Құм терапиясын қолдану арқылы сөйлеу тілін дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Құм терапиясын қолдану арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларды құммен таныстыру, оның түрі, түсі туралы түсінік беру. Құммен жұмыс жасауға үйрету.Күз мезгілінің ерекшеліктерін айта алуға үйрету.
Дамытушылық: артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы артикуляциялық қимыл-қозғалысын дамыту.Тыныс алу жаттығуын жасау арқылы сөйлеу тынысын дамыту. Құмның бетінде сурет салу арқылы ұсақ қол қимылын және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: баланы құммен ойнау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жан-жақтылық қасиеттерін шыңдауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар,сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар: құм, түрлі-түсті құм, айна, сүрткіш,тыныс алу жаттығуына арналған түтікше мен қолғап, ноутбук, мнемокесте үлгісі , күз мезгілінің суреттері, қысқыш.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Жүрек жылуын алайық
Жиналған бар жылуды
Қонақтарға шашайық.
2.Баланың көңіл күйін сұрау
Көңіл күйіміз жақсы болса, ендеше сабағымызды бастайық.
3.Артикуляциялық жаттығу: «Тәтті тағамдар»
Шарты: Бала тәтті пішіни, кәмпит, жемістердің көмегімен тілге арналған жаттығуларды жасайды.
«Түтікше» жаттығуы- тілді шығарып түтікше түріне енгіземіз.
«Бақа»- тістерімізді біріктіріп, жымию.
«Терезе»- ауыз үлкен болып ашылады.
«Піл»- ернімізді біріктіріп алдыға қарай қатты созылады.
«Кесе»- ауызды кең ашып жалпақ қалыптағы тіл жоғарыға көтеріледі де кесенің формасы жасалады.
«Сағат»- тілімізді алдыға шығарып оңға-солға, жоғары-төмен қимылдата отырып жаттығуды жасау.
4.Тыныс алу жаттығуы: «Алақан» жаттығуы
Шарты: Балаға алдын ала дайындалып қоиған колғаптан жасалған, түтікшесі бар алақан тәрізді ойыншық беріледі.Бала терең тыныс алып ұзақ дем шығару арқылы түтікшемен үрлейді. Сол кезде алақанның формасы шығады.
I.Жаңа сабақ
Бүгін біз құммен ерекше қызықты сабақ өтеміз.
Сабағымызды бастамас бұрын құммен оинаудың ережесімен танысып алайық.
1.Құмды шашуға болмайды.
2.Құмды аузымызға салуға болмайды.
- Құм қолымызбен бетімізді, көзімізді ұстауға болмайды.
- Құммен ойнап болған соң міндетті түрде қолымызды сүртуіміз керек.
Нұрасыл алақанымызды ашып құмға қояйық. Енді құмды алақаныңмен сипап көрші. Қолымызға құмды алып оны сеуіп, қысып көрейік. Құм қандай екен жайлап.(кедір-бұдыр,жұмсақ, құрғақ,шашыраңқы). Енді бір-біріміздің алақанымызды құммен жауып көрейік .
Құм-нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм -сусымалы зат.Құм-өте ұсақ ақ түсті, сары түсті, қызғылт түсті болады.
II.Негізгі бөлім:
5.Дидактикалық ойын: «Сиқырлы саусақ»
Шарты: бала саусағының көмегімен бірінші ауада кейін құмның бетінде күз мезгілінің суретін бейнелеп, әңгімелеп береді. Күз мезгілі туралы тақпақ айтады.
Күз
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді
III.Сергіту жаттығуы: Логоритмика «Алақай».
- «Қиялдағы ертегі» мнемокесте бойынша.
Шарты: бала мнемокестенің үлгісі бойынша құмның астына жасырылған суреттерді қысқыштың көмегімен ашып, кейін сол суреттер бойынша өз қиялындағы ертегіні құрастырып айтып береді.
7.Ойын: «Күзгі ағаш»
Шарты: бала түрлі түсті құммен ертегі желісіндегі күзгі ағашты қасықпен алып асемдейді.
Қорытындылау:
-Ертегіде қандай кейіпкерлер болды.
-Бүгінгі біздің құммен сабағымыз саған ұнадыма?
-Қандай әсерде болдың?
-Қандай ойындар ойнадық?