Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

Қазақ елінің әйгілі ақыны Жамбыл Жабаев 1846 жылда ақпан айының 28-і жұлдызында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүние есігін ашқан. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған болатын. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбай бабамызға жолығып, оның батасын алған.

Жамбыл “Шағым”, “Жылқышы”, “Шәбденге”, “Сәт сайланарда”, “Өстепкеде”, “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық” сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен. Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Жамбыл 1945 жылғы мауысым айының 22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.

Жамбыл өлеңдері әлемнің барлық тілдеріне аударылған және жарияланған. 2020  жылдың Мәскеудегі Жеңіс парадында Жеңіске Жамбыл Жабаевтың да қосқан үлесін қазақ халқы да, ресейліктер де жадынан шығармағанын байқадық. Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты атақты өлеңі ешқашан ұмытылмайды. Рас, Жамбыл Жабаевтың 100 жылдық ғұмырының соңғы 28 жылы Кеңестер одағы тұсында өтті. Бұл ақынның қасиетіне де, қасіретіне де айналды. Коммунистік жүйе, оның идеологтары Жамбылды партияның ұранына айналдырып жіберді. Тек партиялық тұрғыдан бағалады.

2021 жылы жыр алыбы Жамбылдың (1846-1945) туғанына 175 жыл толды. Осы орайда Қазақстанда ақынның мерейтойын жаппай мерекелеу жүріп өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мерейтойлық іс-шаралардың жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету үшін «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» арнайы Жарлық қабылдағаны белгілі.

Мерейтойлық іс — шаралар жыл ішінде республика бойынша 500-ге жуық әлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шаралар өткізуді көздеп отыр. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу және басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр.

Жыл басынан бері еліміздегі және шет елдердегі қалалар мен елді мекендерде Жамбыл Жабаевтың ескерткіштері мен бюсттеріне гүл шоқтары қойылды, әрқилы мәдени шаралар өткізілді.

Атап айтсам, ақпан айның төртінші аптасында Украина астанасы Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында поэзия оқулары өтті. Іс-шараға қатысушылар Ж.Жабаевтың қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді.

26 ақпан күні елордада Ж. Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Сонымен қатар Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында өткен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс мәресіне жетті. Ғасыр жасаған Жамбыл бабамыз бен еліміздің бірқатар тұлғаларын, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын жырына арқау еткен ақындар жақсы айтыс жасай білді.

Жамбыл атамыздың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Тарих, археология және этнология факультеті

Т.ғ.к., доцент Л.М. Хасанаева

2-ші курс магистранты Даирова Гүлдана

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *