Жаңаарка ауданының белсенді азаматтары: Қоғамға қосқан үлестері мен жетістіктері
Жаңаарқа ауданында тұратын жастар түрлі салаларда өздерінің жетістіктерімен еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, қоғамда маңызды рөл атқарып келеді. Олар өз білімдері мен қабілеттерін қоғамға пайдалы қызмет көрсету үшін қолдануда. Осы тұлғалар өз жетістіктері арқылы тек өздеріне ғана емес, бүкіл аудан мен елдің дамуына ықпал етуде.
Айнұр Қынатбекқызы – балалар денсаулығына ерекше көңіл бөлетін кәсіби массажист және «Бөбек» массаж орталығының негізін қалаушы. Оның орталығы ауданның ең қажетті медициналық мекемелерінің біріне айналып, балалардың физикалық және психологиялық дамуына ықпал етуде. Айнұрдың жұмысы болашақ ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз ету жолындағы үлкен әлеуметтік жауапкершілікті көрсетеді. Сонымен қатар, ол ата-аналарға үлкен көмек көрсетіп, балаларға сапалы қызмет ұсынуда.
Гүлдана Мендибаева – хореография саласындағы үздіксіз ізденіс пен табанды еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жеткен педагог-хореограф. Оның жетекшілігіндегі «Тұмар» би ансамблі мен «Балдаурен» ансамблі аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде танымал. Гүлдананың шәкірттері түрлі байқауларда жүлдегер атанып, би өнерінің дамуына үлкен үлес қосуда. Ол өз шәкірттерін ұлттық мұраны құрметтеп, заманауи элементтер арқылы би өнерінің биіктеріне жетелейді. Оның еңбегі тек өнер саласымен шектелмейді, ол сондай-ақ «Арқа кеңесі» әлеуметтік жобасында да ерекше белсенділік танытты.
Төлеутай Қуаныш – жас маман, журналистика мен репортерлік іс саласындағы білімі мен тәжірибесі мол тұлға. Ол волонтерлік салада да белсенді жұмыс атқарып, жастарды жаңа бастамаларға қолдау көрсетуге шақыруда. Оның Алматы қаласында өткен «ҚазСпас Жартас 2024» форумында сертификатталған маман атануы оның еріктілік жолындағы жетістіктерін көрсетеді. Сонымен қатар, Төлеутай әлеуметтік жобаларға қатыса отырып, қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Ол жастарды әлеуметтік жұмыстарға тарту мен олардың дамуына ықпал ету жолында көптеген жұмыстар атқаруда.
«Сәтті хикаялар» жинағы – Жаңаарқа ауданында тұратын қоғам белсенділерінің жетістіктерін арқау еткен ерекше журнал, бұл жинақ біздің қоғамның прогрессивті және креативті жастарымен танысуға мүмкіндік береді. Әрбір жеке тұлға өз саласында айрықша табысқа жетіп, өз ісінің шебері атанып қана қоймай, қоғамға қызмет ету жолында үлкен үлес қосып келеді. Айнұр Қынатбекқызы, Гүлдана Мендибаева, Төлеутай Куаныш, Нуртілек Каракесеков, Ерсұлтан Орынбаев және Ернұр Ерденбай секілді азаматтар тек кәсіби жолында емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, жастарды дамуға, қоғамға пайдалы қызмет жасауға ынталандыруда. Бұл жинақтың жарық көруі – азаматтардың еңбегін бағалаудың және олардың жетістіктерін жария етіп, елге танытудың керемет мүмкіндігі. Әрбір хикая ауданымыздың азаматтарының қажырлы еңбегін, жеткен жетістіктерін және болашақта үлкен істерге жетелейтін ынтасын көрсетеді. Олар өз ісінде жаңашылдық пен патриоттық рухты ұштастыра отырып, жастарға үлгі болып келеді. Журналдың жарыққа шығуы – тек ауданның ғана емес, бүкіл елдің жас буыны үшін ерекше әрі маңызды оқиға. Болашақта да осындай табысты тұлғалар көбейіп, өздеріне артылған жауапкершілікті абыроймен атқара береді деген үмітпен, әрбір жастардың жаңа қадамдарына сәттілік тілейміз!