Мен қазіргі заман педагогімін

«Мен қазіргі заман педагогімін»

Менің мамандығым – мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. Бала кезімнен тәрбиеші болу ұнайтын. Осы арман мақсатпен Маңғыстау Гуманитарлық Колледжіне Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бөлімін қызыл дипломмен бітірдім. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат – міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірімдегі ұстанымым – жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақ сәулетшісі.

Мен өзім «Жауқазын» балабақшасында тәрбиеші болып қымет етемін. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу аса жауапкершілікті талап етеді. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Тәрбиеші – балаға жан – жақты тәлім – тәрбие беруші. Сол себепті тәрбиеші өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік т.б. табылу керек.

Біз тәрбиешілер түрлі болашақ иелерін тәрбиелеп отырмыз. Болашақ заңгерлерді – әділдікке, дәрігерлерді – жауапкершілікке, мейірімділікке, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдікте, нақтылықта, мейірімділікте, жауапкершілікте болуы тиіс.

«Ел есінде бір жыл болғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз.

XXI ғасыр тәрбиешісі қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш – жігерін, парасат – қуатын салу керектігі айтпасада түсінікті. Бұл әркімің қолынан келе бермейтін ерекше талнтты қажет ететін бай қиялды адамға тән қасиет.

Қазіргі заман педагогі – рухани дамыған әрі әлеуметік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін – өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы ақыл – ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта – жігері артады деп сенемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой – өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі, бала өзі рөлде ойнаса, сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдылар ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Сөзімді қорытындылай келе тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтанымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *