Тәуелсіздік.
Тәуелсіздік!
Менің Отаным Қазақстан! Қазақстан тәуелсіз мемлекет!
Тәуелсіздік бұл тағдырдың бізге бергенсыйы.Тәуелсіздік біздің дербес мемлекет екеніміздің куәсі.Тәуелсіз мемлекет болу үшін қаншама қан,қаншама тер төкті ата-бабаларымыз бен қыршыннан қиылған аға-апаларымыз.Біз тәуелсіздік жолында құрбан болған қандастарымызды ешқашан ұмытпаймыз.
«Өткенімізді ұмытсақ,болашақ бізді кешірмейді»деген ұлы даналық сөз осығанорай айтылғандай.
«Қазақсатан-біреулердің қазақтарға берген тартуы емес,олардың тарихи отаны»деп тұңғыш елбасымызН.Ә.Назарбаев айтқандай біз тәуелсіз Отанымыз Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқандықтан біз тәуелсіздікті сақтап қалу үшін аянбай еңбек етуіміз керек.
«Еліңнің азаматы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақ отының жалғыз мемлекетінің нығайып,өркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Назарбаев айтқандай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының парызы.
Мен өзім Мамадәлі Ақтолқын Нұржанқызы осы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде дүниеге келіп,осы мемлекетте өмір сүріп жатқаным үшін бақыттымын.Осы тәуелсіз мемлекетте «Болашақ ұландарды тәрбиелеп,»Ақтілек» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарып жүргенім жаныма қуаныш сыйлайды.Тәуелсіздік жайындағы шығармамды өзімнің жанымнан шыққан мына бір жыр жолдары мен аяқтағым келеді:
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Ешім оны сыйға ұсынып берген жоқ.
Тәуелсіздік-ерен елдің еңбегі
Болашақтың күліп атар ертеңі.
Тәуелсіздік ұлт бақыты,ұлы рух
Сен балдырған,жадыңда ұста,соны ұқ
Тәуелсіздік сан ұрпақтың үлесі,
Қазағымның ұл қызының күресі.
Тәуелсіздік-теңдесі жоқ жыр,аңыз.
Тәуелсіздік-біздің құнды мұрамыз.
Тәуелсіздік туын биік ұстағын
Бұл біз үшін ұлы міндет,бір парыз.