемлекеті тарихының негізгі кезеңдеріне арналған баяндамасында С.В.Юшков, Е.Бекмаханов тайпалық одаққа жатқызған үйсіндер мен қаңлыларды феодалдыққа дейінгі варварлық мемлекет қатарына жатқызуды ұсынды. Осылайша, бұл кезеңнің шегі біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырдан біздің эрамыздың ІІІ ғасырына дейін ұзарды. Қазақстан тарихын кезеңге бөлудің Е.Бекмаханов ұсынған жобасын А.Якунин қатты сынға алды. Ол “Қазақ ССР тарихының” бірінші басылымында жіберілген қателіктер Е.Бекмахановтың баяндама сында “ішінен тозған түрде қайталанады. Ол қазақтың барлық хандарын талдап, ешбір сынсыз дәріптейді, сібірлік автономист Г.Н.Потанин мен басқа да сапасыз басылымдардан деректер алады”– деді.
Түптеп келгенде Е.Бекмахановтың кезеңге бөлуі мейлінше шатасқан деп аталды. Бұдан кейінгі айтыс таза академиялық шектен шығып, осы бір аса көрнекті ғалымды саяси тұрғыдан қудалауға ұласты. Онда қазақтардың ұлт-азаттық күресі тарихына арналған кітабы антисоветтік деп табылып, Е.Бекмахановтың өзі саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тарихын кезеңге бөлуді жасау мәселесінде келесі маңызды шара 1949 жылы жарық көрген “Қазақ ССР тарихының” жинақталып, қорытылып шығарылған екінші басылымы болып табылды.
Негізінен екі үлкен кезең сақталған, бірақ бөлімдердің бірінші басылымда ұсынылғанынан едәуір ерекшелігі бар. Атап айтқанда, авторлар алғашқы кезеңді Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық қоғамды бөлек кезең етіп бөлуді ұсынады. Олар:
Ал екінші кезең – түрік қағанаты феодалдыққа дейінгі кезеңге жатқызылды, яғни құл иеленуші мемлекет делінді. Оның өмір сүрген мерзіміде бөлек кезең түрінде анықталды.
Үшінші кезең – ертедегі феодалдық мемлекет деп аталды. Оның құрамына қыпшақтар мен қараханидтер мемлекеттері жатқызылды.
Кітаптағы келесі төртінші кезеңі – моңғол басқыншылығы кезеңі деп аталды. Бесінші кезең – қазақ халқы мен Қазақ Хандығының құрылуы – қазақтар өміріндегі ерекше кезең ретін де қаралды. Бұл процестерді авторлар олардың өзара байланыстығымен тығыз байланыстырды. Келесі – алтыншы кезеңге – Қазақ Хандығының бөлшектену мерзімі жатқызылды. Егерде С.Асфендияров ХVІІІ ғасырдың басынан бастап қазақ тарихында жаңа кезеңді бастаса, “Қазақ ССР тарихының” авторлары қазақтардың Ресейдің қоластына кіруін, ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі ұлт-азаттық күресі уақытын бірінші кезеңге жатқызады, яғни отарлап алу тек осы уақытта аяқталды деп есептеді.
Сонымен қазақ тарихындағы келесі үлкен кезең – отарлап алу кезеңі делініп, оған авторлар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі мерзімді жат қызады.
Екінші кезең мынадай сатыларға бөлінген: 1-кезең. Бірінші орыс төңкерісі кезеңі. 2-кезең. Реакция кезеңі. 3-кезең. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңі. 4-кезең. Ақпан төңкерісі кезеңі.
Көріп отырғандай кезеңге бөлудің негізгі белгілері бұрынғыша қалған. Дегенмен, кезеңге бөлу құрылымы едәуір өзгертілген. Дәуірлеуде алғашқы қоғамдық кезең жаңадан шығарылып, феодалдыққа дейінгі, яғни құлиелену кезеңінің белгілері көрініс береді.
Алайда қорыта келгенде Қазақстан тарихының әдіснамасы – тарихи танымның диалектика-мате риалистік теориясына негізделген тарихи зерттеудің принциптері мен әдістерін аңғаруға болады. Авторлар арасындағы тартыстар тарих тың объективті заңдарын зерделеуі, осы зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Қазіргі тарихи ғылымда ғылыми тарихи зерттеудің мынадай негізгі принциптері қол данылады. Олар: объективтілік, тарихилық, тарихты зерделеудегі әлеуметтік көзқарас, пробле маны жан-жақты зерттеу болып отыр. Сондықтанда бүгінгі күні Қазақстанның тарих ғылымындағы қажеттіліктерді былайша түсіндіруге болады. Олар:
Бірінші, тарих ғылымындағы Қазақстан аума ғын да өткен тарихи үдерістерді уақыт түсініктері бойын ша қисынды байланыстыратын айқын түсінік әлі қалыптаспаған;
Екінші, қазіргі кезеңді бөлу уақытқа сай барын ша жалпы технологияны ұсынады. Ғылымның осы заманғы жетістіктеріне негізделген кезеңдерге бөлу әлі орын алмай отыр;
Үшінші, кезеңге бөлу критерийлері тарихи үде рістерді өзіне тән белгілері арқылы сатыларға бөлудің түрлі принциптері жеткілікті әлі де талдана қоймаған; Төртінші, Қазақстанның тарих ғылымында кезеңге бөлу мәселелеріне байланысты категориялар мен түсініктер туралы қандай да бір бірыңғай нақты ұғым әлі де қалыптаспай келеді.