Менің сүйікті университетім

Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі — оқу орнын таңдау тұратыны белгілі. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, менің назарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы.Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие.Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді.

Мен Шығыстану факултетінде білім аламын.Бұл менің өмірдегі ең дұрыс шешім.Шығыстану факультеті Қазақстанның шығыс тілдерін игерген жоғары  білікті мамандар даярлайтын ірі орталығы болып табылады. Мен қазір қытайтану кафедрасының 3курс студенттімін.ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені деп мен мақтана айта аламын.

ҚазҰУ университетінің Шығыстану факультеті, шетел филологиясы (қытай тілі) 3курс студенті Озғанбек Шапағат

Куратор-эдвайзер: Шәріпқазы Нұртәліп

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *