Кинетикалық құм. Ата-аналарға арналған кеңес
Ата-аналарға арналған кеңес
Құрметті ата-аналар!
Балаға қандай ойыншық, қандай қызықты сыйлықтар алып берем деп баламды қуантсам екен деген сұрақ әрбір ата-аананың көкейінде жүреді.
Бүгін мен сіздерге баланы шексіз қуанышқа бөлейтін ойын түрі-құм. Оның ішінде кинетикалық құм туралы айтып өтпекпін.
Кинетикалық құмның текстурасы соншалықты жұмсақ, ол жібек секілді.Ұстағанда өте жағымды әсер береді.
Бұл құмның ерекшелігі ол саусақтардың арасынан сусып өтіп бара жатқандай сезіледі және формаға жабыспай баланың жұмыс жасауға деген қызығушылығын арттырады.Кинетикалық құммен жұмыс жасау баланың шығармашылық әлеуетін, бейнелік-логикалық ойлауын, қиялын, қолдың ұсақ маторикасын дамытады.
Біздің балабақшамызда кинетикалық құмның алуан түрлі түстері жинақталған.Балалар осы құммен ойнау арқылы әр баланың бойындағы жасырын қабілеттерін оятуға, оны ашуға тез берілуден, жалқаулықтан арылуға, бойындағы психологиялық агрессивті мінез-құлықты қалпына келтіруге зор ықпал етеді.
Құрметті ата-аналар!
Мен психолог маман ретінде сіздерге осы құмды қол жетімді бағада дүкендерден балаңызға алып беруге кеңес беремін.Алар кезінде оның сақталу мерзімін қарап, сертификатын талап етуді естен шығармаңыз.
Бала бос уақытында осы құммен ойнай отырып, өзіне үлкен әсер алады.
Педагог-психолог: Оспанов Ақылбек Серікұлы
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.