“Айқап” журналына 110 жыл!
Есенгелді Дильназ
Қазақ баспасөз тарихында «Айқап» журналының алатын орны – ерекше. Троицк қаласында 1911-1915 жылдар аралығында шығып тұрған «Айқап» қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінің көптеген көкейтесті мәселелерін көтергендігіне куәміз. Шын мәнінде қазақ баспасөзін зерттеп зерделеу еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге басталды. Ал тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында «Айқап» журналының 100 жылдығын атап өту — ұлтымыз үшін биік мәртебе болуы тиіс. «Әй қап» деген сөзден басталған бұл журнал бар-жоғы төрт жылға созылған.Журналды ұлтжанды азамат, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин басқарды. 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланып отырды. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан «Айқап» журналы қаржының тапшылығынан 4 жылдан кейін, яғни 1915 жылы жабылды. Профессор Қалижан Бекқожиннің айтуынша “Айқаптың” тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.
Мұхамеджан Сералин журналдың редакторы ғана емес, оның алғашқы ұйымдастырушысы, идеялық жетекшісі болды.Қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі.
М.Сералин «Басқармадан» деп аталған мақаласында бұл журналды ашудағы басты мақсатын былай деп түсіндіреді: …Мақсатымыз дүние жиып, байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді… Журнал шығарғандағы мақсатымыз – халыққа жол көрсетпек еді…».
110 жылдық тарихы бар «Айқапта» М.Сералиннен басқа Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин,С.Торайғыров секілді рухани жетекшілердің де мақалалары жарияланып тұрған. М.Дулатұлы айтқандай, «Айқап журналы» қазақтың білім әлеміне ашылған терезесі, ағарту ісі мен мәдениеттің жалынды жаршысы -,деп айта кеткен. Бұл журналдың абайтануды қалыптастырудағы, классикалық әдебиеттің рухани мұрасын насихаттаудағы рөлі орасан зор. Бірақ бүгінде тарихи сахнаға шыққанына 110 жыл толып отырған журнал дүниежүзілік соғыс кезіндегі қаржылық қиындықтар, стилінің сындарлығымен, толғағы жеткен жалпыұлттық мәселелерді қозғауымен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы әсерінен 1915 жылы «Айқап» журналы өмір сүруін тоқтатты.
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.