«Анамызға мың алғыс»

Музыка әуенімен балалар залға кіреді

Жүргізуші:

Ана — дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана — дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана — деген бәйтерегі өмірдің

Ана — деген алтын қазық, алтын бақ.

— Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар! Көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын.

 

Тақпақтар: Баян, Дидар, Б.Айзере, Марсель, Ханзада.

(Бопи шығып кетеді)

 

Ән: «Анамызға мың алғыс»

(Балалар орындарына отырады)

(Қызыл телпек кіреді)

Қызыл телпек: Мен әжемді мерекесімен құттықтауға бара жатыр едім мына жаңбырдың жауып кеткені — ай. Ой мен мұнда қайдан тап болдым?

Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар бізге қонаққа Қызыл телпек келіп қалыпты. Қош келдің, Қызыл телпек. Сен мұнда қайдан жүрсің?

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен әжемнің үйіне бара жатыр едім, жаңбыр жауып кетті.

Жүргізуші: Қызыл телпек, сен уайымдама, Жаңбыр басылғанша балалардың аналарына арналған тақпағын тыңда.

 

Тақпақтар: Ерсұлтан, Камила, Бейбіт, Қ.Айзере, Ернар.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар. Сендер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Жаңбыр басылып, күн шықты. Енді менің де кететін уақытым болды. Әжем де күтіп қалған болар. Бырақ мен мына шалшықтардан қалай өтемін?

Жүргізуші: Қане балалар, Қызыл телпектің шалшықтан өтуіне көмектесейік. Қызыл телпек сен біздің балалармен ойын ойнап, шалшықтан қалай өтіп кеткеніңді де байқамай қаласың. Қанекей балалар Қызыл телпекпен ойын ойнайық.

 

Ойын : «Шалшықтан секіру»

(Дидар, Марсель, Ханзада, Сағынай, Қ.Айзере, Бейбіт)

Қызыл телпек: Рахмет сендерге балалар. Мен сендердің көмектеріңмен  шалшықтан да өтіп кеттім. Енді әжеме барайын. Ал балалар сендер мерекені орманда өткізгілерің келе ме? Кездескенше.

Балалар: Ия.

Жүргізуші: Ендеше балалар, біз орманға жол тартайық. Қанекей барлығымыз көзімізді жұмайық. (көздерін жұмады).

(Орманға келеді, көздерін ашады).

— Ой балалар, айналамызға көз тастайық. Қандай керемет, айнала жап-жасыл, түрлі-түсті гүлдерге көмкеріліп қалыпты ғой. Құстардың дауысына құлақ салайықшы.

(Көктем келеді)

 

 

Көктем:

Мен көңілді Көктеммін

Былтыр келіп кеткенім,

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін.

— Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер мұнда қайдан жүрсіңдер?

Жүргізуші: Армысың Көктем ханшайымы. Біз сені асыға күттік. Балалар, бізді орманда Көктем ханшайымының өзі қарсы алды.

Көктем: Балалар, сендер мені сағынған боларсыңдар. Мен сендерге өзімнің жылы шуағымды, нұрлы жаңбырымды, әдемі гүлдерімді, сайраған құстарымды алып келдім. Мен сендерді көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күнімен құттықтаймын. Аналарымыз аман болсын.

Жүргізуші: Көктем ханшайымы, біздің балаларымыз аналар мерекесіне өздерінің тақпақтарын, билерін дайындады. Саған да әдемі әніміз бар. Қанекей балалар, әнімізді шырқап берейік.

 

Ән: «Көктем»

Көктем: Жарайсыңдар балалар, әндерің маған ұнады. Тағы қандай өнерлерің бар.

 

Тақпақтар: Інжу, Аслан, Сағыныш, Диас, Алинұр.

Көктем: Ой, мұндада керемет гүлдер өсіп тұрғой. Осы гүлдермен би билеп мен өзімнің өнемірді сыйлаймын.

 

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Қандай керемет би.

Көктем: Балалар мен сендермен 3 ай болатыныма қуаныштымын. Мен сендердің өнерлеріңе ризамын. Көктем мезгілінің келгенін сезіндіру үшін менің баратын жерлерім көп. Аналарыңды мерекесімен тағы да құттықтаймын. Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Балалар мынау ненің даусы? (Ызыңдаған аралардың даусы шығады)

(Ара мен көбелек ұшып келеді)

— Ой, біздің жұпары аңқыған гүлдерімізге көбелектер мен араларда кеп қалыпты.

Ара: Сәлеметсіңдер ме балалар, мына исі аңқыған гүлдерді алыстан сезіп келдік.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, біздің гүлдер әдемі, исі де сондай керемет. Бізді Қызыл телпек әжесінің үйіне қонаққа шақырған. Сендер алдымен гүлдерге қонбас бұрын біздің балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын тыңдаңдар.

 

Тақпақтар: Іңкәр, Сейіткәрім, Айару, Шапағат, Махаббат.

Көбелек: Қандай керемет тақпақтар. Жарайсыңдар. Мұнда біздің достарымызда бар екен. Біз екеуміз солармен би билесек.

 

Би: «Аралар мен көбелектер»

Ара: Біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Сендер өнерлі екенсіңдер, біз енді ары қарай ұшайық, әлі ұзақ ұшуымыз керек. Сау болыңдар.

(Бопи шығып кетеді)

(Қызыл телпек әжесімен келеді)

Жүргізуші: Балалар, міне Қызыл телпектің әжесінің үйіне де келіп жеттік.

Әже: Амансыңдар ма балаларым. Менің немеремнің сөзін жерге тастамай қонаққа келгендеріңе ризамын. Қош келдіңдер.

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар демекші келесі құттықтауды әжелерге арнаймыз. Әже, балалардың сізге арнаған әні бар, қабыл алыңыз.

 

Ән: «Әже»

Әже: Ой қандай тамаша ән, көп рахмет сендерге.

Жүргізуші: Әжетай, біздің балаларымыздың осымен біткен жоқ, сіз біздің биші ұлдарымыздың да өнерін тамашалап көріңіз.

 

Би: «Қуырмаш»

Қызыл телпектің әжесі балаларға ризашылығын білдіріп, сыйлығын таратады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аяулы аналар Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Дендерңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Сау саламатта жүздесейік.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.