Кестелер мен диаграммалар

Пән: математика
2С Бөлім. Жиын оның элементтерін белгілеу Мектеп: 43ЖББОМ КММ
Мерзімі: 25.12 Мұғалімнің аты-жөні: Д.Ш.Халиоллаева
Сынып: 2
Сабақ 69 Қатысқандар саны: 24
Қатыспағандар саны: 1
Сабақ тақырыбы Кестелер және диаграммалар
Сабақ мақсаттары 2.5.2.5 Деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер және диаграммалар құрастыру.
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары  Жиындарды элементтеріне қарай біріктіре алады.
 Жиын элементерін сандарына байланысты сызбалар құра алады.
 Құрып тұрған жиынының санына байланысты диаграмма құрастыра алады.

Бағалау критерийлері Берілген нұсқау бойынша сәйкес кесінділер, түзулер мен геометриялық фигуралар сала алады.
Тілдік мақсаттар Нұсқау, сызба, диаграмма, геометриялық фигуралар терминдерін қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту.
Құндылықтарды дарыту Оқушылар байқампаздыққа, зерттеуге, қорытынды шығаруға дағдыланады.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, логика, дүниетану, музыка
АКТ-ны қолдану Bilim Land
Алдыңғы меңгерілген білім Жиын, ақиқат және жалған пікір.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут -Балалар бүгінгі сабағымызда бір ерекшелік бар.Ол қандай?
-Дұрыс айтасыздар,бізге бүгін қонақтар келіп отыр екен.Олай болса, қонақтарға сәлемдесіп алайықшы.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз!
-Ал сіздерге балаларым бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеймін!
Сабаққа дайынбызба?!
-Ия!/шапалақтайды/
Қане балалар орнымызға отырайық.
Сабақ ортасы
25 минут -Балалар алдыңғы сабақта біз қандай есептер шығардық? Қандай тақырыпта?
-Жиын туралы есеп шығардық. Жиынның құрылымын білдік.
-Жарайсыңдар балалар! Енді барлығымыз назар аударып, қараймыз, есімізге түсіреміз.
Bilim Land жиын тақырыбында видео-ролик көру
-Балалар есімізге түсірдік пе?
-Ия
-Сонымен жиын дегеніміз не екен?
-Белгілі бір нәрсенің тобы
-Жиын неден тұрады?
-Белгілі бір элементтерден
-Оны қандай әріппен белгілейді екенбіз?
-Элементті кішкентай латын әріпімен белгілейміз, ал жиынды үлкен латын әріпінің белгілейміз!
-Жарайсыңдар!
Ал енді балалар әр топтан бір оқушы қасыма келе қойыңызшы
/балалар шығады/
Ұнаған суреттерінді таңдаңдар! /сурет таңдайды/
Енді балалар осы топ мүшелері апарған сурет бойынша қазір жұмыстанамыз!
1 топ- Ұшақ
2 топ- Машина
3 топ- Пойыз
4 топ- Кеме
Тапсырма 1. Алдарыңызда балалар суреттер жатыр, сол суреттермен белгілі бір жиын құрастырамыз.
Содан соң жиынның элементтеріне байланысты санға диаграмма құрастамыз.

Дескриптор: Білім алушы
-Жиынның тиісті элементтерін табады;
-Оны жиынның ішіне жабыстырады;
-Элементтердің санына байланысты диаграмма құрастырады;
-Элементтерін белгілейді;
-Тиісті емес элементтерді де жинақтайды.

Тапсырмадан қиналып отырсаныздар смайликтерінізді көтере қоярсыздар.
Әр топ постерлерін қорғайды.

-Балалар бұл тапсырмада біздер қандай өзгешелікті байқап тұрмыз?
-Жиындар әр түрлі, элементтері де,оның белгіленуі,саны және диаграммасы.
-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабақта қандай тақырыпты меңгереміз деп ойлайсыздар?
-Кестелер мен диаграммалар
-жарайсыңдар балалар!
Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты: Деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер және диаграммалар құрастыру.
Осы тақырыпты меңгере отырып біздер Деректерді

жинақтау, жүйелеу, кестелер және диаграммалар құрастыруды үйренеміз.
Тапсырма 2. Фигураларды жиынға бөл.
Эйлер-Венн шеңберіне олардың суретін сал.

А)

Шаршы жиыны Дөңгелектер жиыны
Ә)

Үлкен фигуралар жиыны Кішкентай фигуралар жиыны
Дескриптор: Білім алушы
-Жиынның тиісті элементтерін табады;
-Оны жиынның ішіне жабыстырады;
-Элементтерін белгілейді;

Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда болып шықты он саусақ.
Тапсырма 3. Диаграммаға 0-ден 20-ға дейінгі сандар туралы мәліметтер жина.
Бір таңбалы Екі таңбалы
Жазылуында 0,2,4,6,8 цифрлары бар 2 4 6 8 20 12 14 16 18 10
Жазылуында 1,3,5,7,9 цифрлары бар 1 3 5 7 9 10 11 13 14 15 16 17 18 19
Дескриптор: Білім алушы
-Бір таңбалы сандарды жазады;
-екі таңбалы сандарды жазады;
-сандарды өсу ретімен жазады;
-қайталанып тұрған сандарды жазады.
«Ақиқат немесе жалған» әдісімен тексеру.
Тапсырма 4. Есептерді шығар.
А) Кішкентай.а-18ж ?
Үлкен.а-?, 22 адам артық сияды.
Ш: 18+22=40 18+40=58
Ж: Үлкен.а-40 Барлығы-58 адам

Ә) Жеңіл к-12
Автобус-?,9-ы артық
Такси-? (Ж.к+а)
Ш: 12+9=21 21+12=33
Ж: Автобус-21 Такси-33
Дескриптор: Білім алушы
-Есептің шартың жазады:
-Есеп нені сұрап тұрғанын табады:
-Шешуін жазады:
-2 амал орындайды;
-Жауабын табады;
-Жауабын жазады.

Тапсырма 4.Уақытқа есептеу. Бинго әдісі

Bilim Land cайты

Суреттер
Ұшақ
Машина
Пойыз
Кеме

А3 формат
Суреттер, желім

Постер, қима қағаздар, фигуралар,желім

Кесте, желім, қима қағаздар.

«Ақиқат немесе жалған» парағы

Суреттер берілген парақ.

Музыка, есеп жазылған парақтар.
Сабақтың соңы
5 минут Балалар сабақта не Қиын не Құнды болды?
ҚҚ әдісі арқылы кері байланыс
Үйге №5 есеп 67бет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *