Цифрлық трансформация: Қазақстандағы кәсіпорындар үшін басты өзгерістер мен үрдістер

Мынжасарова Аяулым Тулегеновна

Тұран-2024

Тақырыбы: “Цифрлық трансформация: Қазақстандағыкәсіпорындар үшін басты өзгерістер мен үрдістер”

Аннотация

Бұл мақалада цифрлық трансформацияның Қазақстандағы кәсіпорындар үшін маңызы мен рөлі қарастырылады. Цифрлық технологиялардың енгізілуі бизнес-процестерді оңтайландыру, тиімділікті арттыру және нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Мақалада негізгі үрдістер, заманауи технологиялардың рөлі, және трансформацияның Қазақстан экономикасына әсері талқыланады. Сонымен қатар, цифрландыру үдерісін жүзеге асыруда кездесетін негізгі кедергілер мен оларды шешу жолдары көрсетілген.

Өзектілігі: Цифрлық трансформация – әлемдік экономикадағы маңызды бағыттардың бірі. Қазақстандық кәсіпорындар үшін цифрландыру – тек технологиялық жаңашылдық қана емес, экономикалық өсім мен халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің басты шарты. Жаңа технологияларды енгізу арқылы кәсіпорындар өз қызметтерінің сапасын арттырып, шығындарды азайта алады. Бұл үрдіс Қазақстанның цифрландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларымен үйлестірілгендіктен, оның елдің экономикасына әсері ерекше өзекті болып табылады.

Кілт сөздер: цифрлық трансформация, қазақстан экономикасы, кәсіпорындар технологиялық инновациялар, бизнес-процестер, цифрландыру үрдістері, бәсекеге қабілеттілік, экономикалық тиімділік

Қазіргі жаһандық экономика жағдайында цифрлық трансформация тек даму жолындағы тренд емес, кәсіпорындар үшін өмір сүрудің қажетті шартына айналды. Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалмай, цифрландыру арқылы өз экономикасының әртүрлі салаларын жетілдіруге бет алды. Цифрлық трансформация – бұл технологияларды пайдалана отырып, бизнестің барлық аспектілерін жаңарту және қайта құру үдерісі. Бұл ұғым тек технологияларды енгізумен шектелмейді. Ол бизнес-модельдерді, корпоративтік мәдениетті және жұмыс істеу тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қамтиды. Қазақстандағы кәсіпорындар үшін бұл процестің маңыздылығы ерекше, себебі ол өнімділікті арттыруға, шығындарды азайтуға және нарықтағы позицияны нығайтуға мүмкіндік беред Қазақстанда цифрлық трансформация “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында қарқынды түрде дамып келеді. Бағдарлама елдегі сандық экожүйені жақсартуға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Оның шеңберінде келесі бағыттарда жұмыс атқарылуда: интернет желісінің кеңейтілуі мен заманауи дата-орталықтардың құрылуы, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру арқылы азаматтар мен кәсіпорындарға арналған процестердің жеңілдетілуі, шағын және орта бизнеске жаңа технологияларды енгізу арқылы олардың өнімділігін арттыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кешенді шешімдер қабылдау. Цифрлық трансформация – қазіргі заманның басты тренді ғана емес, бизнес пен экономика үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын қуатты құрал. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін елдер цифрлық технологияларды енгізуге басымдық беруде. Қазақстан да бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарып, өзінің экономикасын жаңғыртудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

Цифрландыру кәсіпорындарға бірнеше маңызды артықшылық береді, олар: заманауи технологиялар өндіріс процестерін оңтайландырып, жұмыс тиімділігін арттырады, цифрлық құралдар арқылы бизнеске қатысты деректерді талдау мен болжау мүмкіндігі артады, автоматтандыру арқасында кәсіпорындар операциялық шығындарды қысқарта алады, онлайн платформа мен технологияларды пайдалану арқылы халықаралық нарықтарға қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады.

Қазақстанның цифрлық трансформациядағы табысы оның кәсіпорындары мен мемлекет тарапынан үйлестірілген іс-әрекетіне байланысты. Мемлекеттік бағдарламалар мен бизнестіңбелсенділігі арқасында ел цифрландыру саласындаайтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар, инновацияларға ашық болу, үздіктәжірибелерді қабылдау және кадрларды даярлаумәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

Қазақстан цифрландыру саласында бірқатар маңызды қадамдарды жүзеге асырды:

1. “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы. Бұл бағдарлама ел экономикасын жаңғыртудың негізіне айналды. Оның аясында сандық инфрақұрылымды жақсарту, азаматтар мен кәсіпорындарға цифрлық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды.
2. Еңбек нарығындағы өзгерістер. Цифрлық трансформация жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етті. ІТ саласындағы мамандарға сұраныс артып, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру қажеттілігі туындады.
3. Өндірісті автоматтандыру. Кәсіпорындар өндірістік процестерін оңтайландыру үшін жасанды интеллект (AI), интернет заттар (IoT), үлкен деректер (Big Data) және блокчейн сияқты заманауи технологияларды енгізіп жатыр.
4. Киберқауіпсіздік мәселелері. Цифрландыру барысында деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Қазақстанда бұл бағытта нормативтік база нығайып, қауіпсіздік жүйелері енгізілуде.

Басты үрдістер келесідей: біріншіден, мемлекеттік және жеке секторлардағы қызметтерді автоматтандыру мен онлайн форматқа көшіру халық пен кәсіпорындарға үдерістерді жеңілдетуде.Екіншіден, бұлттық есептеулер бизнеске икемділікті арттыруға және деректерді қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, кәсіпорындар клиенттерді талдау, өнім сапасын бақылау және бизнес стратегияларын болжау үшін AI технологияларын кеңінен қолдануда.Төртіншіден, Қазақстанда интернет-дүкендер мен электрондық төлем жүйелерінің танымалдығы артты. Бұл бизнестің жаңа форматтарға көшуіне себеп болды.  2019 жылы Gartner компаниясы IT саласындағы жетекші мамандар арасында сауалнама жүргізді. Оның мәліметінше, қатысқандардың 33%-ы цифрлық бастамалары «ауқымдау» немесе «жетілдіру» кезеңінде екенін айтқан. 2018 жылы бұл көрсеткіш 17% болған. Бүгінде цифрлық кемелдену шешуші кезеңге жеткен кезде біз озық мекемелердің біліктілігін сынап, трансформацияның көмегімен бәсекелестік артықшылыққа қалай қол жеткізгенін көре аламыз.Кемелдену үлгілеріндегідей, қалай алға шыққанынбірнеше көрсеткіштерінен  байқауға болады. Gartner сауалнамасы, табысты ұйымдардың 75%-ы өздерінің бизнес-модельдерін өзгертіп жатқаныннемесе өзгерткенін көрсетті. 75%-ы өнімгебағытталған жеткізу жүйесін енгізген. 89%-ы цифрлық салаға салған инвестициялардыңтиімділігін есептеп жүр. Технологияға қатыстытабысты ұйымдардың 40%-ы жасанды интеллект және 23%-ы деректерді талдау жұмыс әдісінтүбегейлі өзгертеді деп санайды.

Осы жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің цифрлық трансформациясындағы бес негізгі басымдықты атап өткен еді. Соның біріншісі – азаматтарға заманауи қызмет көрсету. Яғни мемлекеттік қызметтердің барлығы мүмкіндігінше электронды форматқа көшірілуі керек. Екінші басымдық – IT саласын дамытуға қолайлы жағдай жасау. IT сектор мемлекеттік қызметтің маңызды бағыты болғандықтан, цифрлық технологиялар, криптоиндустрия, цифрлық майнинг саласында жетекші ойыншы болуға ұмтылу аса маңызды. Үшінші басымдық – IT инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту. Бұл арқылы еліміз халықаралық деңгейде трансшекаралық деректер ағынымен ұштасқан цифрлық инфрақұрылымды қалыптастырады. Төртінші басымдық – цифрлық экономика мен индустрияны дамыту. Бұл бағыт технологиялық жаңарту және цифрлық шешімдер қабылдау үшін инновациялық гранттар мен салықтық жеңілдіктер ұсынуды көздейді. Бесінші басымдық – адами капиталды нығайту. Көріп жүргеніміздей, цифрлық трансформация заманында IT мамандарға деген қажеттілік артып келеді. 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың қызметкерді даярлау міндеті де қойылған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолға алған бастамалар мен атқарылған жұмыстар да осы 5 басымдыққа негізделген.

Цифрлық трансформация Қазақстан экономикасы мен кәсіпорындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл үрдіс бизнестің бәсекегеқабілеттілігін арттырып қана қоймай, экономиканыжалпы жаңғыртудың маңызды құрамдас бөлігінеайналды. Алайда, бұл жетістікке жету үшінкәсіпорындар мен мемлекет цифрландыруғаинвестиция салуды жалғастырып, біліктімамандарды даярлауға ерекше назар аударуықажет. Цифрлық трансформацияны дұрыс жүзегеасыру Қазақстанды цифрлық әлемнің көшбасшыелдерінің қатарында көруге мүмкіндік береді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *