Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.

Сынып: 1 «Ә»

Күні: 27.11.2019ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім: К.Қамбарова

Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

1.3.11.1   Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Сабақтың мақсаттары  Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы  талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат  Оқушылар орындай алады: Іі  дыбысы мен әрпін дұрыс айтады. Сөздегі орнын табады. Іі дыбысына қатысты сөздерді атайды..

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: ірімшік

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Тыңдалым-айтылым.Оқылым.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Іі дыбысы қандай дыбыс? Неліктен дауысты дыбыс?

Отбасы мүшелері немен айналысады? Өлең не туралы? Себебін      айта аласың ба?

Алдыңғы оқу Менің отбасым.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

/Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 
Сабақтың ортасы

25 минут

 

 

1.          Жұмбақ шешу:

Кірпіде бар,

Құста жоқ.

Түлкіде бар,

Мысықта жоқ. (І)

1.          «І» дыбысы және  әрпімен таныстыру. «І»

дыбысының  дауысты екені танытып, әріппен таңбалану үлгісін көрсету.

«І»-нің дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында, аяғында келу үлгілерін  көрсету.

1.          Iрiмшiк  сөзіне дыбыстық талдау жасату.

 
Сергіту сәті

1 минут

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

/Б.Бөрiбаев/

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

5 минут

1.          Тыңдалым.

«Біздің отбасы» өлеңін тыңдатып, өлеңдегі «ғалым»,

«мұғалім», «инженер», «дәрігер», сөздеріне сұрақ қою және «Отбасы мүшелері күнделікті немен айналысады?» сұрағының төңірегінде әңгімелесу.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап алу:

·             «Өлең не туралы?»,

·             «Атасыі кім болып жұмыс істейді?»,

·              «Әжесі ше?», «Әкесі ше?», «Анасы ше?»,

·              «Ол не үшін мектепке барады?», т.с.с.

Оқушыларға  «Өзіңнің отбасыңның күнделікті тіршілігін немесе немен айналысатынын әңгімелеп бер» тапсырмасын беріп, жауап алу.

1.          Оқушылардың Іі әрпі мен ол кездесетін

сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау.

 
Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.

 
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

 
Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлем-дердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

 

 
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неге?

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *