Сен тұратын аймақта қандай катаклизмдер болуы мүмкін?

Нурсейтова Н.О., М. Дулатов  атындағы №136 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 ІІІ тоқсан № 2 сабақ
Тақырыбы Сен тұратын аймақта қандай катаклизмдер болуы мүмкін?
Оқу мақсаты 4.2.3.2 –зерттеулер негізінде өз өңірінде туындауы мүмкін табиғи апаттарға болжам жасау
Ресурстар Оқулық:
Қосымша материалдар (бейнематериалдарға сілтеме):
Көрнекі құралдар: Интернет-ресурстар, дерек қордан және интернеттен сабаққа  қатысты  ақпаратты іздеу
Сабақтың мақсаты Бүгінгі сабақта сіздер:

зерттеу негізінде өз өңіріңізде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайсыздар;

•          климаттың адамзат дамуына әсерін талдайсыздар;

•          нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайсыздар;

•          өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайсыздар.

Термин/н жұмыс •          табиғи құбылыстар;

•          климаттың әсері;

•          табиғи апаттар;

•          жасанды орта, нысандар, көкжиек.Қазақстанның табиғи аймақтары (зоналары): таулы аймақ, дала, шөл дала, шөлейт

•          Атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық, жауын-шашын және жел

Сабақтың қысқаша мазмұны Оқушылар табиғи құбылыстар,ауа-райы элементтері, ауа-райының болжамы, климат, климаттың адамның іс-әрекеттеріне әсері, табиғаттағы қауіп-қатерлер туралы 2-сыныпта «Бізді қоршаған әлем» тарауында,3-сыныпта «Жанды табиғат» тарауында оқып танысқан. Оқушылар ауа-райының қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыруды, табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлауды біледі.

Жанартаулардың атқылауы мен цунамиды айтпағанда, біздің елімізде де әртүрлі табиғат апаттары болып тұрады. Кей облыстарда құрғақшылық, қатты аяздар, су тасқыны, шаңды дауылдар, аптап ыстықтар және даладағы өрт тәрізді оқиғалар оқтын-оқтын орын алады. Таулы аумақтарда жер сілкінісі мен сел тасқыны болуы ықтимал. Бабаларымыз «Қамданған қапы қалмайды» деп бекерге айтпаған. Бұл қанатты сөзді біз бала кезімізден білеміз. Көптeген табиғат апаттарын алдын ала болжап, күні бұрын дайын-
далуға болады. Біздің еліміздегі табиғи катаклизмдердің көпшілігі табиғи жағдайларға байланысты. Алайда бұл мәселеде адамның іс-әрекеті де үлкен рөл атқарады.

Дескрипторы:

•         зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

•         климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;

•         нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

•         өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

«Фишбоун» әдісі

Оқушылар берілген жоспар бойынша фишбоун кестесін толтырады (таңдау бойынша)

 

 

Оқу тапсырмалары Қандай табиғи құбылыстарды білесің?

•         Олар адамның өмірі мен іс-әрекеттеріне қалай әсер етеді?

•         Қандай табиғи қауіптер кездеседі?

Неліктен екенін айта аласыз ба?

•         …ауа-райын адамдарға білу қажет?

•         …нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтаймыз?

Жазуға арналған кеңестер:

«Менің жақсы көретін жыл мезгілім» тақырыбында эссе жазу..

•         Климаттың адамзат дамуына әсері.

Мұғаліммен кері байланыс Құрметті оқушы, орындалған барлық тапсырмаларды ________ электронды поштасына, немесе ________ телефон нөміріне WhatsApp-қа  жібере аласыз.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *