9 санын қосу, азайту

Тайтурова Маржан

Сабақтың мақсаты.

Білімдлігі: 9 –ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,  шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: оқуға, еңбекке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, сандардың  қасиеті жайлы үйренуге, ойын ашып  еркін айта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: есепке берілген суреттер, көбейту таблицасы

Түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, биология,

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, топпен жұмыс

Барысы.   Ұйымдастыру.            Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Үштік. Төрттік. Бестік.

Қызығушылығын ояту. «Жемістер   тереміз» ойыны.

Тақтада жемістердің суреттері көрініп тұрады. Әр топтан 2 оқушы таңдаған жемістерінің артында жасырынған мысалдарды орындайды. Әр дұрыс жауап үшін 1 фигурадан (әр топтың атына сәйкес, үшбұрыштар тобына — үшбұрыштар т.с. с.) беріледі.

5+3               5+4              3+5             5+5                 1+5

4+5              4+4               2+4               3+5               5+4

 Жаңа сабақты түсіндіру.

1+9  =      =               10-9  =                           9+1 =               10-1   =

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуін азайтқанда екінші қосылғыш шығады.

Дәптермен жұмыс..

Есеп шығару. №3 есеп.

Сұрақ – жауап.

Есеп не туралы?

Не белгілі?

Не белгісіз?

Белгісіз туралы не айтылған?

Аққу  — 7

Қарақу — ? 2 – еуі кем

Шешуі: 7 – 2 =  5                           Жауабы: 5 қарақу.

Сергіту сәті.

«Жауабын тап» ойыны.            1+9  =                     10-9  =              9+1 =                   10-1   =

Қорыту. Сұрақтар.

Бүгінгі сабақта не өттік?

1 –ге 9 –ды қалай қостық? 9+1= 10

10 – нан 9 – ды қалай азайттық? 10 — 9= 1, өйткені 1+9 = 10

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. 4- мысалды дәптерге орындау.  Кестелерді  қайталап жаттау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *