не жауып тұр? Жаңбырға екі өтініш
Бекітемін: _______________________________
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Абдукаримова
Күні:21.01.2020 | Мектеп:
№144 |
Мұғалімнің есімі: Байжанова А
Кенжеалиева А |
|||||||||||
Сынып: 4 «В» | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны
|
|||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Табиғат сипаты
Не жауып тұр? Қастек Баянбай Жаңбырға екі тілек Несіпбек Айтұлы |
||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып,жоспар құру |
||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Шығармашылық жұмыстар жасайды. Тақырыпты ашып, оқиға жүйесін құрады. Оқиға жүйесіне негіздеп жоспар құрады. Суреттер мен фотосуреттерді және дереккөздердің ақпараттарын пайдалана отырып таныстырылым жасайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа сұрақтар құрастырып, жауабын дәлелдермен негіздейді. Кейбір оқушылар: Өз пікірлерін түйіндеп айта алады. |
||||||||||||
Бағалау критерийлері:
|
Әңгімелеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды Мәтінге ат қойып, жоспар құрады |
||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері:
Бір ауық Шашетектен Аққа қарық болу |
||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Жауапкершілігі және жанашырлығы болу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, дүниетану, қазақ тілі. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, слайдтар, видеолар | ||||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | 5-бөлім оқушылардың алдыңғы бөлімдерде меңгерген білімі мен қабілеттеріне негізделеді. Бұған дейін оқушылар мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұматтарынан хабардар. Оларда оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру дағдылары қалыптасқан. Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алады. Негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау дағдысы жүйеленген. Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтай алады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізілген. | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||||||||||
Басталуы | Қызығушылықты ояту
МК. «Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі Ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең демалыңдар. Біз сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымыз. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін….(30 секунд)(табиғаттың әсем құбылыстары дыбысы естіліп тұрады). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар… (балалар рақмет айтады) Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер! Балалар, табиғат әлеміне саяхат жасадық. Табиғаттың керемет те жақсы құбылыстарын сезіндік. Бүгінгі тақырыбымыз. «Табиғат сипаты». Бүгін біз Мәтіндегі негізгі ойды анықтаймыз. Шығармашылық жұмыс жасаймыз. |
Баяу музыка ойнап тұрады.
|
|||||||||||
Ортасы | Дәптермен жұмыс жүргізу.
Күннің реті мен тақырыпты жазу. Қаңтардың жиырма бірі Сынып жұмысы Табиғат сипаты МК. (оқулықтағы тапсырманы негізге алып орындау.) 1-тапсырма. Сәйкестендіру. Топтық жұмыс. «Ойлан. Топтас. Талқыла.» әдісі Тапсырма. Біз топта «Айналмалы бекеттер» әдісі бойынша табиғат құбылысын сиапттайтын сөздерді сәйкестендіру. Топқа берілген кесте бойынша жұмыс жүргізу
Ашық -аспан Гуілдеген – жел Алай-түлей – боран Сақылдаған –аяз Шатыр –шұтыр – найзағай Түнерген – аспан Жапалақ қар Бет қаратпайтын – боран Нөсерлеткен – жаңбыр аспан –айналып жерге түскендей Ақтүтек – боран Кері байланыс. – Топта жұмыс жасау ұнады ма? Неліктен? – Қай топтың жұмысы ұнады? Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» 2-тапсырма. МК. Енді «Кезбе тілшілер » әдісі арқылы тапсырма орындаймыз. Тапсырма. Далаға қарап, табиғаттың бір бөлшегін сипаттау. МК. Сен мектепке қай уақытта келесің? (таңертең) Қай уақытта мектептен үйіңе қайтасың? (түскі уақытта) Күннің кеш мезгілінде қайда боласың? (кешкі мезгілде үйде болады) Табиғатты терезеден қарап тамашалаған кезің болды ма? (терезен сыртқа қарап табиғатты тамашалау) Олай болса, қалаған сұрағымызға жауап берейік. (сынып оқушыларының екі бөлігінде екі мұғалім тұрып, микрофон ұсыну арқылы оқушылар жауабын тыңдау) МК. Оқулықтағы суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді» әдісі «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқулықтағы суретті мұқият зерттей отырып, оны сипаттайды. Оқушылар еркін өз ойларын айту. МК. Өлеңді түсініп оқу. «Не жауып тұр?» Оқушылар өлеңді шумаққа бөліп, тізбектей оқиды. Мұғалім ырғағына келтіріп оқып, үлгі болу. Оқушыларға өлеңмен оқып, түсініксіз сөздерді стикермен белгілеу. Сөздік жұмыс жүргізу. Оқушылар ұсынған сөздерді түсіндіру. (оқушылар өздері түсіндіру, егер түсінбеген жағдайда мұғалім түсіндіру жұмысын жүргізу) Дәптермен жұмыс жүргізу. Бір ауық – бір мезгіл Шашетектен – мол, есепсіз, орасан көп Аққа қарық болу – сүт, айран сияқты мал өнімдерінің мол болуы Автормен танысу. Қастек Баянбай Қастек Баянбай – ақын. 1936 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ жерінде дүниеге келген. Ақын өлеңдерінде балалар өміріндегі оқиғаларды қызық та түсінікті тілмен баяндайды. «Араша», «Ақ шағала», «Құс сүті», «Балаларға базарлық», т.б. кітаптары бар. Несіпбек Айтұлы – 1950 жылы 22 қыркүйек-ақын, Парасат орденінің иегері. Балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» , «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары бар. Балалар, біз танысқан, оқыған өлеңімізді кім жазған екен? Берілген қима қағаздардағы автор туралы мағлұматты оқып, автор туралы сұрақтарға жауап береді. -Қай жылы туылған? -Туған жері қай жер? -Қандай атағы бар? -Шығармаларын ата. 3 және 4-тапсырмалар. МК. Балалар, біз әрі қарай тапсырмамызды орындаймыз. «Кезбе тілші» әдісі арқылы орындау. Сен жаңбырдан не күтесің? Себебі. Ал сенің отбасы мүшелерің жаңбырдан не күтетінін айта аласың ба? Мк. Сонда жаңбырдың адам тіршілігі үшін қандай пайдасы бар екен? Ал басқа табиғат құбылыстарының адамзат тіршілігі үшін қандай пайдасы бар? Оқушылар жауабы. Шығармашылық жұмыс Жұптық жұмыс. «Ойлан. Жұптас. Талқыла.» әдісі Тапсырма. «Жаңбырға екі өтініш» Суреттегі сөздерді көп нүктенің орнына қойып, өлеңді толықтырып оқу. Жаңбырға айтылған өтініш неліктен үртүрлі? Тапсырманы орындау үшін А3 парағын пайдалану. Орындап болған соң, жұмысын ұсынуға тапсырылған жұптар тақта алдында түсіндіру. МК. Балалар өтініші туралы түсіндірме. МК. Слайд арқылы автормен таныстыру. Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында тәмамдаған. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Кері байланыс. – Жұпта жұмыс жасау ұнады ма? Неліктен? – Қай жұптың жұмысы ұнады? Бағалау. «Бағдаршам» арқылы бағалау
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. Жел Нұрмағамбеттің алдынан еді. Мұрнына өрт иісі келген ол қалың қарағайдың арасынан жоғары қарап еді, қою қара түтін аспанға будақтала көтеріліп, бұлтқа ұштасып тұр екен. Өрт шығады деген күдігі жоқ ол ішінен «күлін сабынға алуға жаққан алабота болар» деп ойлады. Сол кезде жел қатайып, алдынан жаңбыр келе жатқанын көрген бала ауылға тез жету үшін тайын тебінді. Шаршаған тай жортып кете қоймай, тақымында бұлтыңдай берді. Жаңбыр да жетті, жылдам жүрмеуіне ренжігенмен, әлі қылауы түспеген, қызығы басылмаған тайын сабамады. Өртенген ауылды көргенде баланың зәресі ұшып кетті. Теп-тегіс жанып жатқан ауыл. Бірақ жан да, мал да жоқ… Ауыл тып-типыл. Күйген қоралардың, үйлердің қабырғалары, төбелері опырыла құлап жатыр. Әлгіде қатты құйған жаңбыр, қазір бәсеңдеу, бірақ өрт сөнер емес, қайта май құйғандай өршелене береді. Қорқудан ба, қою қара түтіннен бе, баланың тынысы тарылып, өкпесі алқымына тығылды. · Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөлікті қоршап сыз. · Әр бөлікке ат қойып, жоспар құр.
Дескриптор: – мәтінді бөліктерге бөледі; – әр бөлікке тақырып қояды; – әр бөлік бойынша жоспар құрады. |
Әр топқа А3 форматта сызба жазылған қағаз, түрлі-түсті маркерлер.
Микрофон
Слайдта сурет
Оқулық Стикерлер
Автор туралы мағлұматар жазылған қима қағаздар
Микрофондар
А3 форматағы тапсырма жазылған қағаздар, стикерлер, маркерлер.
Слайд автор туралы.
Бағдаршам түстері (әр оқушыда)
Әр оқуышға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. |
|||||||||||
Аяқталуы
|
«Блум түймедағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі. 1. Қарапайым сұрақтар. Өлеңдер не туралы? 2. Анықтаушы сұрақ. Өлеңдер несімен ұнады? 3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Өлеңде не жауып тұр делінген? Қандай өтініш айтты? 4. Шығармашылық сұрақтар. Мен жаңбыр болсам, былайжасар едім… 5. Бағалау сұрақтары. Бір өлең, екінші өлеңмен несімен ерекшеленеді? (7-тапсырма) «Жаңбыр жауса – ел ырысы» деген халық нақылын пайдаланып, өлеңдердегі негізгі ойды түсіндіріп көрші. 6. Тәжірибелік сұрақтар. Өлеңде басқа табиғат құбылысын қоюға болады ма? Кері байланыс: «Өз миыңды сал» әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Үй тапсырмасы: Өлеңдердің ұнаған шумағын жаттап алу. |
«Блум түймедағы» суретімен берілген сұрақтар.
Мидың суреті салынған қағаздар
|
|||||||||||
Қосымша ақпарат
|
|||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
|
||||||||||||
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|||||||||||||
Қорытынды бағамдау | |||||||||||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
|||||||||||||