«Музыка әлеміне саяхат!»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып:«Дені саудың жаны сау»
Апталық тақырып: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер!
Тақырыбы: «Музыкада сиқырлы дәрумендер қонақта!»
Мақсаты: Музыка тыңдату арқылы ұлттық сезімдерін ояту. Музыканың мазмұны мен сипаты туралы пікірін айтуға үйрету. Әннің сипатын қабылдап, мазмұнына сай орындай білуге дағдыландыру. Марш екпінінде музыка әуенімен жаттығулар жасау.
Әдіс – тәсілдері: Дамыта оқыту технологиясының «Топтау әдісі», Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын.
Сөздік жұмыс: Дәрумендер, жеміс, көкеніс, азық-түлік, күй, ән, домбыра, би.
Полингвальды компонент: Дәрумен-витамин- vinamine. жеміс-фрукт-fruct. Көкеніс-овощи-veqetables. Азық-түлік-продукты-products. Күй-куй. Ән-пецня-sonq. Домбыра-дамбыра-dombyra. Би-танец-dance.
Заттық дамыту орта: Мазмұнды суреттер, қонаққа келген тәрбиешінің көмекшісі мен Ержігіт есімді бала, жемістер, көкеністер және азық-түліктер, тақырыпқа байланысты үнтаспаға жазылған музыка дыбыстары, балаларға арналған домбыра,ұялы телефон.
Оқу қызыметінің кезеңі | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | Балалар бүгінгі оқу қызыметіміз өте ерекше, бізге қонақтар келіпті. «Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы» деп үш тілдегі музыкалық сәлемдесуімізден басатайық. Шаттық шеңбер: «Қайрылы таң» Музыкасын жазған: Л. З. Аитова Сөзін жазғандар: Н. Қ. Жолдыбаева Г. Ж. Түгелбаева 1.Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң, достарым, Шеңберге тұрайық, Жылулық сылайылық! 2.Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга Пожелайте добра! 3. Good morning good morning, Good morning to you, Good morning good morning, We are glad to see you! Балалар біз ағзамызға керекті дәрумендерімізді қайдан аламыз? «Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты» деп аталарымыз айтып кеткендей ауырмай әрдайым деніміз сау болуы үшін не істеуіміз керек? Дәрумендердің А,В,С,Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан аламыз. Дамыта оқыту технологиясының «Топтау әдісі» бойынша: «Көңілді дөңгелек» ойыны арқылы жүріп бойымызды сергітіп жүріс түрлерін жасайық. Көңілді дөңгелектермізде 1-топ жеміс-жидектер, 2-топ көкеністер, 3-топ азық –түлкі бар екен, музыка әуенімен жүреміз, музыка кілті тоқтағанда қолымызға алған жемісіміз, көкеністеріміз, азық-түліктеріміздің атауы мен пайдасын атамыз. |
Балалар шаттық шеңберді қазақ, орыс, ағылшын тілінде әуен ырғағымен қосылып, сөздерін музыка екпінімен нақтышына келтіріп орындады.
Жеміс-жидектер, көкеністер, азық-түліктен. Көкеністерден жасалған тағамдарды ішуіміз керек, жеім-жидектерден жасалған шырындар ішуіміз керек, Спортпен айналысумыз керек, тазалық сақтауымыз керек.
Балалар жемістер, көкеністер, азық-түлік топқа бөлінді. 1-марш екпінімен жүреді; 2-аяқ ұшымен жүреді; 3-бір қырларымен жүреді; 4-жүгіруді бастапқы жүру түрлерін жасап, жеміс, көкеністер немесе азық-түлік жайында атауын, пайдасын, түр сипатын атап айтып берді. |
Ұйымдастыру-шылық- ізденістік | (Музыка бөлмесіне кенеттен Ержігіт деген бала екі иығы төмен түскен, өзі әрең жүріп, даусы жай шығып кіреді. ) Ержігіт: Сәлематсыздарма? –Сәлематсызба, сен кімсің? Біздің музыка бөлмемізде қайдан жүрсің? Ержігіт: Мен Ержігіт. Мен «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының актеры болғым келеді. Музыка бөлмесіне ән, би, ертегі кейіпкерледі сомдауды үйренейін, сізден дәріс алуға келдім. –Ержігіт сен өзің қалай актер болмақшысың, өзің әлсіз әрең қадам жасайсың, даусыңда жай шығады, бойыңда мүлдем күш жоқ екені көрініп тұр. Ержігіт: Енді қайттім? Менен ешқандай актер шықпайма? (Жылайды) -Дәрумендер тірегің, А,В,С,Д,Е деп аласың. Жетіспесе оның бірі, Ауырып сен қаласың. –Бірінші байлық денсаулық деп бекер айтылмаған шығар, сен жігерлі, күшті, шымыр болуың үшін күнде таң ертең жаттығу жасап, жемістер мен көкеністерді көп жеуің керек. Ержігіт: Жемістер мен көкеністерді қайдан алам? –Сен көңіл-күйіңді түсір ме? Біздің бөбекжай-бақшамыздың бау- бақшасында жемістер мен көкеністер жазда жайқалып өскен, күз мезгілінде қоймамызға Кадыржанқызы Аймекен апайымыз жинап қойған еді, мен қазір телефон соғып, бөбекжай – бақшамыздың аспазшылары сағанда дәрумені тола тағам дайындап беруін өтінемін. (Кадыржанқызы Аймекен апайға телефон соғу) Балалар сенің атақты актер болуыңа барынша көмектеседі. –Қане, балалар, асханаға барып Ержігітке дәрумені толы тағанды алып қайтайық. Қане, бәріміз жолға шығайық. Әннің сөзін кім жазады? Әннің музыкасын кім жазады? Күйді кім шығарады екен? Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Музыка тыңдау: «Сарыжайлау» Күйді жазған: Тәттімбет Қазанғапұлы Күйші- композитор, домбыра шертпе орындаушылықтың негізін қалаушылардың бірі. Тәттімбет Қазанғапұлы 1815 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауылында дүниеге келген екен. Тәттімбет Қазанғапұлының «Сарыжайлауды» үйін үнтаспадан тыңдаймыз. «Сарыжайлау» күйін қандай музыкалық аспапта тыңдадық? Күй ұнады ма? Күйдің екпіні қандай? Көз алдарыңа нені елестеттіңдер?
Күйдің қай түріне жатады? Балалар бәріміз өзімізді бәр сәт домбырашы сезініп, «Сарыжайлау» күй домбыраны қолға алып музыка ырғағымен шертіп қағып ойнайық. Музыкалық аспапта ойнау: «Сарыжайлау» күйін домбыра аспабында шертіп орындау. Күйді әуен ырғағымен шетеміз, күй басталғанда домбыра қағысын бірге бастап, күйді сезіне отырып орындаймыз. Дауыс жаттығуы: «До-до» Балалар аспаппен дауыс жаттығуын бірге бастап және дауысқа күш салмай айтуды үйренді. Балалар дауыс жаттығуын не үшін жасаймыз? Ән айту: «Бай дала» Сөзін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов Музыкасын жаған: Дүнгенбай Ботбаев 1.Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін, Бұл күндері кейіпті Сары көйлек жібегін. Қайырмасы: Еліміз, бай дала! Алтын астық айнала. Еліміз, бай дала! Алтын астық айнала. 2.Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық. Шуылдайды тал терек Жапырағын жұлғызып. Қайырмасы: Еліміз, бай дала! Алтын астық айнала. Еліміз, бай дала! Алтын астық айнала. 3.Жердің шаңы басылсын, Гүлдің аузы ашылсын. Еккен егін көктесін, Бізге нанды көп берсін. Қайырмасы: Еліміз, бай дала! Алтын астық айнала. Еліміз, бай дала! Алтын астық айнала. Музыка әуенін үнтаспадан тыңдайды, әннің сөзін қайталайды, әуен ырғағын «ля» дыбысымен және әннің сөзін іс-қимылмен орындауды үйренеді. Би элементі: «Биші жемістер мен көкеністер полькасы» Біз екі топқа бөлініп жемістер және көкеністер боламыз. Би қимылдарымызды музыка әуенсіз орындап жаттығамыз, биіміз әдемі орындалуы үшін. Бәріміз бірге марш екпінімен орнымызда тұрып қимылдар жасаймыз, әуен ырғағына қарай шеңбермен айналып, орнымызға жұптасып тұрамыз. Жұптасып оңға және сола қадамдап музыка ырғағымен тіземізді бүгеміз. Марш екпінімен қимылды сәйкес етіп үйлестіріп жасауға үйренді. Балалар ән айтып, би билеп жүріп асханамызға да келіптік. (№36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшамыздың Балауса тобының тәрбиешінің көмекшісі Жанұзақова Гүлсім апай кіреді. Қолында стақандарға құйылған шырыны бар.) -Саламатсызба Жанұзақова Гүлсім апай сіз біздің Ержігіт баламызға қандай күш-қуат беретін дәрумендер алып келдіңіз. Жанұзақова Гүлсім апай: Сәлематсыңдар ма, сендерге қоймашы Аймекен Кадыржанқызының қоймаға сақтап қоған жеміс-жидектерінен, бас аспазшы Айжан Керимжанқызының баптап әзірлеген «Көп дәруменді» шырынын алып келдім. Ержігіт балама ғана емес мен осында музыка ұйымдастырылған оқу қызыметіне қатысқан балалардың бәріне және қонақтарға да ала келдім. – Жанұзақова Гүлсім апай рахмет Көп дәруменді» шырыныңызға сізге көп! Жанұзақова Гүлсім апай : Ас болсын! Әрдайым дәруменге толы тағамдарды жеп, аурымай денсаулықтарың мықты болсын. Менің топта шаруаларым бар сау болыңдар. | Сәлематсызба?
Балалар бір-бірінің артынан әуен ырғағымен бөлмені айналып орындарына отырады.
Автор. Компазитор. Күйші. Балалар үнтаспадан «Сарыжайлау» күйді мұхият отырып тыңдады.
Қазақтың ұлттық аспабы домбыра. Иә. Жай екпінді, баяу, көңілді, өте әсерлі. Күзгі табиғатты, сарыжайлуды, сылдырлап аққан бұлақ, салқын жел қағып тұрғандай елестеттік. Шертпе.
Балалар домбыра аспабында «Сарыжайлау» күйін әуен ырғағымен қағуға дағдыланды. Ән айтқанда даусымыз әдемі естілуі үшін. «До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до» Балалар дыбысты анық айтуға дағдыланды. Тыныс алу жаттығуларын жасады.
Балалар «Бай дала» ән әуенін үнтаспадан тыңдайды.
Әннің сөзін музыка жетекшімен бірге қайталады.
Әннің әуен музыкасын «ля» дыбысымен шырқатып айтты.
«Биші жемістер мен көкеністер полькасы» балалар жетекшімен бірге мұхият қайталап жасады.
Марш ырғағымен орында аяқ және қол қимылдарын бірдей жасауға жұптасып орында айналуды, дағдыланды.
Сәлематсыз ба!
Рахмет.
Сау болыңыз! |
Рефлексиялық -түзетушілік | Балалар бүгінгі оқу қызыметімізді «тамаша» ойынымен аяқтаймыз. Ойын шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам,сендер тамаша деп жұдырықты түйіп,бас бармақтарынды көтересіңдер. «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшамыз қандай? Бүгін қонаққа келген балабақша қызметкерлері қандай? «Балауса» тобының балалары қандай? Дәрумендер көп жесек біздің денсаулығымыз қандай болады? Тәттімбет Қазанғапұлының «Саржайлау» күйі қандай? «Бай дала» әнін қалай шырқадық? «Жемістер мен көкеністер полькасы » музыка әуені қандай? «Музыкада сиқырлы дәрумендер қонақта» ұйымдастырылған оқу қызыметіміз қандай екен? Балалар «Ас адамның арқауы» әрдайым дәруменге толы тағамдар мен тамақтаныңдар! «Тазалық- сұлулық кепілі» әдемі сұлу болыңдар! «Денсаулық –зор байлық» әрдайым күшті, жігерлі шымыр болып, деніміз сау болсын! Бүгін бәрің ұйымдастырылған оқу қызыметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар! |
Тамаша
Тамаша Тамаша
Тамаша
Тамаша
Тамаша
Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже: күй сипатын, мазмұнын ажыратуды пысықтау;
Біледі: әннің сипатын қай қимыл жасап, әуенімен қимыл қозғалыс жасай біледі;
Игерді: балаларға арналған қазақтың ұлттық домбыра аспабында күйді ырғағымен шертіп орындады;
Меңгереді:әуеннің ауыспалы сипатын ажыратып, эмоциямен көрсетіп, марш екпінімен жұптасып қимылдар жасауды меңгерді;
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.