Білім саласына реформа емес революция қажет (төртінші ұсыныс)

Білім саласына реформа емес революция қажет (төртінші ұсыныс)

Финляндияда ,жалпы орта білім төмендегідей:— Төменгі(alakoulu), 1-6 сынып— Жоғарғы (yläkoulu), 7-9 (егер үлкен өмірге дайын болмасаң, 10 сынып оқуға болады, бірақ міндетті емес)1-2 сынып. Ана тілі, оқу, математика, табиғаттану, дін (өзінің сеніміне сәйкес ), музыка, сурет, еңбек, дене шынықтыру. Бір сабақта бірнеше пән оқытылуы мүмкін.3-6 сынып. Ағылшын тілін бастайды. 4-сынапта қосымша тағы тіл таңдайды: француз, швед, неміс, орыс. Таңдау бойынша әртүрлі қосымша сабақтар енгізіледі. Олар әр мектепте әртүрлі: компьютерде пернетақтамен тез теру, хорда ән айту, ағашпен жұмыс, компьютерлік сауаттылық. Барлық мектепте 9 жыл бойына музкалық аспапта ойнау үйретіледі. Оқущылар сыбызғыдан контрабассқа дейін үйреніп көреді.5-сыныпта биология, география, физика, химия, тарих қосылады. 1-6 сынып аралығында барлық пәннен 1 мұғалім сабақ береді. Дене шынықтыруда жетісіне 1-3 рет кез келген спорт ойындарын ойнау. Сабақтан кейін шомылу міндетті. Жеке пән мұғалімдері 7 сыныптан бастап сабақ береді.7-9 сынып. Фин тілі мен әдебиеті, швед тілі, ағылшын, математика, биология, география, физика, химия, денсаулық негіздері, дінтану, музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, таңдау пәндері, қыздар мен ұлдарға бөлінбейтін еңбекке баулу. 9 сыныпта 2 апта «еңбек өмірімен» танысу болады. Оқушылар өздері қалаған жұмыс орнын таңдап, үлкен қызығушылықпен «жұмысқа» аттанады.Финляндия мектептерінде 9-10 жылдық орта мектепті бітіргеннен кейін арнайы гимназиялар мен лицейлерде оқи алады. Содан соң жоғары оқу орындарына түсе алады. Ең басты артықшылықтары – теоря мен практиканың теңдігі. 3,5-4,5 жыл оқып, бакалавриат дәрежесін алған студент ешқандай қиындықсыз жұмысқа орналасып, оны әрі қарай алып кете алады. Жоғары оқу орындарына түсу үшін оның алдында оқыған оқу орындарындағы үлгерімдері есептеледі немесе кейбір жерлерде түсу емтихандары ұйымдастырылады. Университетте оқығандары үшін ешқандай студент ақша төлемейді, барлығы мемлекет тарапынан қаржыландырылады.Және де шәкіртақы алуға құқығы бар. Тек бұл жолы тұрғылықты жері мен тамағын студенттің өзі қамтамасыз ету керек.Қазіргі уақытта Финляндияда 39 университет жұмыс жасайды. Осы оқу орындарындағы оқу сапасын, теория мен практиканы ұштастыра алу қабілеттіктерін, студенттік өмір сапасын тексеретін FINEEC арнайы ұйым жұмыс жасайды. Бұл мекеме қызметкерлері ешкімге тәуелсіз бағалау жүргізеді және оның нәтижелері барлығының ашық түрде көруге мүмкіндіктері бар.
Жапонияның орта білім жүйесі. Жапон мектептері шйоугаккоу, чиюгаккоу, коутоугаккоу деген үш сатыдан тұрады. Бастауыш мектеп – шйоугаккоуда оқушылар алты жыл оқиды. Орта мектеп – чиюгаккоу мен жоғары мектеп – коутоугаккоуда үш жыл білім алады. Сонда жапон баласы мектепте барлығы он екі жылын өткізеді. Жоғары мектепті бітірген соң университетке түсуіне болады. Бастауыш пен орта мектеп міндетті білім сатысы саналады. Бастауыш пен орта білім тегін беріледі, ал жоғары мектеп ақылы. Жапон мектептерінің бұл үш түрінің ғимараттары бөлек-бөлек орналасқан Жалпы, жапондар білімқұмар халық. Білім жинау адамның өмір бойы айналысатын ісі деп есептейді. Еш нәрседен қателеспеуді өмірлік қағидаттың бірі санайды. Балдырған балабақшадан соң бастауыш мектепке қабылданарда емтиханнан өтеді. Бастауыш мектепте оқу жеңіл, үй тапсырмасы берілмейді, қиын емтихандар жоқ. Жапониядағы бастауыш мектептің басты мақсаты – бала бойында мәдениетті адам қасиеттерін қалыптастыру, жалпы білім негіздерімен таныстыру. Оқушылар 4-сыныпқа дейін емтихан тапсырмайды, өз бетімен орындаған шығармашылық жұмыстарын өткізеді. Бастауыштан жапон тілі, музыка, әлеуметтану пәндері, бейнелеу өнері, үй шаруашылығы, арифметика, табиғаттану оқытылады, еңбекке баулу, дене шынықтыру да бар. Мектептерде арнайы жабдықталған кабинетте «Отбасы тәрбиесi» деген пән оқытылады. Ал «Қарияларға құрмет» деп аталатын сабақ барысында балалар ақсақалдармен жүздесiп, шаруасына қолғабыс тигiзедi. Егiстiкте орақ орып, келсаппен күрiш түюге де бастауыштан баулиды. Балаларға қоршаған ортаны сүюге үйрету, әдептілікке тәрбиелеу – бастауыш білім жүйесінің негізгі міндеті. Оқушылар адамды құрметтеуге, табиғатты аялауға, ортаға зиян келтіретін әрекеттен аулақ болуға тәрбиеленеді. Өзін-өзі ұстай білу, қанағатшылдық, қоғам үшін еңбек ету – басты тәрбие бағыты.
Сингапурдың білім беру жүйесі. Мектепке дейінгі білім беру.Балабақшалардың барлығы дерлік жеке меншік. Олар діни ұйымдар жəне бизнес қорлармен басқарылады. 3-6 жас аралығындағы балалар санау, оқу, қарым-қатынас негіздерімен қатар үш тілді — қытай, малай, ағылшын тілдерін меңгереді.Бастауыш мектеп.Бастауыш мектеп, керісінше, толығымен тегін жəне міндетті болып табылады. Ол екі кезеңнен тұрады: негізгі жəне бағдарлы. 1-4 сыныпта негізгі пəндерді оқиды. 5-6 сыныптарда бала өзіне қажетті бағдарды таңдай алады. Аяқтаған соң міндетті түрде емтиханнан өту арқылы ғана келесі сыныпқа жіберіледі.Орта мектеп.Емтиханнан кейін оқушылардың орта мектепте оқитын бағыты мен бағдарламасы таңдалады. Ол бағыттар төмендегідей:— арнайы;— жылдам/экспресс-бағыт/;— академиялық;— техникалық. Ал, білім бағдарламасы біріктірілген жəне кəсіби болып бөлінген. Орта мектеп 4 жылға созылады, тек академиялық бағыт 5-6 жыл бола алады. Арнайы бағыт толыққанды орта білімді аттестат береді. Жылдам бағыт тереңдетілген ана тілін оқытумен сипатталады. Осы екеуінің аттестаттары О-деңгейі деп аталады. Ал, қалған екеуінікі сəл төмендеу N-дəрежесі деп аталады.Осыдан кейін оқушылар колледждерде, техникумдарда, т.б. білім ала алады. Мектеп пен колледжді бітіргеннен кейін барып Сингапурдағы университетке түсуге мүмкіндік ала аласыз. Түсу үшін қабылдау комиссиясына құжат тапсырып, сұқбаттасудан өтесіз. Керек болған жағдайда түсу емтиханын тапсырасыз. Университтер мемлекеттік жəне жеке меншік болып бөлінеді. Жеке меншіктер ,негізінен, экономика жəне заң ғылымдарын оқытады. Ал,мемлекеттік 3 университет бар: Сингапур Ұлттық Университеті, Сингапур Техникалық Университеті, Сингапур Менеджмент Университеті.Жалпы, Сингапурдағы мектептер жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Балаларға таңдауға мүмкіндік жасалған.Бұл үш Ұлыстың білім жүйесін жекешелеп көрсету себебім.олардың орта білім жүйесін біздің мемлекетіміз ерекше таңдап олардың мектептерін өз елімізге «көшіріп» келуге ерекше тырысып отыр,әрі көшіріп те жатыр.Ол мақтанарлық іс әрекет.(«… Алматыда жалпы ауданы 12 500 шаршы метрді құрайтын мектептің жаңа ғимаратын салуға 5 млрд теңгеден аса қаржы жұмсау жоспарланған. Оның жобасын Финляндияның мектеп ғимараттарын жобалаумен ғана шұғылданатын сәулетшілері жасады.» «Мемлекет басшысы инвестицияларды тарту қажеттігін айтқан болатын. Әсіресе білім беру жүйесіне инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізуіміз керек. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы инвестиция тарту үшін өте қолайлы жер”, – деді А. Көлгінов. Осылайша, халықаралық ұйым 200 млн доллар көлемінде инвестиция бөлетін болады.( Сингапурдың білім беру жүйесі білімді тікелей практикада қолдануға бағытталған және рейтингтерде жетекші орынға ие болып келеді.) Бұдан басқа 11 инвестор 11 жеке меншік мектеп салуға ниет білдіруде. Жобаларды іске асыру оқу орындарында 10 мыңнан астам орын, 1500-ден астам жұмыс орнын ашуға және ел экономикасына 27,6 млрд.теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. ) Олардың орта мектеп жүйесінде бізге ұқсамайтын артықшылықтары бар болумен қатар оқытып-тәрбиелеу мақсат мұратында ортақ ұстанымдар мен қағидалар жеткілікті.Олардың «ұқсамайтын артықшылықтарын» осыған дейін біз іздеп таппай келдік.
Біздің ұсынатын Қазақстанда орта білім жүйесінің ұлттық үлгісі мынандай болмақ:Бірінші кезең. Сауаттылыққа баулу сатысы.Ол үш сатылы:Бірінші сатысы:3-5 жастағы баланы қамтиды. Сәбилік әулет мектебі аталады.Олар толығынан оқу тәрбие жұмысын қазақ тілінде жүргізеді. (Қорықпаңыз.Әлемде бұл үрдіс толық сынақтан өткен. Мысалы , Францияда 3 жастағы эмигрант арабтардың баласын балабақшаға қабылдап оқу тәрбие үрдісін француз тілінде жүргізгенде олар сауаттылықты,білімді толығымен француз балалардан кем емес дәрежеде игеріп кеткен.)Білім беру, тәрбиелеу ісі ана мектебіндегі ата,апа тәжірибесін негіздей отырып,осы жастағы балалардың сөйлеу сауаттылығын,ойлау сауаттылығын,қабылет-қарымын арттыру,жетілдіру,ақыл-ойының дамуына баса назар аударылады.Сабақ түрі ойын және табиғатта серуендеу арқылы жүзеге асырылады. Мектепалды дамыту кәзіргі педагогикада логикалық ойындар, жобалау,құрастыру ойыншықтарды кең қолдану ұсынылған. Мәселен работатехника, леготехника,әрқилы алмалы-салмалы техникалық ойыншықтар мен құрастыруға арналған мүсін және бейне,т.б. құрылыстық жобалар. Жас сәбиге арналған бұл тектес ойындар мен ойыншықтар қазақта тым көп болған. Мәселен, өру,кесте,ою,құрастырмалы саусақ ойындары,бейнелік ойыншықтар тігу,құрастыру т.б. Екінші жағынан Жапонияда балабақша мен бастауыш мектептің басты міндеті- сәби жастан адамды құрметтеуге, табиғатты аялауға, ортаға зиян келтіретін әрекеттен аулақ болуға тәрбиеленеді.Сондай-ақ ,сәби шақтан балаларға қоршаған ортаны сүюге үйрету, әдептілікке тәрбиелеу – бастауыш білім жүйесінің негізгі міндеті. Өзін-өзі ұстай білу, қанағатшылдық, қоғам үшін еңбек ету – басты тәрбие бағыты. Балдырғандар 3 жасынан бастап балабақшаға міндетті түрде барады. Осы жерде жүріп хирагана мен катакананы оқып үйреніп, арифметиканың негіздерімен таныса бастайды. Міне,қазақтың ана мектебінің тәжірибесі заманауи балабақшада қалай қол-данылып, қалай қабыса алатынын көріп таңқаласыз.Екінші саты.Сауаттылық сатысы.
6-7-8-9-10 жастағыларды қамтиды.(Бұрыңғы бастауышқа балама.)Бұл мектептің негізгі міндеті тәрбие бағытында Жапондармен үзенгілес болумен қатар үшінші сыныптан бастап «Адамшылыққа баулу», «Еңбекке баулу» атты екі пән оқу жазу,сызу,бейнелеу сауатты-лығын бекіту үшін арнайы оқытылады.Дәлірек айтқанда,биязы әдеп пен жібек мінездің алғашқы дағдылары өнер мен еңбекке ұштастырып үйретіледі.1-2 сыныпта білім беру негізгізгі бағыты мәтінді мәнерлеп те,тез де жылдам әрі терең толғанып ,түсініп оқудың барлық технологиясын игеру.Оқудың басы ғаріп тану.Жазудың басы ғаріпті сыза білу.Шебер жазу үлкен жаттығу нәтижесі.Оқу.жазу.ойлаған ойын ,пікірін.тіптен ұғымын қағазға түсіру,оны ақпарат құралдарға жүктеу үлгі нұсқа оқулықтармен,зиынды педагог-тардың көмегімен жүзеге асрылады.Бұл талаптар 1 не 2-сынып аумағында аяқталмайды. Оқу сауаттылығы,жазу сауаттылығы.математикалық сауаттылық т.б. сауаттылықтар оқушылардың құзыреттілігіне айналғанша жалғасады.Осы заман,оқушы маман иелену үшін және ғылым негізін игеру үшін 13-14 сауаттылық қажет деп талап қоюда.Үшінші саты.Дара даму сатысы.Игере бастаған сауаттылығын тереңдетіп,ықшам ыңғайына сай,талап-тідегіне сай дараланып дамытатын кезең.Қалаған шет тілінде сауат ашуға ерекше мән беріледі.Жапонияда,Сипгапугда,Фипляндияда бұл бағытта үлкен тәжірибе бар.Ана тілінің қадыр-қасиеті,жалпы тіл құдыреті ерекше айқын көрсетіліп,оқушылардың кітап оқуға деген құлшынысын ерекше өсіре алған.Бұл елдерде бар бала кітапқұмар.Оның басты себебі гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану сабақтары білім ғылымға ынталандыру, қызықтыру бағытында құрылған.Өлкетануда өз елжұртындағы әсем,киелі,ерекше жерін арнайы іріктеп алып оқулыққа енгізеді. Жиһандағы,әлемдегі ең қызықты табиғи орындар, ерекше қубылыстар,өзгерістер беріледі.Оны тереңдетіп оқу жолын,кітаптар тізімін, көрсетіп қояды.Осы жағдай оқу іздену құштарлығын оятады, еріксіз қітапқұмарлыққа баулиды.Мысалы математика сауаттылығы қызықты математины,бизнестік қызықты есептеулермен,несияқты бас «қатырарлық» ойындармен игеріледі.Дара дамубағытының ең басты ерекшелігі,балалардың тума таланты,табиғи қарым-қабылетінің көзің ашып,осы бейімділік пен нышан,ықшам ыңғайынтану маманды адамдардың көмегіне сүйеніп мұқият жүріледі. Осы негізде әркім қалаған,өзіне қажетті білімді оқып үйренеді.Мысалы Фипляндияда, бір сыныпта бірнеше тақырыптар оқытыла береді.Ал Сингапурда оқушылардың талант бағыты анықтала сала мектеп аумағындағы үйірмелерге қамтылады одан арнаулы мектептерге (ән, музыка,өнер,спорт,т.б) қабылданады.Бұл сатыда «Еңбекке баулу»,нәінің маңызы осы үш елде де ерекше.Олар еңбекқұмар ұрпақты жасынан тәрбиелейді. Қазақ та солай болған.Кәзіргі білім беру жүйесі осы тарихи жетістіктен айрылып қалды.Сондықтан оған реформа емес революция қажет.Мысалы «Еңбекке баулу» пәні 8,9,10 сыныпта «Технология және мамандықа баулу» болып өзгертілуі тиіс. Шын мәнінде жас буынды ерте жастан нәтижелі еңбекке баулу, кәсіби бағдарлау қажеттілігі ертеден туындаған еді.Жаңа жолдаудағы,Президенттің: « кәсіби бағдар беру саясатына көшу туралы ұсынысы»- ұлттық мектеп үлгісінде өз орнын табуы тиіс. Орта білім берудің екінші кезеңі.Зияткерлік мектеп.11,12 сыныпты қамтыды. . Ғылым-білімнің белгілі бағытына ынта көңілі ауған,талғап таңдап оқуға, ғылым негізін тереңдетіп игеруге бейімделген,білім алу технологоиясын әжептәуір меңгерген оқушылардың мектебі болуы тиіс.Ол осы күнгі іріктеп алынған оқушылардың басқадан артықшылық иеленетін НЗМ –не ұқсас болғанымен,өзара алалық (бағдарламасында, оқулығында,оқу–білім беру дәрежесінде,сапасында,оқытушылардың жалақысында,т.б.) болмайды.Ешқандай емтихан тапсырмайды, оқушының қалауы, таңдауы шешеді. Қамтылған оқушы санына сай аудандарда 1-3, қалалар мен аумақты өлкелерде 5-6 -ға дейін құрылады.Қарапайымдау тілмен түсіндірсек 11-12 сыныбы бар барлық мектеп зияткерлік мектепке айналады,алайда ол мектепте 10-1-ге дейінгі сыныптар болмайды.Мұндай мектептер бір кезде «ауыл аралық мектеп» аталған жағдай болған. Екінші бір мәселе зияткерлік мектептер ауданда құрылса интернатымен қоса болуы тиіс. Сондай-ақ,оның оқу- өндірістік базасы, еңбекке баулу,кәсіп игерту мүмкіндігі болу керек. Мұны жүзеге асырудың бізде екі түрлі жолы бар. Бірінші.Әр аудандардағы зияткерлік мектеп пен арнайы орта оқу орындары, кәсіптік-техникалық мектептердің өзара ынтымақтастығы мен байланысын жаңа белеске көтеріп, олардың материал техникалық базасын, өндірістік оқу орталықтарын бірігіп пайдалану, өндірістік оқу жүргізуге бейімдеу қажет.Бұл әлемдік тәжірибеден өтіп сыналған үрдіс. Олар өзара мектеп ауыстыру, мамандық игеруде еркін болу керек.Екінші.Әр зияткерлік мектептер өз аумағында және өндірістік мекемелер, фермерлер мен бизисмендер,шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып, 11 сынып оқушылары айлық немесе 45 күндік еңбек тоқсанын өткізу орынды.Мұның бастамалары өзімізде кәзір де бар.Өндірістік оқусыз мектеп,жалаң сөзге берілген тұрлаусыз мектеп. «Бұл жағдай әр жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады.Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде.»-деп президент айтып ескерткен олқылықты жоюға мүмкіндік береді.Сондай-ақ орта мектеп жүйесін осындай құраммен қайта құру –Қазақстандағы Шағын Жинақы-мектептерді жоюға,оларды кенттік мектепке айландыруға және өте төте жолмен бір ауысымды мектептердің санын көбейтуге тікелей мүмкіндік жасайды.Зиятккрлік мектептерді бұлай ұйымдастыру «Адамшылық ілімінің негіздері», «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәндерін міндетті оқу пәні болдыра отырып, зияткерлік мектептерде көпбағыттағы бағыттай оқыту,эллективті курстарды енгізу,әртараптанедырылған тереңдей білім беру мүмкіндігі қолға келеді. Сонымен қатар адам білім жинауды ғұмыр бойы іске асыратындықтан барлық білімді жалпағынан игерту доғарылып,оқушыға қажетті өзіне керекті білім,білікті таңдап игеру мүмкіндігі қолға келеді. Бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы , өзіне сіңіруші рольдерін атқарса, енді мұғалім оны өздігінен білім алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізуі керек. Яғни ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету арқылы жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі міндеттерді орындауға дайындығы мен қабілетттілігі яғни құзыреттілігі қалыптасады. « Ақыл қалтасына» салып қойған білім,білік дағдысын өмірдің әр кезеңінде қажетті уақытында суырып алып пайдалана алатын қабылет игеру керек. Кәзіргі заман осы мүмкіндікті қолға келтіріп отыр.

Қобдабай Қабдыразқұлы (ғалым-жазушы )

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *