Наурыз — жыл басы

Масалимова Кундыз
Наурыз меркесі
Наурыз —жыл басы
Мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін қолдана отырып балалардың шығармашылығын арттыру, балаларға патриоттық тәрбие беру.
Хабаршы Мансұр: Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді! «Болашақ» балабақшасының Наурыз тойы басталды! Естімегендер естіңдер! Тойдан қалып қоймаңдар.

Жүргізуші: Келіңіздер, Наурыз тойға бәріңіз бүгін,
Аямас бүлдіршіндер ән мен жырын.
Тойлайық халық тойы Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!
— Құрметті қонақтар! Алыстан артып келсең айран ұсынып, «қонақ» десе құрт – майын сақтаған абзал әжелер, күлкісі әсем аналар мен жеңгелер, жарқын жүрсе қылығымен сүйсінткен аяулы апа – сіңлілер, ұстаздар мен балалар! Төл мерекеміз Наурыз мейрамы құтты болсын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *