7-сынып, қазақ әдебиеті пәні. Сабақтың тақырыбы: Ғажайып туынды – «Күлтегін»

Қостанай облысы, Қарасу ауданы,

«Ключевой орта мектебі» ММ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, екінші

(негізгі) деңгей бойынша сертификатталған

Карбузова Мейрамкуль Туяковна

Санаты: жоғары

Пед. Өтілі: 19 жыл

Аннотация

Ұсынылып отырған сабақ жоспары жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныпқа әдебиет пәнінен құрастырлды. Сабақтағы көзделген мақсат  бағдарламаға сай (А/И4) және (Б/С1) оқушы дағдыларын дамытуға негізделген. Сабақ барысында оқушының дағдыларын дамыту үшін, барлық оқушыларды жұмысқа тарту үшін жұптық, топтық, жеке жұмыс түрлерін қолдандым. Оқушының сабақтағы оқуға деген танымдық белсенділігін арттыратын, қызығушылығын оятатын, анализ, талдау, талқылау, салыстыру, баға беру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сабақ барысында өзін-өзі бағалау парағы арқылы өздігінен білім алу, өз деңгейін анықтау дағдысы жүзеге асырылды. Оқушылар сабақта диалогқа қатысты, сыни көзқарасын білдірді, деректерді салыстырды, жинақтап жазды, дәлелдер келтірді, түйін шығарды.

Сабақтың тақырыбы:

Ғажайып туынды – «Күлтегін»

Мұғалімнің аты-жөні: Карбузова Мейрамкуль Туяковна

Күні:   

СЫНЫП:  7

 

  Қатысқан оқушылар  саны:  7

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу (А/И4).

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген  портреттік мінездемені салыстырып,  тарихи және көркемдік құндылығына баға беру (Б/С1)

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы  орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.       

Оқушылардың кейбіреуі  орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Салыстырады, ұқсастығын анықтайды, дәлелдейді.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Көркем сөйлеу, ойды жүйлелі құру, жеткізу.

Ресурстар

Оқулық, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, геометриялық фигуралар, алты қалпақ, бағалау парақшасы.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, талдау, салыстыру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, тарих, дүниетану.

Алдыңғы оқу

«Күлтегін» жазба ескерткіші, жырымен танысу.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері, ресурстар

Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлемін : «1-2» саны бойынша топқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Ассорти» ойыны арқылы зейін шоғырландыру.

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.  Бағалау парақшаларын тарату.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

«Лездеме» әдісі арқылы өткен материалды сұрап шығу. жеке жұмыс

Геометриялық фигуралар, қол шапалақтау, бағалау парақшалары.

Жаңа білім

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіну кезеңі

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

Білу және түсіну.

1.     Жаңа ақпаратпен танысу кезеңі:  Берілген мәтіндерді 2 топ оқып алады.

Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалады. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өз қабілетті қолбасшысы ретінде танылады.

Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақыл гөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды.

Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады.

Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі – Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поеэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.

Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілдер, тілшілер, тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі – академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп жазды: «олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас Күлтегін, тоныкөк немесе суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңші?! Оларда әр алуан рулармен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтарда шежіресі бар.

2.     Ақпаратпен алмасу кезеңі: «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)  Жеке жұмыс

3.     «Сұрақ-жауап», «Сұхбат» әдісі. Әр топ   өз материалдары бойынша 7 сұрақтан дайындап, білімдерін тексеріп, сұхбатқа түседі.

 

 

 

BilimLand

видео

 

 

 

Оқулық,

Үлестірме материалдар

Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

«Венн диаграммасы» әдісі.

1-топ: «Қыз Жібек» жыры  мен «Күлтегін» жырын салыстыру.

2-топ: Образдарды салыстыру, ұқсастығын анықтау

                          

Жинақтау,талдау.

«Бестік диктант» әдісі арқылы білімдерін жинақтау.

1сөз …

1сөйлем …

1сұрақ …

1жауап …

1дәлел …   

 

Геометриялық фигуралар, шапалақ соғу, өзіндік бағалау парақшасына

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

бейнебаян

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Ой қорыту. Жеке жұмыс.«Идея себеті» әдісі

«Ақылдың алты қалпағы» арқылы идея ұсынады.

  

                             

Алты қалпақ идеясы арқылы баға беру.

Бағалау

 

3 минут

 

Кері байланыс

 

Оқушының аты-жөні

«Жаңа ақпаратпен танысу» кезеңі

«Жариялау» кезеңі

«Сұрақ жауап, сұхбат» әдісі

«Салыстыру кестесі»

Балл

 

 

 

 

 

 

Барлық кезеңдер бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалау парақшасын толтырып, тапсырады.

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі бойынша керібайланыс.

 

Сабақтан алған әсерлерін жүрекшелер арқылы  тақтаға жабыстырады.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *