«Денсаулық- зор байлық».

Білім беру саласы: «Денсаулық»                                                                                      Ұйымдастырылған оқу қызмет тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық».

Мақсаты: Денсаулық туралы, денсаулықтың қадірі туралы балаларға түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:  Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;  балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету;балаларды қимылды ойындармен таныстыру.                                         Көрнекі-құралдар: Доп,сиқырлы іздер тағы басқада заттар

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттықтыру, ойнату, мадақтау, қорытындылау.

Сайыстың барысы: Балалар залға сап түзеп музыка әуенімен кіреді.

Педагог: Қадірлі жарқын болашаққа кең қадам басқан бүлдіршіндер «Денсаулық мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығына қош келдіңіздер!

Сәлем сөз анасы демекші, ал балалар алдымен алтын күнмен, ашық аспанмен сәлемдесейік.

Сәлем бердік, алтын күн,

Сәлем бердік, ашық аспан.

Салем бердік, жер ана,

Сәлем бердік баршаға.

 

Педагог – Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Балалардың жауабы: – Күз

Педагог – Далада күн суық па, жылы ма ?

Балалардың жауабы: – Салқын

Педагог – Көңіл-күйлерің қалай ?

Балалардың жауабы: – Жақсы.

Педагог – Өте жақсы балалар.

Педагог: Денсаулық дегеніміз. Ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.                                                                                                                               Педагог: Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек ?

Балалар: Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.

Педагог: Дұрыс айтасыңдар.                                                                                         Педагог: Балалар кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді ?

Айқаракөз: Дені саудың-жаны сау.

Айсұлтан:Денсаулық-зор байлық.

Әдемі: Тазалық-денсаулық кепілі.

Жарайсыңдар балалар ендеше спорттық сайысымызды бастайық.

Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды  ескерте отыру.

1.«Алматы» тобы,Топ басшысы  Бекет Айқаракөз

  1. «Достық» тобы,Топ басшысы Тұрсынбай Айсұлтан

Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрады.(Бір топтың балалары – ақ киімде,екінші топтың балалары-жасыл киімде).

1.кезең: «Допты тез жеткіз»

Шарты:Топ басшысы қолындағы допты ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп,допты  келесі балаға береді.Өз команда тізбегінің соңына барып тұрады.Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

2.кезең: «Сиқырлы іздер»

Шарты: Топ басшысы белгіленген шеңбер ішінде тұрады,ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған сиқырлы іздермен секіріп келіп келесі балаға кезекті береді.Өз команда тізбегінің соңына барып тұрады.Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

3.кезең: «Жүйрік ат»

Шарты:Балалар допты тақымға қысып,секіру арқылы  жарысады.Ойынды жылдам,шапшаң,ұқыпты орындаған топ жеңіске жетеді.

4.кезең: «Мерген »

Шарт:Балалар белгіленген сызықта тұрады.Белгі бойынша кіші допты нысанаға лақтырады. Осылайша топтағы барлық бала біткен соң соңғы қатысушыға дейін жалғасады.

Педагог: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын. Балалалр, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Сау болыңыздар.

Қорытынды: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *