Атмосфераның ластануы

Пән: География
Бөлім: Табиғатты пайдалану және геоэкология 
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның ластануы 
Оқу мақсаттары: 10.3.2.3 геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу;
Сабақтың мақсаты: Жер қабықтарының ластану жолдарын көрсетіп,олардың салдарын анықтайды және шешу жолдарын ұсынады.
Сыныпта қолайлы орта қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру. Топқа географиялық қабықтарға байланысты топтастыру
(С)Оқушылар географиялық қабықтардың ластануының әсерін түсіндіреді, талқылайды. (мүмкін болған жағдайда ластану бойынша бейнефильм көрсетуге болады)
(Т) Оқушылар берілген дереккөздер арқылы Жер қабықтарының ластану жолдарын көрсетеді,олардың салдарын анықтайды және шешу жолдарын ұсынуға тырысады. Зерттеу нәтижелерін оқушылардың бойынша кесте түрінде рәсімдейді.(геосфера құрамындағы компоненттерге бөлу арқылы топтар санын көбейтуге болады )
І топ атмосфера ластануы
ІІ топ гидросфера ластануы
ІІІ топ литосфера ластануы
ІҮ топ биосфераға әсері
Ұсынылатын үлгі кесте түрі
Ластану мәселелері Ластану көздері салдары Шешу жолдары
Осы сызбаға оқушылар жергілікті компонентті міндетті түрде мысал ретінде ұсынуы керек.
Жасалған сызбаларын топтар алдында топ басшылары қорғайды. Талдау соңында берілген бағалау критерийлері бойынша кері байланыс береді 
Бағалау критерийлері:
1.Геосфераның негізгі ластану көздерін(жолдарын) көрсете алады
2.Ластанудың салдарын анықтай алады
3.Шешу жолдарын ұсынады
4.Берілген тақырыпқа Қазақстанның аймақтары бойынша мысалдар келтіре алады

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *