Имани тәрбиенің ілімдік негізі

                                           Имани тәрбиенің ілімдік негізі

 

Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты, имандылықты алалауға болмайды. Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» – дейді.Ол: «Діннің қажеттілігін, яғни, адамның  ішкі дүниесіне үңіле алмайтын, имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болмайды» деген екенИман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес,Қазақстан Республикасында тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері,оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес.Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес. Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол наным-сенім ретінде,қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік.Ал,имандылық-тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тәрбиелік іс-әрекеттер мен шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр. Оның көптеген себебі бар.Ал,ең бастысы-Қазақ педагогикасын-материалистік және жауынгер атеистік дүние танымы негізінде жазылған, социалилистік немесе «ғылыми педагогикамен» тең көріп бағаламауда болып отыр.Біздің санамызда материалистік-диалектикалық әдіснама негізінде пайда болып,танылған білім ғана теориялық ғылым ретінде ұғынылады да,басқа дүниетанымға негізделген теориялар мен ғылыми пайымдаулар мойындалмайды.Сондығы болар, ұлттану, адамтану сол сияқты тоелогиялық ғылымдар өте баяу жылжып, философия, саясаттану,әлеуметтану ілімдері ұлттық ғылыми кеңістікте көлем иелене алмай,басқа бір ілімнің қолтығына кіріп, «туралы» ғана тұжырым-түйін жасауда, ал,қазақ психолоиясы,қазақ педагогикасы өткеннен қалған аңыз-әңгіме,хиқая санатында талданып жүр. Имандылық, имандылық тәрбие атты педагогикалық категория ешбір «ғылыми» пелагогикада жоқ,.тек ислам педагогикасында, анығында қазақ педагогикасында бар. Имандылық тәрбиесін жас ұрпаққа игертудің ғылыми негізін Фараби,Баласағүни,Яссауи бабаларымыз салып,Абай, Шәкерім және Мағжан,Жүсміпбек даналарымыз тиянақтап қойған.Өтірік десеңіз мына екі сөйлемді оқып көріңіз. «Иман деген- Алла табарака уатағаланың, шәриксіз (тең келмейтін) ғайыпсыз, бірілігіне, барлығына уә һәр неге бізге пайғам-барымыз арқылы жіберілген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанбақ. Иман келтіруге екі түрлі нәрсе керек. Бірінші – әуел не нәрсеге иман келтірсе, соның һақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел испат(шын иман) қыларға жараса, мұны якини иман (біреуге еріп нану) десек керек. Екінші – кітаптан оқу бірлән яки діни ұстаздардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалақ беріктік керек»(он ұшінші қара сөз).Бұл дегеніңіз, Дін -тек белгілі бір талап, тәртіп, дәстүр, заңдылықтарды орындаумен шектелмейді, аталған шарттар оның сыртқы қызметі, ал негізгісі рухани құндылықтарды тәрбиелеуде ең бірінші орында- иман келтіру-дегені еді. Адам баласынан бастап әлемдегі барлық тіршілікті жаратушы бір Құдайдың бар екеніне сену, оны сүйю,оның алдында қашанда болса есеп беретіндігіңді ұмытпау екендігін ашық көрсеткен.Жұмабаев өзінің “Педагогикасында” былай дейді: “Діни сезімі күшті адам Тәңірдің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек.» Түрік жұртынынң рухани ұстазы А.Яссауи жүздеген мектеп ашып,жүз мыңдаған шәкіртке имандылық тәрбиесін игертіп.софылық-моральдық ілімін жасап, сопылық мектеп педагогикасын қалыптастырса да, оның ғылыми-теориялық негізін танып біле алмай,оған зерде, парасат-пайымымыздың өресі жетпей бұлтарумен келеміз. Осы себептен бүгінгі «ғылыми педагогика» оны ауызға алғысы да жоқ. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясcауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным – арымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған. Қожа Ахмет Яссауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалар-дың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. А.Яссауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету-тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Яссауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғи-лығын дін феноменолы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмай-тынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негіз-інде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыс-тың көрінісін Яссауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Иасауи негізін салған түркілік сопылық Құдайды және діни ақиқатты тану ілімі болып табылады.Иасауи тариқаты өзіне араб-парсы-түркі рухани-адамгершілік тәжірибесін біріктірді. Құдай марифаты – танымның – негізгі идеясы  Халват – оқшаулану арқылы іске асырылу керек. Оқшаулануға бір дінділік, дәріптеу, құдайды түсіну, мадақтау тұжырымдары – тасбих, тахлил, такбир, зікірді іске асыру жатады. Иасауи ілімінің мәні рухани-адамгершіліктік жетілуден көрініс тапты.Негізінен алғанда Иасауи көзқарасы- өзіндік ерекшеліктері бар сопылық дүниетанымға негізделген. Бұл дүниетанымның мақсатыжүректің пәктігі мен тазалығы. Иасауидің “Көңілдің айнасы” атты рисаласы да тікелей адам және оның көңіл әлеміне қатысты жазылған. Адам көңіл тазалығына Аллаға ынтықтықпен, өзін-өзі меңгерумен және Алланың жәрдемі-мен жетеді. Иасауи бабамыздың көзқарасы бойынша, хикмет-інде:«…Тәңірім, баршаны құлдыққа (адамдыққа) хас ет,Мені Меннен алып, бір жола халас ет!»-деп, «Құрандағы» «Алла – бай, сендер-кедейсіңдер», яғни адамның кез келген іс-әреке-тінде Аллаға мұқтаждығын біліп, сезінуі басты ұстаным екендігін көрсетеді. Бұл мәселе бойынша Иасауи, «Мират-ул-Қулуб» атты рисаласында “көңілді пәктеу, арылту оның көзін ашу”-ең бірінші шарт. Көңіл деп,Иасауи жүректі, көкіректі, қалбті, рухты, жанды, ішкі көзді (басират) айтады. Көңілдің (рухтың) тазалыққа, кемелдікке жетудегі ең негізгі шарттары мен қағидалары методикалық-теориялық деңгейде түсіндір-ілген. Адамның құдайлық ақиқатқа жетудегі мәртебелік жүйелер де, сопылық категориялармен қарапайым тілдік ерекшеліктермен берілген.Иасауидің бұл рисаласы тікелей көңілді сауықтыруға арналған. Рисалада былай дейді: «Егер әрбір суфи бұл рисаланы оқыса немесе оқығандарға құлақ асып‚ естігендерін амалында қолдана білсе‚ көңіл көзі ашылып‚ он сегіз мың әлемнің ғажайыптарын тамашалап‚ қияметте Алла тағаламен кездесуге жазады. Инандық және бекіттік деген соң‚ Алланың дидарын көрудің ешқандай таңқаларлық жағдайы жоқ».Көңіл – екі әлемнің арасындағы көпір.Көңіладамдағы Алланың көрінетін орны. Сондықтан көңілді айнадай таза ұстау шарт.Көңіл кәміл, саф, таза болса, адамның кемелдігі артады, танымы тереңдейді, Алламен үндестігі мен үйлесімінде болмыстың бірлігі хәліне жетеді. Бұл адамның мұраты, бақыты, көңілдің қалауы. Көңілді тазалау исламның негізгі үндеуі.
Діннің негізгі мақсатыөзі ұсынған теориялық және практикалық ұстанымдардың қоғам өмірінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін көңілі таза адамдарды –КІСІНІ-қалыптастыру, тәрбиелеу. Ал бұл мақсаттың орындалуы адамның Аллаға құлдығын лайықты түрде сезінуіне, жүзеге асыруына байланысты. Адамның кемел-деніп, іштей жоғары дәрежеге көтерілуі, оның көңіл әлемінің күйіне қарай өзгеріп отырады. «Құранның» Анфал сүресінің 2-ші аятында: “иннама-ал-муминуна ал-лазина иза зукира Аллаху уа жилат қулубухум” (Момындар деп Алланың аты аталғанда көңілдері толқып, дірілдейтіндерді айтады). Алла адамның рухани әлемінің болуы тиісті хәлі мен сипатын осы аятында нақтылап көрсетеді. Бұл көңілі, рухы “тірі” кісінің   хәлі. Алла дегенде көңіл толқып, оны еске алады, өзін таниды, жан дүниесіне үңіледі, адамға, жаратылған әлем-дегі орнын қайта қарап, ішкі әлеміне, өзіне бақылауы күшейеді, жалпы әлемге құрметпен қарайды. Ал енді көңілі қатты, жүрегі тас адамдардың хәлі Алланы сезбейді, өзін-өзі танымайды, жүрегін де білмейді, өзіне өзі баға бермейді, өзімшіл, менмен, дүниеқұмар, имансыз, махаббаттан мақрұм болып келеді. Иасауи де мұндай адамдарды Құран-дағы сипаттармен анықтайды:«…Ақылды болсаң Хақтан өзге сөздер харам,Алла десең Шайтан лағин саған ғұлам,Өмірі зая өткендер “ишқты” білмес,Жаны, көңілі-тастан бетер қатты болар“Көңілі қатты” “діл-азардан” Құдай бизар».
Иасауи бабамыз адамға керегі руханият негіздерін білу және оны жүзеге асыру деп көрсетеді: «Руханият дегеніміз-Хақ тағаланың құлдарына берген бұйрығы бойынша – екі түрлі болады: «Құран»-дағы бұйырылған игі істер – міндетті парыз (амри би’л ма‘руф) және тыйым салынған жаман істер-харам (нахий ани’л мункар). Амри’л-би’л ма‘руф бойынша адамның шариғатқа сай болған істерді өзі қабылдап‚ орындап қана қоймай‚ оны басқаларға да айтып түсіндіруі‚ қабылдатуы міндетті. Нахий ани‘л мункар бойынша, тиым салынған‚ шариғатқа сай келмейтін істерді мысалы, күпірлік‚ екіжүзділік, шек келтіру‚ ширк келтіру, өзімшілдік‚ риякерлік‚ зұлымдық‚ арамтамақтық, арам жолдармен күн көру (парақорлық)‚ өтірік, жалған сөйлеу‚ өсек-ғайбат‚ зинақорлық‚ арақ ішу‚ «бенк жеу», яғни‚ наркотик қолдану және мүміндерге хақсыз қиянат ету‚ азарлау және т.б. бұларға түгел тыйым салынған».
«Құранда» көрсетілгендей, Иасауи көзқарасы бойынша адам жаратылысының мақсатына сай өмір сүру үшін әлімсақта Жаратушысымен жасаған антына берік болып, Алланы ұмыт-пай, көңілінің түкпірінде сақтауы тиіс. Ол үшін адам бойын-дағы ұмытшақтығын жеңуі, “Алла” және оған деген “құлдық” міндетін әрдайым сезінуі, ойдан шығармауы керек. Осы мақсатқа жету үшін ең алдымен зікірге қажеттілік бар. Зікірде қайталау, еске алу, көңілге  тоқу бар. Ал қайталау-адам санасындағы қайталанып жатқан нәрсенің сезімдегі, ойдағы, көңілдегі орнын бекіте түседі.Адам көңілінде бұл дүниеге ғана қатысты емес, өзінің келген әлеміндегі мәлімет-тер де сақтаулы.Оны еске түсіру, сезіндіру үшін Алла «Құранда» жіберген. «Құранда» Жаратушы мен Жаратылған адам арасында, рухтар әлемінде ант, түсірген сөз беру құбылысы арқылы жаратылыс мақсаты анықталған.“Мен Сенің Жаратушың емес пе едім?-Ия, Сен біздің жарату-шымызсың”-деп Аллаға жауап берген рухымыз болатын. Осы сертті, антты қазақта “әлімсақ” дейді. “Қашаннан бері мұсылмансың” деген дәстүрлі сұраққа қазақтар «әлімсақтан бері” деп жауап береді. Бұл түсініктің төркіні Құранда, сопылық танымда жатыр. Иасауи бабамыз да адамның бұл дүниеге келмей тұрып аманатты, жауапкершілікті мойнына алғандығын, сондықтан оның Аллаға берген сөзінде тұруы үшін үнемі «әлімсақтағы антты» ескертеді:«Закир болып, шакир болып Хақты таптым.Ғашық болсаң әуелі “Хақты таны”Сізді бізді Хақ Жаратты “тағат үшін”“Қалу бәла” деді рухым “михнат” үшін.Міне осы ақиқаттың санада әрдайым жаңғырып тұруы үшін зікір шарт. Адамның құлшылық міндеттерінің ішінде зікірдің орны ерекше. «Құранда» екі жүз елуден астам аятта зікір жөнінде айтылады.
Адамның Алламен байланысуы, құлшылығын жүзеге асыруы, мағри-фатқа (құдайлық танымға) жетуі тікелей зікірдің көңілдегі орнымен сезілуіндегі тереңдік дәрежесіне байланысты. Міне сондықтан да Хақиқатты (Алланы) тану Иасауи көзқарасында ғылымның ең абзалы, ардақтысы есептеледі. Өйткені, адамға ең қажетті таным осы хақиқат туралы таным. 
Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағ-лым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейрімділікке, кішіпейлдікке сияқты қасиеттерді жастар ға түсінікті болатындай еңбектері арқылы жеткізе білді. Демек, келешек жас ұрпақ идеялы да берік, еңбек сүйгіш те ақжарқын, күрескер де батыл, абзал жанды имандылық, адамгершілігі мол мұрагер етіп, тәлім-тәрбие беру ісінде ақын өлеңдері құдіретті құрал ретінде қолданыла береді.
Адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған Шәкәрім атамыздың тәлім-тәрбиесінің, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз рухани-адамгершілік байлығымыз.Міне, осы сипаттың бәрін өмірдегі шынайы бейнесі, жан дүниесі, кеудесі шалқақ, асқақ пенде,мейірімді, әділ, адамгершілігі мол жас ұрпақтың бойында қалыптасқанын тілеген Шәкәрім өлеңдерінің тұнығы-рухани тәрбие. «Адамның жақса өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал-еңбек,мінсіз –ақыл,таза –жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» -деген Шәкәрім.Шәкәрімше, жер мен аспан, табиғат құбылыстарын бәрін бірдей көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес:
Радийді бұрын біліп пе ең?
Электр ұстап көріп пе ең?
Бәрін де жатқан таза ақыл
Аспанда ұшып жүріппе ең?
Көрінбес зат бірталай.
Оларды танып білетін бір – ақ нәрсе таза ақыл. Таза ақылдың арқасында адам абстрактіні меңгерді, жақсыны жаманнан, сұлулықты ұқыпсыздықтан, пайдалыны зияннан ажыратады. Өйткені Шәкәрімнің түсінігіне адамның жануардан айырмашылығы таза ақылы мен жанында. Дін айтты: «Маған нан», – дейді,Адасқан дінді пән дейді. Мағынасын анық біле алмай,Рух деген сөзді жан дейді, Осыдан жаман әуре жоқ.Рух деген – мінсіз таза ақыл, Мінсіздің ісі шын мақұл.Айуандағы ақыл ол емес,Аз ғана сөзім – аз тақыл,Құраныңды оқы нанбасаң».Адамның жаны ол туылғанда егілген дән жүрегінде болады да қолайлы жағдай жасалғанда ғана жайқалып өсіп, көркейе түседі. Шәкәрім өзінің “Үш анық” деген еңбегінде “Ар ілімін” былай тұжырымдайды:Бірінші-әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші-ғылыми танымы болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі тиіс және оны үшке бөледі: 1.Мейірім-ділік.2.Ынсаптылық.3. Әділеттілік, міне осы үшеуі бойында болған адам, нағыз “Толық адам”, «арлы адам», «Иманды адаи» бола алады деген.

Бауыржан  Әленұлы  (Тереңкөл мешіт имамы)
Өрік Қобдабайқызы (Чернорецк ауыл мектебі,бастауыш сынып    мұғалімі)
16 қаңтар 3018

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *