Білім саласына реформа емес революция қажет (үшінші ұсыныс)

Білім саласына реформа емес революция қажет
(үшінші ұсыныс)
Кәзіргі әлемдегі бәсекеге қабылетті барлық елдер тек экономиканы ғана дамыту арқылы бүгінгі дәрежеге қол жеткізбеген.Олар ең алдымен білім беру жүйесін дамыта отырып, оған адами капиталдың сапасын жақсарту арқылы қол жеткізе алған. Тіптен экономиканың дамуының өзі білім жүйесінің дамуына тәуелді екендігі анықталған. Мысалы, Ұлыбританияның Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының мәліметтері бойынша университеттер санының артуы аймақтағы жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 4%-ға өсуіне алып келетіндігі көрсетілген. Әлемде, әсіресе экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерде жоғары біліммен қамтылу артып келеді. 40 жылдың ішінде әлемде студенттердің саны 6 есеге көбейді (http://www.uis.unesco.org/). Болжамдар бойынша 2020 жылы АҚШ-та жоғары білімді жастардың саны 40%-дан 60%-ға дейін ұлғаймақ. Сингапурда 10 жыл ішінде жоғары білімді азаматтардың саны 22%-дан (2005 ж.) 50%-ға артқан (2014 ж.)Екінші жағынан ЖОО-ның мұрат мақсатында түбірлі өзгерістер орын алуда.Мәселен,әлемде, осы шақта, жоғары білім беру жүйесінің тартымдылығы интернационалдаудың жоғары деңгейімен дәлелденеді. Жоғары білім берудің негізгі міндеттерінің бірі білім, ғылым мен өндірісті интеграциялау болып табылады. Әлемдегі «кремний алаңдары» Стэнфорд университетінің үлгісімен (ірі оқу-өндірістік конгломерат) құрылуда. «Кремний алаңының» 1,5 млн қызметкері (АҚШ халқының 0,5%-ы) АҚШ ЖІӨ-нің 2,2%-ын құрап отыр.Сондай-ақ,ел дамуының дәуір мүмкіндігін ілгерлете отырып,мүмкіндікті жете пайдалану арқылы әлемдік дәрежедегі оқу орнын аз уақыт ішінде,шамалы қаржы жұмсап жаңадан тұрғызып алу,іске қосу етек алып барады,(мысалы.Шанхай университеті,т.б.) Солардың ішінде халықаралық техникалық униерситеттер мен акедемиялардың орны ерекше. Осы шақта өзіммізде:«Білім, ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында ЖОО-ның 30%-ында коммерциаландыру кеңселері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрылады. ЖОО табысының 15%-ын инновациялық және ғылыми жұмыстардан түскен табыстар құрауы тиіс. Нәтижесінде 16 отандық ЖОО-ы QS-WUR рейтингісіне енуге мүмкіндік алады.»-деген жобалар бар болғанымен нәтиже шамалы. ҚР ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігі жаһандық рейтингтердегі позицияларымен анықталады. Мәселен, 2019 жылы: Бір де бір ЖОО Academic Ranking of World Universities, ARWU рейтингіне кірмеді; Бір де бір ЖОО Times High Education Rankings рейтингіне кірмеді; (бұрын 2 ЖОО болатын); QS World University Rankings рейтингіне 500 ЖОО-ның ішінен 5 оқу орны кірді (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ,Сатпаев атындағы ҚазҰҒТУ, Әуезов атындағы ҚазҰҒТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ); Білім беру жүйесі сапасының ДЭФ ЖБҚИ индикаторы бойынша Қазақстан 2018 ж. 57 орын және 2019 ж 55 орын алды. 2020 жылы Times Higher Education Impact рейтингінде Қазақстандық екі ЖОО ғана болды– Almaty Management University (301-400 орын) және NARXOZ University (401-600 орын).Осы негізде, отандық білім беру жүйесі әлемдік үрдістерге қаншалықты сәйкес келеді? Қазіргі білім беру жүйесі елдің тұрақты дамуына қаншалықты деңгейде әсер етпек?- деген сұрақ білім саласының әрбелесінде қызмет атқарушы зиялы қауымның ой-санасын баурап,көңіл-күйін үнемі толғандырып келеді. « Елімізде адами капиталды дамыту үшін барлық мүмкіндіктерге ие бола отырып, осы жылдар ішінде біздің жоғары білім беру жүйесін заманауи деңгейге жеткізе алмағанымыз, өз мемлекетімізде «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қауқарсыз болғанымыз өкінішті. Бірақ жасауға болатын еді, — деді ол. Күрішбаев атағандай, біз мұнайлы ел бола тұра, мамандарды даярлау деңгейі бойынша Белорусиядан да артта қалып отырмыз.» «5 жыл ішінде 6 мыңнан астам қазақстандық студент әлемнің белгілі жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша курстар оқыды.» «Өткен аптада әйгілі Кремний алқабына арнайы барып, Калифорния штатының ғана емес, тұтас Американың, жалпы әлемнің ең үздік оқу орны Стэнфорд университетінің тыныс-тіршілігімен танысып қайттым. Ең бірінші, біздегі ЖОО-лардағы білім беру жүйесін институционалдау керек. Яғни, «анау мұғалім жұмыссыз қалады, мынау профессор сағатсыз қалады» деген көңілжықпастықпен қазіргі заман талабына сәйкес келмейтін пәндерді сүйрелеп, студенттердің де, білім жүйесінің де обалына қалудың қажеті жоқ. Егер, «үйрететін нәрсесін заманауи қалыпқа икемдей алмаса, өз обалдары өздеріне» позициясын ұстану қажет.Екіншіден, кез-келген мамандық иелерін теориялық емес, тәжірибелік жоба жасауға үйрету керек (теорияға тоятын уақыт болды ғой).Осыдан келіп шығатын үшінші қадам — жасалған жобаларды өндірістік айналым мен нарыққа жіберуді қолға алу керек. Яғни, бизнес мен ғылым ордаларының арасын жақындатуға әрекеттер жасалуы қажет. Осыдан шығатын төртінші қадам — ЖОО-лар «дәріс оқу — тек ғалымдар үшін» принципінен арылуы қажет. Өмір бойы кітапхана, кафедра мен аудиториядан басқа ештеңе көрмеген ғалымдар — жақсы теориялық білім беруі мүмкін. Алайда, бізге дәл қазір практикалық білім ауадай қажет. Яғни, әр салаға дәріс оқуға сол салада табысты еңбек етіп жүрген мамандарды тарту қажет (ғылыми атағы болмаса да). Сонда ғана — ол оқу орнында оқып жатқан студенттер өз саласында боп жатқан жаңалықтар мен процестермен реали жағдайда таныс болады. Көп жағдайда, профессордың керемет дәрісінен гөрі, нақты маманның жасаған қателігі туралы айтқан әңгімесі көбірек пайдалы болады. Әрине, күні ертең біздің ЖОО-ның бәрі Стэнфорд, Гарвард, Оксфорд болып кетпейтіні анық. Алайда, тек қатырма қағаз беретін мекеме емес, расында қоғамға пайдалы маман дайындайтын оқу орны боламын десе, қалайда реформа жасауға қазірден көшу керек.» «Өз кезегінде «Болашақ» бағдарламасы елдің адам капиталын дамытуға елеулі үлесін қосып келеді. 23 жыл ішінде 11 мыңнан астам отандасымыз аталған бағдарламаның стипендианты атанды, олардың дені мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жұмыс істейді (54,5%).Оның табысы айтарлықтай. Бірақ әлем бір орнында тұрмай, алға қарай жылжуда. Сондықтан біздің алдымызда қол жеткізген және соңғы әлемдік үрдістер негізінде ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру міндеті тұр.Қасым-Жомарт Тоқаев: «…кез келген мемлекет үшін адам капиталы басты өлшемге айналғанын атап өтті.»«Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз»,- деді Президент. Қазақстанда жоғары оқу орындарын жаңаша жіктеу енгізілді: ұлттық жоғары оқу орны, ұлттық зерттеу университеті, университет, институт, академия,зерттеу университеті. Жалпы 124 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 31мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 1 ДБҰ, 1 халықаралық, 16 акционерленген,52 жекеменшік) жұмыс істейді.
Малайзия АҚШ Франция Ресей Қазақстан Қытай
ЖОО саны 494 4360 562 1171 124 2596
1млн. тұрғынға шаққандағы жоғары оқу орнының үлесі
16 13 9 8 7 2
Студент саны(млн.)
20.5 1.25 . 2.68. 4.4 . 0.54. 37 .
Осы ахуалмен бәсекеге қабылетті 30 елдің қатарына кіруге қанша талпынғанмен жете қою екі талай,адам капиталын арттыра қоюда қолдан келе қоймас.Республиканың экономикалық дамуына, тұрақты өсіміне тигізіп жатқан үлесі де,әзірше жоқтың қасы.Сондықтан президент нұсқаған: « Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр.»- деген жолды ұстануға тиіспіз.Сонда ғана орта мектеп, арнаулы оқу орыны,ЖОО-жаңа бет-бейне тауып даму жолына түсіп,білім саласына революция әкеледі,Біз мұнда Қазақстан ЖОО басқару,бәсекелестік қабылетін арттыру,Болон жүйесіндегі орнын табудағы кәзіргі өзгерістерді қайталамай жаңадан орнауы тиіс , университет, институт, академиялар жайында пікір білдіріп, ұсыныс жасаймыз. Бүгінгі таңда,қазақ елінде шым тезектен тартып,ядролық отынға дейінгі отынның барлық түрінің қоры жарты әлемді жалпағынан асырауға жетеді.Оларды өндіріп, пайдалану,қорғап байыту, сатып пайда табуға толық мүмкіндік бар.Енді не жоқ? Ең әуелі,ұлттық мүддені қорғаған, келешек ұрпағының қамын жеп,алысты болжаған,қазақтың отын энергетикасын өндіріп өңдеп, сатып пайдалануға шамшырақ ,бағыт-бағдар болар заманауи заң жоқ,Екінші. Қазақстан Республикасының «Атом және отын энергетика академиясы-ғылыми зерттеу және оқу өндірістік біріккен кешенді орталығы» жоқ. Мұның бәрі жоқ болмағанда қайтеді,енді? Оларды дайындап, заңдастырып немесе орнатып, ұйымдастырып беретін мәжілісмен, сенаторлардың түрі анау, энергетика немесе ғылым министрінің әуселесі мынау. Ол министрліктердің өзі толыққанды құрылып, атқаратын міндеттері мен қызметтері жан-жақты айқындалып, мемлекеттің бұл саладағы саясатын ғылыми негізде тұжырымдап ұсынуға шамасы жетпей жүр.Бұл бағыттағы ірі өндірістер мен заводтардың басын біріктірген концерн,бірлестік одақтар жоқ, маман тапшы, ақша қаражат аз дап ақталамыз ғой!Оның бәрін бізге қашан,кім дайындап береді деп нені тосып жүрміз ,онда?Біздің кәзіргі тірлігіміз,уақытша амалдау ғана! Әуелінде мыналарды шешуге болатын еді ғой!Жоғары білім берудің негізгі міндеттерінің бірі білім, ғылым мен өндірісті интеграциялау болып табылады. Әлемдегі «кремний алаңдары» Стэнфорд университетінің үлгісімен (ірі оқу-өндірістік конгломерат) құрылуда.Осыған негіздей отырып,нано- электротехнологиялық институтын құрып болмағанда техпопарк дәрежесіндегі күн,жел және су электр станцияларын өндіретін өндірістерді жанына орнатып,оны халықаралық оку-өндірістік орталыққа айналдырып жіберуге бізде кәзірдің өзінде толық мүмкіндік бар. Тек ынта-жігер,талантты жастарға деген сенім, ұлттық рух пен намыс жетіспей жүр. Мұндай интеллектуальдық орталықсыз адам капиталын дамыту, интеллектуальды ұлт болмақ бос сөз.Дамыған елдердің жағдайын бажайласаңыз,осындай өрелі орталықтар әлемдегі талант пен дарын иелерін өзіне тартып,топтастыру арқылы ғылым-білім,технологияның шыңына шыққан. Өзіміздің де,дарынды,озық ойлы ғалым-дарымыз,жастарымыз кетіп жатыр ғой!Менің қиялымда қазақ жастары,Орта Азияда,Таяу Шығыста,Арабстанда,Африкада жел,күн,су электр станияларын орнатып жүр.Алдағы жиырма жылда,Қазақстан үшін Атом электр станциясын салу кәзіргі жылу электро-станцясын салудан да жеңіл болып қалады.Себебі бұл іс жоғарыда айтылған орталықта зерттеліп,сынақтан өтетін болады.Адам капиталын дамыту,интеллектуальды ұлт болу дәрежемізді безбендеуге болатын статикалық бір дерек келтірейін. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің деректері негізінде демография мен еңбек нарығына талдау жасады. Талдауға сәйкес, республикада тұратын 18,5 миллион адамның ішінде 9,2 миллион адам жұмыс күші санатына жатады, ал іс жүзінде 8,7 миллион адам жұмыс істейді, оның 6,7 миллионы — жалдамалы жұмысшылар. 2019 жылғы 3-тоқсанда Қазақстанда ресми жұмыспен қамтыл-ған, яғни ресми экономикада тіркелген, 3,35 ( мұның 18 пайызы ғана ТЖБ-ді маман) миллион адам жоғары білімді және 3,74(бұлардың 32 пайызы ғана техникалық орта білімді) миллион адам арнайы білімі бар адамдар, ал 1,68 миллион жұмыскердің тек орта білімі ғана бар, олардың 600 мыңға жуығы ауыл шаруашылығында істейді.»АҚШ-та жоғарғы білімділердің 40 пайызы техникалық білімі барлар,биылдан бастап олардың санын 60 пайызға жеткізу мақсаты қойылған.Ал,Жапонияда олардың үлес салмағында техника-лық жоғарғы білімділердің үлесі қашан да жоғары болған.Кейінде арнаулы білімді техникалық орта білімділер саны тіптен қауырт өскен. Келер жылдары батыс өлкемізде орнайтын «Газ және мұнай химиясы» Универси-теті жанына «Полимер мен пластмасса» ғылыми зерттеу өндіріс орталығы салынып, жоғары және арнаулы білімді инженер,техник,технологтар дайындалмақ. (Бұл әзірге қиял ғана…) Қиял ғана емес жүзеге асыруға толық мүмкіндігі бар жоба- ұсынысты айталық. Үкіметіміз Қазақстанда баламалы жаңартылатын энергетиканы дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспарын бекіткен еді. Онда:Қазақстанда 2013-2020 жылдарға арналған баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту шаралары жоспары бойынша 2020 жылға қарай біз жаңаратын энергия көздері 1040 МВт қуат көлемінде болады деп күтіліп,кәзір ол табысты орындалуда Оның ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС (170 МВт), сондай-ақ 4 күн электр стансасы (77 МВт) жасақталып жатыр. ( Жуалыды су электр станциясы салынуда.., Ақмола облысында 6 жел электр станциясы салынады… Қарағанды облысында екінші күн электр станциясы іске қосылды)Балама энергияны өндіру,пайдалану қарқыны жаман емес.Енді оларды жобалайтын және маман дайындайтын әрі сантрлі электр станцияларын өндіретін оқу-өндірістік орталығы мен халықаралықбірлескен инженер,техник-технологтар дайындай-тын Университет орнату қалып тұр емес пе?
Қазақ елі жеке шаңырақ көтеріп,тәуелсіздігін қолына алған солбір кезеңде елімізде орнаған жоқтық,жетімсіздік,мешеулік халіміздің төрінде ғылым-білім техниканың дәуірлік өрелігін паш еткен «Байқоңыр» ғарыш айлағы тұрды.Ол-Советтік дәуірде,Қазақтың маңдайына қонған үлкен бақыт,игілігіне асар тамаша дәулет,дамуын жеделдетер алып ырыс болатын.Оны ел игілігіне айналдырып,жаратып пайдалана алмай шарасыздық танытып,қарап тұрмасын деп Ресейге жалға бердік.Менің ойымша,бұлай істеу көрегендік емес.Ең болмағанда,бірлесіп пайдалану парқында шартқа отыру керек еді.Жалдап тапқан ақшамыз,бізге еш пайда берген жоқ қой.Ортақтасудан олжа барма еді?Орнын тапсақ олжа болғанда қандай.Мысалы,сол өлкеге .Ресей-Қазақстан біріккен «Аэроғарыш және авиация» академиясын құрып,жанына «Алтын қанат» ғылыми-зерттеу оқу өндірісін тұрғызған жағдайда,бұл саладағы кәзіргі мүшкіл халіміз мүлдем басқа болар еді.Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағын халықаралық орталыққа айналдарып,ғылыми-зерттеу өндірістік орта-лықтарының нелерін салып алды ,салып жатыр. Басқаны былай қойғанда, авиациялық жоғарғы санаттағы ұшқыштар мен инженер техниктерін дайындауда біршама ілгерілеу жасайтын едік.Жалпы алғанда Қазақстанның даму денгейі келешекте оның аэроғарыш және авиациясының дамуына тікелей тәуелді екенін дұрыс болжап,ден қоймай ,мән бермей келеміз.Бізде алыс шет елдерге шығарлық тура су жолы жоқ, темір жолдар апталап басқаның территориясынан өтеді.Қомақты да,көлемді,салмақты өнімді алысқа тасымалдау ауырлық туғызып,көп шығындалуды талап етеді. Бұл қиындықты қаншама шығынды талап еткенімен әуе жолы арқылы ғана жоямыз . Міне,Қазақстанға әуе жолының көліктерін түптің түбінде өндіруге тура келеді. Оларды өндіретін,ремонттайтын,жеке бөлшектерін жасайтын заводтар бірте-бірте аталған ғылыми-өндірістік орталыққа шоғырланады.Азаматтық авиациялық шағын ұшақтар толығымен өз елімізде өндірілуі әбден мүмкін еді.Кәзіргі шақта әуе лайнерін өндіріп саудалаушы, жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асырушы елдер еріксіз біздің орталыққа тартылар еді.Себебі ұшақтарды Қазақстанда өндіру оларға жеңіл әрі арзан түседі және Евро-Азиялық кеңістікте нарыққа қатысу тиімділігін иеленеді.Себебі ұшақ өндіруге қажетті барлық шикізат өзімізде толық. Айталық,сирек және құнды,сондай-ақ, өңді металдар мен қара метелдардың жалпы байлығы мен қоры елімізде жеткілікті. Қаныш ата айтқандай «біз де бар»-деп жалпақ жұртқа жария етпейтіндей,құнды да,сирек металдар көп кезігеді. Сирек металдар шикізатының елеулі қоры бар Қазақстан рений мен галлий, сондай-ақ осмий-187 изотобы секілді металдар өндіретін әлемдегі санаулы мемлекеттердің қатарында (…осмий-187-нің бір грамының әлемдік рыноктағы бағасы үш килограмм алтыннан да қымбат).Осмий-187 аэроғарыш саласында, ракета жасауда, қазіргі заманғы технологиялар мен көптеген дәрілік препараттарды синтездеу кезінде пайдаланылады.Амал нешік, «Сирек және құнды метелл,металлойд химиясы» акедемиясы жоқ,ғылыми зерттеу-өндірістік инситуттар орталықтар құрылмаған.керек десеңіз «Сирек және қымбат, өңді және қара металдарды өндіру өңдеу , сату,барлау,қорғау» туралы біріккен кодекс қабылданбай жеке ережелер мен нұсқауларға негізделіп, жұмыс жүргізілуде.Бұл халықаралық саудада көрінгенің жемі болып кету,айтқанына еріп кетуге,жемқорлыққа жол ашады.Индустриялық –иновацилық жобалардың өзара байлаысы құрылмай оларды орналастырушы шет ел мұддесі мен талабына,икеміне тартып кетеді. Осы заманда,кейбір металдар тек дайын өнім жасалып қана немесе шетелдердің авиация, аэроғарыш, автомовиль,т.б. өндірісінің тізбегіне кіру үшін ғана сатылады. Мысалы,Қазақстан кез келген шет елдің өндіріс тізбегіне алюмений,мыс,қэрғасын арқылы немесе осы үшеуі керектеніліп жасалатын автомобильдік радиатор, генератор,динамо-статор,аккумулятор сияқты бөлшектер мен деталдарды дайындап беру арқылы да ене алады.Әсіресе Қазақстанда өндірілетін сирек металлдар бұл тұрғыда ең әлеуетті өнімдер.Тек мырыш арқылы талайды тамсандыра аламыз.Амал нешік осы мырыштың 90% Қытайға «арзанға» сатылады.Егер олармен мырыш қосылуы тиіс өнімді (тетік,бөлшек,құрал-сайман т.б.)Қазақстанда өндіріп,шығарылған өнім мөлшеріне сай құн ,баға бөлісудге уағдалассаңыз нәтиже тіптен жақсарар еді. Қазақстан металлургиясы келешекте үлкен жетістікке жетумен қатар адам капиталын дамыту ордасына айналады.Осыған жеткенге дейін оның қоры азайып кету қаупі бар. Көз алдыңызға мына екі жайды елестетіп көріңіз. «Қазақстанда сойылған еркекқойдың етін , Құрман айтқа сай,Арабстанға үш күнге сыйғызып тасып беріп,тарата алатын шамалы болдық деген екен аудан әкімі.» «Француздардың егде адамдары достарымен бірігіп,ресторанда әңгіме дүкен құрып,қызыл шарабын ішіп,көңіл көтеріп отыруды қашаннан жақсы көреді.Осы күнгі қарттардың шарапқа не қосатынын айтайын ба? –Естілік…Қазақстанда өндірілетін бие сүтінен жасалған бір таблетканы әр стаканға сап,езіп, араластырып ішеді. Отырыс соңында күнсайын Қазақстаннан әкелінетін жап-жас жылқы етінің ең дәмді әрі денсаулыққа шипалы жеті жапырақ етінен жасалған «Тіске басар» деп аталатын асын алып,жүрек жалғап алады. Бұл сонда ненің нәтижесі?Қазақстанда азаматтық авиация тым жақсы дамыған.ЖОО-да білім беру , терең мамандық игерту,білікті кадр дайындау ісі дұрыс жолға қойылған.

Қобдабай Қабдыразақұлы (Ғалым-жазушы)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *