Берік отбасы-есірткіден алыс!
Біздің отбасы – есірткіден алыс!
Отбасы – ол біздің шағын Отанымыз. Біздің отбасымыз үлкен емес. Мен өзімді бақытты жан санаймын. Себебі менің тату да ұйымшыл отбасым бар. Олар мені үнемі қолдап отырады. Ал, отбасында бірлік жоқ адамдар өздеріне қиын сәтте қолдау болмағандықтан, адасып, жаман жолға түсіп жатады, яғни ішімдікке, шылым шегуге, есірткіге әуес болады. Есірткі деген атының өзі қандай жағымсыз еді. Оның қаншалықты зиян екенін біле тұра, оған қарсы тұра алмайтындар баршылық. Балаларына үлгі болып , жол көрсетудің орнына, кері кетіп, балаларды улауда.Оны оңай ақша табудың көзіне айналдырып алған . Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды .Оның адам денсаулығына тигізер зияны көп . Ағылшын тілінде “ narkotik”ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағына береді екен. Сонда оны қолданған адамның ағзасы сезімнен арылады да, ненің дұрыс немесе бұрыс екенін білмей әрекет етеді. Нәтижесінде қылмыстың әр түріне барады. Есірткіні алу үшін ата анасының маңдай терімен тапқан қаражатын ұрлауға әдеттенеді. Оны бір рет қабылдаған соң шырмалып, одан құтыла алмай қалады. Біреулер ермек үшін қабылдаса , ал енді біреулері аңдаусызда торына түсіп жатады. Көбіне жасөспірімдерге сусынға қосып немесе шылым секілді етіп береді екен. Оны қайта қолдану үшін бәріне барады .Нәтижесінде өз- өзін жоғалтады, болашаққа деген сенім , отбасының сенімін, үмітін жоғалтады. Осыдан кейін достарынан, туған -туыстарынан айрылады. Есірткінің қармағына іліккен соң, одан оңай құтылып кете алмайды. Оның денсаулыққа да тигізер зияны көп . Денсаулық-зор байлық. Денсаулықты сақтау өте маңызды. Егер біз салауатты әрі керемет өмір сүргіміз келсе, денсаулықты күтіп жүруіміз керек. Егер әрбір адам өз өмірінің ұзақ та жайдары болғанын қаласа, бұндай шылым, есірткі секілді жағымсыз заттардан аулақ болады деп сенемін. Мен болашақта қураған ағаш секілді емес, гүлденген бәйтерек болғым келеді. Ол үшін әрқашан жаман ойдан аулақ болу керек. Әрбір уақытты тиімді өткізген жөн.
Өмірде жақсылық көп болатынына сенемін, ал есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен!
Майбалаевтар отбасы,
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылы
“59 орта мектебі”
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.