Инновациялық өзгерістерге ашық біліммен қаруланған жеке тұлға тәрбиелеу
Қали Ира Қайранбайқызы Қазіргі кезеңде Қазақстан қоғамының экономикалық,саяси және әлеуметтік ортада болып жатқан түбегейлі өзгерістері қоғамның алдына қойып отырған мақсаттарының ең өзектісі қоғамымызға оның мақсаттарына сай келетін жас буынды тәрбиелеу мақсаттарын алдымызға қойып отыр.Қоғам мен жеке тұлғаның дамуы өзара байланысты процес.Әр оқушының қазіргі қоғамның даму сипатына бейімделуі,мінез-құлық үлгілерінің көбеюі әлеуметтік ортада болып жатқан жағдайларға байланысты.Еркін қоғамға,талапшыл қоғамға өту әр жеке оқушының даму сатысының бейімділігі,өз-өзіне сену ұғымдарын әр оқушының маңызды да,өзекті проблемасы,оған жету,ізденуін айқындайтын мүмкіндік.Қоғам дамыған сайын әр жеке тұлғаның қажеттілігі мен сапалық деңгейі:көтеріліп отырады.Егер мұндай өзгерістер болмаса қоғам тоқырау(регресс) жағдайында болады.Әр оқушының қайталанбас ерекшеліктеріне көңіл бөлу.
2)жеке адамның яғни оқушының жекелік білімімен,мінез-құлқының бір орта қоғам,яғни орта құру
3)әр жекелік тұлғаның ерекшелігін ашу,біздің білім қоғамызда тұрған ең күрделі мәселе.
Қазіргі кезде жалпы әлемдік сипаталған,жаңа сапалы технологиялар мүмкіндігі,жеке адамның өзіндік байлығы,елінің жоғарғы дамуын насихаттайтын идеологияға айналады.Осы кезде біздің,яғни мұғалімдердің мотивациясы қандай болу керек.Заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.Әр оқушының мәдени рухани болмысын дамытуды,қоғамдық өмірге бейімдеп,ұлттық сапалы қалыптастыруда ұстаздардың еңбегін зор екенін қазіргі қоғам мойындауда.Оқушының белсенді өмірлік дағдысын қалыптастыру, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру дағдысына негіздеу жаңа иновоциялық технологияларда қолдана отырып,осы технологияның ұлттық мәдени дамуға,ұлттық құндылықтарға,бай дәстүрімізге тигізетін әсерін бағдарды ұстануымыз қажет.
Елдің ертең тереңдігімен өлшенеді.Үздіксіз дамып және өзгеріп тұраған әлем әр адамнан қабілеттілікті,үздіксіз дамуды қажет етеді.Әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып,өз білімі мен биілігіне сай бағдар таңдай алатын,ойлау қабілеттері қазіргі әлемге сай жеке тұлға тәрбиелеу жалғыз ұстаздардың ғана емес барлық қоғамымызға тән болуы тиіс.Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары компьютер қоғамның қоғамдық және саяси өмірінде үлкен рөл атқарады бастады.Жаңа ақпараттық технологиялар жалпы жас буынның өсуіне,даму жолының жақсаруына,белсенділіктің бірегей көтеруіліне әсер етуде.Бұл мәселенің екінші жағы ақпараттық технологиялардын барлық оқушыларға бірдей деңгейге жетерлігі болмауы,кейбір ауылдық жерлер бұл үрдіске толығымен қатыса алмай отыр.Алайда бұл мәселелер аймақтық тұрғыдан кедергі келтірілмеуі керек.Кез келген жаңашылдықтың өзіндік қиыншылықтары болады.Қоғам дамыған сайын адамдардың әлеуметтік қажеттіліктері де жоғары көтеріліп отыруы тиіс,сонда ғана қоғам даму мүмкіндігіне ие болады.Осындай даму мүмкіндегін жеке тұлғаға,білім алудағы оқушыларға,білім алудағы нақты мүмкіндіктер жиынтығын,сипатын қалыптастырушы мұғалім және оның үздіксіз еңбегі.
Мұғалім үздіксіз шығармашылықпен,ізденіспен жұмыс жасай білсе жаңашылдыққа жақын болады.Өзгелердін үлгісін өз ісінде пайдалана білсе,оған өзіндік идеясымен толықтырып отырса оқушы тәрбиесінде де,білім беру ісінде де жеңістікке жетері сөзсіз.Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі өзгерістермен жаңалықтарды ұстаздарда кәсіби сауаттылығын шыңдаумен қатар,оқушыларды шығармашылыққа,сабаққа белсенділігін арттырып,әр жеке тұлғанын,ой-өрісі дамыған,зерделі,өз елін сүйіп құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр.Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып дарынды ұрпақ тәрбиелеу ең өзекті мәселе.ҚР-нын “білім туралы” заңына мемлекет саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай жекелей (интелектуалдық) дамуы туралы бабтар еңгізілген.
Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады.Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту,сабақ әдістерін қызықтыра өткізіп,оқушының танымдық жүйесін арттыру.Оқушынын бойында білімділіктің бар екенін,қабілетті екенін,дарынды екеніне сендіру ұстаздың шеберлігі екені айқын.Ұстаз тарапынан оқушыға мейірімін,әділдік,әр оқушының бойынан табу өте қажеттілік.
Дарынды жас ұрпақты тәрбиелеу,жеке тұлға талабы және қоғам қажеттілігі.Қазақстанда дарынды,білікті жас ұрпақты тәрбиелеу идеясы ұлттық стратегияның құрамдас бөлігі болып есептелінеді.Оқытудың негізгі мәселесі және түпкілікті нәтижесі,өз ойын дәлелдей алатын,жан жақты білімді,білімін жүзеге асыра алатын,өзіндік қалыптасқан көзқарасы бар,адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру.Ол үшін оқушыны зерттеу,дарындылығын анқтау,бағдарламалар арқылы жұмыс жасау және оқытудың стнадарттық емес әдіс-тәсілдерін қолдану.
Қазіргі тұлғаның сапасы өмірдің санасымен,қоғамның әдеуметтік даму деңгейімен анықталады.Таза табиғи орта,дұрыс тамақтану мен мәдени демалу,жеке адамның денсаулығы ғана емес,сонымен бірге тұтасымен қоғамның мәдениеттінің көрсеткіші болып табылады.Өзіндік өмірлік стратегиясы бар,дербестігі бар,өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын,иновациялық өзгерістерге ашық,біліммен қаруланған жеке тұлға тәрбиелеу басты міндет.
Инновация жаңа технологияға негізделген сабақтық дәстүрлі емес әдістері,тірек-сигналдар технологиясы,интерактивті оқыту әдісі,қайсы әдісті пайдалансақта,жеке тұлғаның біліммен негіздеудің бір бөлігі болып саналады. Инновациялық педагогикалық технологиялар білім ғылым саласында қаншалықты маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттілігін арттыру мақсатында тыныштық сәтін,кім жылдам,логикалық сұрақтар атты шаралар ұйымдастырылды.Қалыптан тыс жағдайдан жол тауып шығуға, оқу бағдарламасын модельдеуге, ақпараттық оқу алаңын құруға үйрету мақсатында жүзеге асырылды.
Жоғарыда көрсетілген шараларды өткізу барысында қолданылатын педагогикалық технологиялардың түріне тоқталайын.
Тірек – сызбамен оқыту әдісінің тиімділігі
Тірек – сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.
2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.
3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.
4.Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру.
5. Оқушының топпен және екі – екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру.
Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:
а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;
б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;
в) оқушы таңдап алған танымдылық – білімдік түсініктерін бір – бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;
г) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады;
д) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін – өзі бағалауды үйренеді.
Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ:
Мұғалім:
– оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады
– мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;
– баға қоры молаяды;
– оқушы білімі әділ бағаланады.
Оқушы:
• берік білім негізі қаланады;
• сөйлеу қабілеті дамиды;
• тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;
• танымдық процесі нығаяды;
• қарым – қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;
• пәнгедегенқызығушылығыартады;
• шығармашылығы шыңдалады.
Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып,жаңашылдыққа бет бұрады
Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының дамытуға функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, өз бетінше жұмыс жасауды білімді өз бетімен игерудің маңызы зор.Бастауыш сынып оқушылары жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш зерттелген шығармашыл, проблемаларды өздігінен шеше алатын қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін, функционалды сауатты тұлға ретінде қалыптасады. Сонымен қатар, өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде меңгерту, грамматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында меңгереді.
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.