«БАЛАБАҚША – БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ»

Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы
№9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК
Әдіскері: Шангреева Айнур Жетесовна

«БАЛАБАҚША – БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ»
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,
оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре
білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,
Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын
азамат өсіре аламыз»
Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білімді, өресі биік денсаулығы мықты өкілдер болады….» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере қарап, олардың ертеңінен үлкен үміт артып отыр. Елбасының балабақша жайында тілге тиек етуі, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Балабақша саны күн санап арта түсуде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.
Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлдеқашан жетті. Балабақша «Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңының, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша өз мақсат, міндеттерін орындап келеді.
Ал балабақшаның тарихы және аталуы қалай пайда болғаны ой толғандырады.
Неміс педагогы Ф.Фребель балаларды өмірдің гүліне теңеп, ол гүлді тек қана бағбан өсіруі керек деген ұғыммен 1837 жылы «Бала – бақша» атауын ойлап тапты. Ол балаларды еркін іс-әрекетке жан-жақты дамыту мақсатында оқытушыларды мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуға шақырған алғашқы адам болды. Дидактикаға, ойын мен ақыл – ойдың дамуына көп көңіл бөлген. Сонымен қатар М.В Ломоносовтың, К.Ушинский, Н.Н. Новиковтың,А.И. Герценнің, Л.Н. Толстойдың, Н.И. Пиорговтың т.б. мектепке дейінгі педагогикаға қосқан үлестер зор.
Ал Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие негізін салушылардың бірі: А. Меңжанова, Б. Баймұратова, Н. Құлжанова, М. Жұмабаевтардыңда бала тәрбиесіне қосқан үлесі зор.
Негізгі бөлім
«БІЗДІҢ БАЛАБАҚША- БҰЛ БАЛА БАҒБАНДАРЫНЫҢ МЕКЕНІ»
Ф. Фребельдің ұғыммен «Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына айналдыруымыз керек. Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.

Осы арқау болып отырған тақырыпқа тоқталатын болсақ, балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмау керек. Ал, ата-ана үшін балабақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігінің мықты болуы абзал.
Бүлдіршін бақшаға-достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналуы керек. Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де сәби жүректерін алып ұштырып тұратын деңгейге дейін жеткізетін ол әрине-балалардың бағбаны-тәрбиешілер болып саналады. Ал ондай тәрбиешілер біздің балабақшада бар деп нақты айталамын.
Мен қызмет атқаратын №9 «Бәйтерек» балабақшасы «Балапан» бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданының Маңғыстау -5 тұрғын массивінде ашылған болатын.
«Бәйтерек» атауының: Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ұқсап біздің балабақша тамырын тереңінен жайып, жапырағы жайқалып өсіп келеді.
Балабақшамыз қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі табиғатты қорғау, балалардың экологиялық мәдениетін еселеуге, қоршаған ортаға деген құрметін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру – оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, құнды бағыттардың бірі экологиялық тәрбие бағыты бойынша жұмыстанып мақсат, міндеттерін орындауда.
Мақсатымыз: Балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде жанды және жансыз табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке¬рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа¬уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі»-де¬ген ғұлама ғалым Әбу На¬сыр Әл-Фа¬ра¬бидің ой¬ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо¬лары сөзсіз.
Сондықтан да тәрбиешіге қойылатын талап та жоғары болмақ. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған тұсында еліміздің білім мен тәрбие беру жүйесінде тың ізденістерді негізге алған мемлекеттік бағдарламалар енгізіліп қана қоймай, енді міне әлемдік стандартқа көшуге бет түзей бастадық.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің бір маңызды шарты ол дамытушы- заттық ортаны дұрыс ұйымдастыру және экологияландыру болып табылады.
Ондай ортаны құрудың негізгі мақсатымен, шарттары бар.
Алайда ондай дүниелерді қазіргі эстетикалық талапқа сай, көзтартымды жасақтау үшін мемлекет тарпынан қаражат бөлінбегендіктен қиындықтар туғызады.
Алғашқыда жаңадан ашылғандық кедергілермен кемшіліктер болды. Бірақ алға қойған мақсатымызды жүзеге асыру үшін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей тәрбиешілеріміз өз шығармашылықтарымен ізденімпаздықтары арқылы ата-аналармен бірігіп, балаларға экологиялық сапалы білім беруге арнайы Экология кабинеті. Апталықтар (акциялар, көрмелер) «Жас эколог зертеуші» бұрышы, «Балабақша тынысы» қабырғасы, океанариум бұрышы, Аққу айдыны бұрышы, Джунгли бұрышы. Құм терапиясының құралдары, тақырыптық акциялар және экскурциялар ұйымдастырылды. Әрине жұмыстың нәтижелі және сапалы болуында мықты даму жоспармен білікті, еңбеққор, шығармашыл ұйымдастырушы басшы болу қажет екені баршаға мәлім.
Бағбанның жерді құнарландырып, күтіп баптаған өсімдіктерінің жемісін көру – еңбекқорлығының нәтижесі болып саналады.
Тәрбиеші – Бала – Ата-ана болып экологиялық тәрбиеде үш бағыт бойынша жұмыстанып қазіргі таңда көптеген жетістіктерге жеттік. Тәрбиешілермен тәрбиеленушілер аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болды.
Осындай жұмыс нәтижелері арқасында Ата-аналар балаларының жетістіктеріне қуанып балабақша өміріне белсенді араласып өз тараптарынан балабақшаның көркейе түсуі үшін, өз ұсыныстарын білдірді.

Ұсынылды: Балабақша жанынан балаларға арналған шағын жылы жай (теплица), шағын су бұрқауы (фонтан) және спорттық алаң жасақтау жобасын ұсынды. Осы жобаны жүзеге асыру үшін балабақша меңгерушісімен ұжым бірлесе отырып жұмыстанамыз.

Қорытындылай келе:
Болашақта балабақшамыздағы жылыжайда өсірілген көкөністерімізді балалардың тамақтану рационына қосып, әдемі гүлзарлар мен су бұрқауының жанында, биік –биік теректердің саясында орналасқан ойын алаңдарында кішкентай бүлдіршіндерімізбен бірге демалатынымызға сеніміміз мол.
Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Сондықтан да бақша-тек балаға бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, бақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. «Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді” демекші алға қойған мақсатымыздың дұрыс және нәтижелі болуы біздің қолымызда.

Балабақшамыздың осындай жұмыстардың нәтижесінде болашақта білімді ұрпақ тәрбиеленетіне кепіл сенемін

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие / Отбасы және балабақша – 1996.
№11-12/
2. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\
3. ҚұлмағамбетовТ. Табиғат тануды оқыту әдістемесі -Алматы, қ университеті, 1988.
4. Керімбаева . Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997.
№ 1 – 3.
5. Жұмабекова Ф.И Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.
6. Құлмағамбетов Т.Табиғат тануды оқыту әдістемесі – Алматы, қ университеті, 1988.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *