«Мен тәрбиешімін»

«Мен тәрбиешімін»
(Эссе)
Мен – тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеудемін.Осы жұмысым арқылы қаншама баланың жүрегінен орын таба білдім. Бұл менің жанымның жайы,өмірімнің мәні.Мен тағдырдың жазуымен тәрбиеші мамандығын таңдадым .Мен балалармен жұмыс істегелі,өзімнің балалық шағыма оралғандай боламын. Мен өзімді «Ана »деп айта аламын. Себебі менің алдымда жүрген әрбір бала маған ерекше көңіл сыйлайды. Ол балалардың барлығы менікі.Менің кішкентай бөбектерімнің сүйкімді жүздерін көргенде ерекше күлімсіреймін.Өйткені олар маған қуаныш сыйлайды.Мен бөбектерімен бірге жүрсем, балаша қуанамын.Олар бір-бір үйдің еркесі,бұзығы,қызығы.«Ұстаздық еткен жалықпас» –деп бекер айтпаған.Менің өзімнің ата-анамнан үлгі аламын. Өйткені менің ата-анамда ұстаздық қызмет етеді.Ол кісілердің өз мамандықтарына ерекше қарайды.Маған деген ақыл-кеңестерін беріп отырады.Мен өз мамандығымен мақтанамын.Тәрбиеші болу үшін адамға сабырлық,мейірімділік,кішіпейілдік қажет.Маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Мен олардың көңіл-күйлерін көтеру үшін барлық жағынан көмек көрсетуге тырысамын. Олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс жасаймын,себебі ата-ана үшін балаларына мен үлкен жауапкершілікпен қараймын.Мен үшін балалардың орны бөлек.Бала тілі бал.Балалармен қызықты ойындар ойнап,көңілім бір марқайып қалады.Менің жұмыс орным балабақшада болсада,өте қызық өтеді әрбір күнім.Менің бөбектерімнің күлгені мен үшін бір бақыт.Менің мақсатым – өз махаббатымды балаларға сыйлау.Тәрбиеші болып жұмыс істеу мен үшін үлкен жұмыс емес.Себебі мен осы жұмыс арқылы өмірдің керемет екенің түсінемін.Менің мамандығымның қиындығымен қызығы бола тұра,менің балаларға деген махаббатым,сүйіспеншілігім шексіз.

Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
ЖШС «ALATAU Балабақшасы »
«Балапан »тобының тәрбиешісі Бектемисова Э.К

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *