“Жалпы дамыту жаттығулары арқылы балалардың денсаулығын нығайту”
Жалпы дамыту жаттығуларының рөлі
Жалпы дамыту жаттығулары балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Мәселен, таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушылар да ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, жалпы дамыту жаттығулары сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Баланың бақытты болуы үшін, дененің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бала организмінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. 3-5 жас аралығында баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес бір шама уақыт өткен соң жасағанда оың тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балардың бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Жалпы дамыту жаттығуларын жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі екі апта бойы қайталанылады. Егер комлекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырмаса онда ол тәрбиешінің өз қалауына қарай күрделендіруі мүмкін. Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін, ата-аналар балаларын балабақшаға кешіктірмей алып келуі абзал. Таңертеңгілік жаттығуды балабақша тәрбиешісі дене шынықтырушы жүргізеді. Таңертеңгілік жаттығулар өткізілетін бөлмелерді балалар келер алдында, алдын-ала бірнеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал. Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде, көп балалы топтарының қызығушылығы туралы ұмытпау керек. Күнделікті 2 апта бойы бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін. Таңдалған жаттығу кешендерін жаңа жаттығулармен алмастырып отыру керек. Жаттығуларды қысқа және түсінікті етіп түсіндіріңіз. Жаттығуларды көрсету және оны түсіндіруді алдын ала ойластыру керек. Балаларды мектепке дайындығын арттыру үшін , даярлық топқа баратын балалар болса, онда оларға түсіндіру бойынша тапсырмаларды беру керек. Жаттығуларды балалардың дұрыс орындауын қадағалау маңызды.
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.