ҚазҰУ — арман қуған жастардың білім ордасы

Менің жоғары оқу орным — менің мақтанышым деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Бала кезімізден бастап үлкен-үлкен ғимараттардан қолдарына кітаптарын ұстап шығып келе жатқан студенттерге қызығушы едік. Енді міне өзіміз де өзгелер қызығып та, қызғанып та қарайтын білдей бір студент болдық. Көптеген еліміздің көшбасшысы болып жүрген танымал адамдардың ізін басып, мен де ҚазҰУ-не арманның жетегіне еріп түстім. Бұл таңдауыма бірде-бір рет өкінген емеспін. Жан-жақты білім, қызықты студенттік шақ, әр-түрлі концерт, олимпиада, студенттің білімге қызығушылығын арттыратын түрлі іс-шаралар, мұның барлығы сөзсіз студентті алға жетелейді. «Жаста оқыған оқуың — тасқа жазғанмен бірдей» дегендей қатарластарымызбен жарыса оқу оқимыз. Неліктен ҚазҰУ? Не үшін мен осы жоғары оқу орнын таңдадым? Оған бірнеше себеп бар:

  1. Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бүгінде әл — Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері.
  2. Оқытушы — профессорлар құрамы – 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400 — ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800 — ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар. Жыл сайын ҚазҰУ ең үздік мамандарды даярлайды. Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.
  3. Оқушы үшін университетте барлығы бар. Мәселен Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркем өнер үйірмелері, хореорграфия топтары жұмыс істейді.
    Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалынған (ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттердің спорттық клубы, түрлі секциялар, денсаулық топтары). Қызметкерлер мен студенттердің спартакиадасы ұдайы өткізіліп, олардың қалалық жарыстарға қатынасуы қамтамасыз етіледі. Біздің университет спорт командалары әрдайым жоғары орындарға ие болады. ҚазҰУ студенттері басқа студенттерден ерекшеленеді. Олар ең білімді, ең тапқыр және нағыз патриоттар болып табылады. Бұл университетке түсу үшін емтиханнан жоғары балл алу қажет, ал бұл барлығынан қолынан келе бермейді. Барлық қалалық немесе дүниежүзі аралық іс — шараларда біздің студенттер беріліп қатысады.
  4. Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол! Мұның барлығы басқа жанға асыра мақтау болуы мүмкін, бірақ, ҚазҰУ — мүмкіндіктерге толы инновациялық мекен екендігін мойындауымыз керек. Бұл жетістіктер ҚазҰУ еңбек ұжымының, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен университет басшылығының жұмысты парасатты да сапалы ұйымдастыру білуінің арқасы екендігінде сөз жоқ. Отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті жоғарыбілікті де білімді мамандарды даярлап, кадр потенциалын құруды басты мұраты еткен ҚазҰУ-лықтардың негізгі мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Қазіргі таңда, оқу орнымыз студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндікті беріп отыр, ал оны миға тоқып, университетіміздің деңгейін көтеру — біздің қолымызда!
  5. Осы университетте тек қазақ азаматтары оқымайды, көптеген шет студенттері де білім алады, олардың айтуы бойынша ҚазҰУ — дан керемет университет жоқ.

Мен Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқуды мақтан тұтамын, себебі осы университет маған жоғары білім беріп, үздік маман болуыма үлкен үлес қосты.   Арман қуып келген әр жеткіншек бұл ордада өз орнын табантығында күмәнім жоқ.

Калиева Сауле Ауганбаевна,
ҚР БжҒМ ҒК Экономика институтының басты ғылыми қызметкері, э.ғ.д, асс. профессор

Аманқұл Венера Нуржанқызы,
«Экономика» мамандығының 4-курс студенті

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *