Менің таңдауым — ҚазҰУ

2017 жылдың тамыз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атандым.Бұл оқу ордасының табалдырығын аттау менің мектеп қабырғасынан бергі арманым еді.Еліміздегі 300-ден астам жоғары оқу орындарының ішінен таңдауым ҚазҰУ-ға түскеніне ешқашан өкінген емеспін.Оған түрткі болған бірнеше себеп бар.Біріншіден, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы жəне QS халықаралық рейтінгісінде əлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады.Екіншіден, Университеттік кампуста заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым, кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, «Жас ғалымдар үйі» бар. Студенттерегe ыңғайлы жатақханалардан орын беріледі.Үшіншіден,16 факультетте 86 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат) алу,магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.Осы аталған артықшылықтар ойланбастан таңдау жасауыма себеп болды.

Қазіргі таңда мен осы университеттің Экономика және бизнес жоғарғы мектебі факультетін тәмамдағалы отырмын.Осы орайда мені жылы қарсы алып,құшағына басқан,4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып,студенттік өмірдің қызығы мен қиындығын қатар көрсеткен алтын ұяма алғысымды білдіргім келеді.Қай оқу орнын таңдарын білмей жүрген жас түлектерге айтарым,сапалы білімді Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірге алыңыздар дегім келеді.

 

 

        Шәрімбай Еңлік Бірліктіқызы

Экономика мамандығының

4-курс студенті

 

Болуспаев Шалқар Аманжолович

Доктор phD ,доцент

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *