Математика Үшбұрыш,тіктөртбұрыш,шаршының периметрі.
Пән: Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
4С-бөлім Геометриялық фигуралар.Периметр.Аудан.
Мектеп: Хамид Әлімжан атындағы
№85 жалпы орта білім беретін мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Байзакова Н.А.
Сынып: 2
Қатысқандар саны: 22
Қатыспағандар саны:0
Сабақ тақырыбы
Үшбұрыш,тіктөртбұрыш,шаршының периметрі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.3.1.3 көпбұрыштардың,қоршаған ортадағы заттар қабырғаларының ұзындығын өлшеу,периметрді табуға арналған формулаларды:Р=2(а+в),4а,Р=а+в+с қорытындылау,құру және қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Үшбұрыш,тіктөртбұрыш,шаршы фигураларды сызады және ажырата алады;
Көптеген оқушылар: Фигураның қабырғаларын өлшейді,периметрін табады.
Кейбір оқушылар: Фигураның белгісіз қабырғасы арқылы және формулаларды қолдана отырып периметрін табады.
Бағалау критерийлері
Көпбұрыштардың,қоршаған ортадағы заттар қабырғаларының ұзындығын өлшейді,периметрді табуға арналған формулаларды қорытындылайды,құрады және қолданады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
периметр,тұйықталған сынық сызық,көпбұрыш.
Диалог және жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-Геометриялық фигуралар туралы не білесіңдер?
-Үшбұрыш дегеніміз не?
-Шаршы дегеніміз не?
-Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
Жазылым:
Периметр,көпбұрыш.
Құндылықтарды дарыту
Мәңгілік ел: 4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, дүниетану.
АКТ қолдану дағдылары
http://smk.edu.kz фигуралар суреттері,https://youtu.be/-xo-tTDfGmc бейнеролик “Пішіндер”
Бастапқы білім
Геометриялық фигуралар туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин
(М.К) Бүгінгі сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстыру мақсатында «Пішіндер» бейнеролигін көрсету. Тақырыпты ашатын сұрақтар қою.
Ашық сұрақтар:
– Геометриялық фигураларға не жатады?
– Фигуралардың айырмашылығы қандай?
Сынық сызықтың ұзындығы дегеніміз-оның барлық кесінділерінің ұзындығының қосындысы.
Тұйықталған сынық сызық өзімен-өзі қиылыспай көпбұрыш құрайды.
Периметр дегеніміз –фигураның барлық қабырғаларының қосындысы.
Топқа біріктіру. 1-топ көпбұрыш, 2-топ төртбұрыш, 3-топ шаршы, 4-топ үшбұрыш.
Бейнеролик
https://youtu.be/-xo-tTDfGmc
Пішіндер
http://smk.edu.kz
Фигуралар суреттері.
Сабақтың ортасы
5 мин
10 мин
10 мин
10 мин
(Ж.ж)1-тапсырма.Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін тыңдалым,айтылым.
Логикалық ойлауды,геометриялық салулар қабілеттерін дамыту мақсатында «Ойлан,ізден,тап» әдісі арқылы жүргізу.
Оқушылардың назарын суретке аудару. Суретті талқылау және ашық сұрақтарға жауап беру.Фигураның периметрін ауызша табу.
-Бала қандай іс-әрекет орындауда?
-Қандай фигураны бейнеледі?
Дескриптор:
v Суретті талқылайды.
v Берілген сұраққа жауап береді.
v Периметрін ауызша табады.
Ауызша кері байланыс:Керемет!Жақсы!Талпын!
2-тапсырма Жұмыс қарқыны бойынша саралау жұмысын жүргізу.
Оқулықпен жұмыс.
А: Тапсырма:Тіктөртбұрыш пішінді бөлменің ұзындығы 6м,ал ені 4м. Периметрін тап.
В: Сыни тұрғыдан ойлай отырып, фигураларды жинақтау мақсатында « Tarsia » әдісін пайдалану.
Тапсырма: Тіктөртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 9см,ал басқа қабырғасының ұзындығы одан 3есе кем.Тіктөртбұрыштың периметрін тап.
С: « Сәулетшілер » әдісі арқылы меңгерген материалдар мазмұнына сұрыптама жасау.
Тапсырма:Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 26см, екінші қабырғасының ұзындығы біріншісінен 15см ұзын,ал үшінші қабырғасының ұзындығы екіншісінен 28см қысқа.Үшбұрыштың периметрін тап.
Дескриптор:
-Фигуралардың қабырғасын табады.
-Периметрін есептейді.
-Сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс: « Плюс,минус,қызықты » әдісі.
(Т.Ж) 3-тапсырма.Шығармашылық тапсырма.
“Ассоциация ”әдісі бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әр топқа геометриялық фигуралар құрастыру тапсырмасын беру.
1-топ.Сіріңке мен ермексазды пайдалана отырып,үшбұрыш фигурасын жасауы қажет.
2-топ.Сусын ішетін түтікшелерді қолдана отырып тіктөртбұрыш жасауы қажет.
3-топ.Санау таяқшаларды пайдаланып шаршыны құрастыруы керек.
4-топ.Резинаны пайдаланып геометриялық фигуралар құрастыру қажет.
Дескриптор:
-Қабырғаларын өлшейді.
-Фигуралар құрастырады.
Графикалық кері байланыс: геометриялық фигуралар суреттері
-«Өте жақсы»
-«Жақсы»
-«Орта»
4-тапсырма
“Ия,жоқ динамикалық үзіліс”(Иә-секіру,Жоқ-отыру)
-Нүкте арқылы:тек бір сызық жүргізуге болады (жоқ)
-Тікбұрыш –тұйықталмаған сынық сызық (иә)
-Тікбұрыш –бұл барлық қабырғалары тең төртбұрыш(жоқ)
-Тікбұрышты үшбұрыштың екі қабырғасы өзара тең(иә)
-Периметр-фигураның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы(иә)
-Шаршының қабырғалары өзара тең(иә)
Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап береді
-Қимыл қозғалыстарын жасайды
Кері байланыс:Идеяларды жинақтау,жазбаша кері байланыс жүргізу мақсатында «Ұшақ»әдісі.
1-слайд
Сюжетті сурет
Сызғыш
Геометриялық фигуралар,қима қағаздар,түрлі-түсті қағаздар.
Формула жазылған А4 қағаздары
Сіріңке мен ермексаз
Түтікшелер
Санау таяқшалары
Резина
Геометриялық суреттер
А4 парағы
Сабақтың соңы
2 мин
Кері байланыс: Мадақтау сэндвичі
1-бөлік –позитивті комментарий, не ұнады;
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3-бөлік – келешекке арналған комментарий, маған ұнады, бірақ келесі жолы . . .
Бағалау парақшасы
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
А:Тіктөртбұрыш пішінді бөлменің ұзындығы 6м,ал ені 4м. Периметрін тап.
В:Сыни тұрғыдан ойлай отырып,фигураларды жинақтау мақсатында «Tarsia» әдісін пайдалану.
Тапсырма:Тіктөртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 9см,ал басқа қабырғасының ұзындығы одан 3есе кем.Тіктөртбұрыштың периметрін тап.
С: «Сәулетшілер» әдісі арқылы шығармашыл жұмысты ұйымдастыру.
Тапсырма:Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 26см,екінші қабырғасының ұзындығы біріншісінен 15см ұзын,ал үшінші қабырғасының ұзындығы екіншісінен 28см қысқа.Үшбұрыштың периметрін тап.
Ауызша кері байланыс:Керемет!Жақсы!Талпын!
Топтық бағалау «Графикалық кері байланыс»
Саралау жұмысы: «Плюс,минус,қызықты»
Кері байланыс: «Ұшақ»әдісі
Кері байланыс: «Мадақтау сэндвичі»
Сызғышты қолдану барысында техника қауіпсіздігін сақтау.
Сіріңкені қолдану барысында өрт қауіпсіздігін сақтау.
Топтық жұмыс ережесіне бағыну және бір-біріне кедергі келтірмеу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды? Неліктен ?