Нарықтық жағдайдағы шаруашылық ету формалары
Нарықтық жағдайдағы шаруашылық ету формалары
Күні; 5.02.21ж. О-181
Пән:Нарықтық экономика негіздері
Сабақ тақырыбы: Нарықтық жағдайдағы шаруашылық ету формалары
Сабақ түрі: теориялық сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, нарықтық экономика негіздері, кәсіпорын экономикасы, маркетинг және менеджмент негіздері, Қазақстан тарихы.
Сабақтың мақсаты
білімділік: студенттерге нарық ұғымын, элементтерін, түрлерін түсіндіріп, білімдерін пысықтау арқылы, экономиканы озат меңгерген топты анықтау;
дамытушылық: экономикалық дүние танымдарын дамытып, экономика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
тәрбиелік: Экономикалық тәрбие – жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру, әділеттілік пен мейірімділікке тәрбиелеу;.
Сабақтың өту барысы
Реттік № | Сабақ/оқу кезеңі | Мазмұны |
1 | Ұйымдастыру кезеңі | Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару. |
2 | Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) | 1.Дәстүрлі экономика а) бұл жеке меншікті жойған жоспарлы экономика 2.Нарықтық экономика б) Не шығару керек,қалай шығару керек,тауарлар мен қызметтерді кім алуына болады? 3.Әміршіл экономика в) бұл дәстүрге негізделген экономика 4.Экономикадағы басты мәселелер г) бұл жеке меншікке,бәсекеге және еркін баға тағайындауға негізделген экономика
|
3 | Жаңа сабақты түсіндіру | Мұғалім жаңа тақырыпты айтады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.« Нарықтық жағдайдағы шаруашылық ету формалары » Білімгерлерге жаңа тақырып түсіндіріледі және алдарына тақырып бойынша жазба материалдары беріледі. |
4 | Өтілген сабақты бекіту | Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау |
5 | Үйге тапсырма | «Нарықтық жағдайдағы шаруашылық ету формалары» тақырыбына мәліметтер жинақтау |
6 | Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау | Жаңа материалдарды пысықтау, студенттердің меңгерген білімдерін талдау, бағалау. Студенттерді білімін БББ әдісі бойынша бағалау |
Арнайы пән оқытушысы: Г.К.Шымырбаева
Сабақты жүргізу кезеңдері
- Ұйымдастыру кезеңі
- Білім алушылармен амандасу;
- Білім алушыларды түгендеу;
- Зейіндерін сабаққа аударып, оқу-құралдарын тексеру;
- Үй тапсырмасы;
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
Негізгі ұғымдар: қоғамдық шаруашылықтың нысаны, натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, тауардың қасиеттері, тұтыну құны, айырбас құны, құн, құн заңы, еңбек сипатының екі жақтылығы, қоғамдық қажетті жұмыс уақыты, еңбек өнімділігі, ақша, ақшаның қызметтері, сандық ақша теориясы, т.б. Қоғамдық шаруашылықтың нысаны – адамдардың шаруа-шылық қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі.
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан 2 әдісі бар:
1) Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
– экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
– әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы;
– қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы;
– өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байла-ныстардың орын алуы;
– еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі.
Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндірушілік болып бөлінеді. Иемденушілік натуралды шаруа-шылық – терімшілік өнері басым болатын, еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын шаруашылық.
2) Тауарлы шаруашылық – өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
– экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы;
оғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;
– тауарлар айырбасының орын алуы;
– еңбектің мамандандырылуы;
– өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыстардың орын алуы;
– еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және содан кейін тұтынылады.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алы келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар
өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі және сауданың
оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жол ашты.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті:
Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы.
Жеке меншіктің пайда болуы.
Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.
Сондықтанда, қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы шаруашылығының негізінде ғана дами түседі.
Сабақты бекіту;
Үй тапсыпмасы: Жаңа тақырыпқа мәліметтер жинау.
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.