«Өлкетану – туған жердің тарихи танымы»
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады.
Қазақстандық білім беру саясатының басты міндеті – мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның көкейкесті мол сұраныстарына сәйкес іргелі де сапалы білім беру. Балалар мен жастарды тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясат Елбасы Жолдауында көрініс тапқан.
Қaзақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашaққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламaлық мақаласында тәрбие үдерісінде жaңа жобаларды жүзеге aсыруды ұсынды. Нәтижеге бaғытталған бұл жобалар арқылы тaяу жылдaры жaлпыхалықтық қоғамдық сананы жaңғырту – тәрбие жұмыстарының басты бағдарына айналды. Осы мақсатқа жету үшін «Туған жер» бағдарламасын жүзеге aсыру қарқын алып келеді. Сондықтан, бүгінгі білім беру жүйесінде өлкетануды оқу мен оқытуды ғылыми және әдістемелік деңгейін жетілдіру мaңызды мәселе болып тaбылады.
2017 жылдың 25-қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің №545 бұйрығымен жаңартылған мазмұнға қатысты жалпы білім беретін мектептердің 5-7 сыныптарында «Өлкетану» пәнін оқыту Қазақстан тарихы, музыка, қазақ әдебиеті және география пәндерінде кіріктіріліп оқытылады.
География пәнінен екі сағат ұсынылып отыр. Бірінші тақырыбы «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы», екінші тақырыбы «Туған өлкенің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу». Алдыңғы қатарлы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер көп аспектілі шығармашылықты дамытуда, себебі, табиғи ортаның аймақтық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары оқушының зерттеушілік, танымдылық қабілетін дамытып, отансүйгіштікке, мәдениетке, қайырымдылыққа, әсемдікті бағалауға тәрбиелейді. Өз тәжірибиемде мен оқушыларға шығармашылық тапсырма ұсынамын. Шығармашылық тапсырмада оқушы өзінің жаңашылдығымен, өзгешілігімен ерекшеленетін жеке тұлға өз бойындағы қабілеттілігіне, білім мен біліктілігіне, ізденіске түрткі болады. Өлкетанудағы зерттеушілік-ізденушілік жұмыстардың аспектілерін осылайша жүйелеуге болады. Туған өлкенің флорасы мен фаунасы тақырыбында жергілікті жердегі өсімдіктерін, жануарларын және Қызыл кітапқа енген өсімдіктері мен жануарлар дүниесін атау, оларды сипаттай отырып пайдасын өмірде қолдана алады. Оқушылар осы тақырыб негізінде буклет, қосымша мәлімет, кеппешөптерді жинау, презентация, бейнеролик жасай отырып, шығаршалықтарымен бөліседі. Туған өлкенің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу тақырыбында ауданның тарихымен, шаруашлық салаларымен таныстыры, оқушыларға өз аулына байланысты геральдикалық таңба жасау тапсырылады. Бұл тапсырманы балалар қызығушылықтарын көрсете отырып, ең үздік таңба мектептің парақшасына салынады.
Бүгінде аймақтың компоненттерін ескере отырып өлкетану жұмысын жүргізу білім беру мен тәрбиелеудегі инновациялық қадам болып табылады. Өлкетану жұмыстарында білім алушылар сыныптан тыс киелі орындарға, мәдени мекемелерге, тарихи орындарға, ұлттық табиғи парктерге өлкетанулық саяхат жасалынады. Сарқан ауданының тарихи орындары Қарауылтөбе, Қойлық қалашығы, мәдени орындардан Қойлық ауылының Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің мұражайы мен Черкасск ауылындағы мемориал мен мұражайларына, ауданымыздың мақтанышы Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне саяхат жүргізіледі.
Өлкетану бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылының Алматы облысының Білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастырылуымен «Менің Отаным Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінде «Туған өлкенің тарихы» номинациясы бойынша Сарқан ауданының Бірлік орта мектебінің оқушысы Даулектелді Аяжан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Өлкетану сабақтары арқылы жалпы білім беретін мектептерде рухани жаңғырған, қоғамдық санасы қалыптасқан, ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай алатын, өлкенің көпұлттық және көпмәдениеттілік жағдайына төзімді тұлға тәрбиелейді.
Елбасымыз айтқандай «Біллімді ұрпақ – ел болашағы». Еліміз жаңа тарихи кезеңге батыл қадам басқанда мақсаты айқын, мұраты биік, саналы азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете білейік.
«Сарқан ауадндық білім бөлімінің Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі
Матаева Айгуль Нурсалимовна
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.