Ұлттық ойындардың іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

Интернетті пайдаланып қажетті мағлұматты оқушыларға ұсыну:

https://www.youtube.com/watch?v=lCVzK8fA0q0

Формативтік бағалаудың тапсырмасы:
топтарда жарыс ұйымдастыру.

Интернетті пайдалана аласыз.

Дәстүрлі ойынға жататын ойын түрі «Шекем тас»

Шекемтас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға қойдың құмалағынан үлкендеу 5 домалақ тас немесе асық пайдаланылады.

Ойынның мазмұны: Ойнаушылар ең алдымен, кім-кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады да, тағы да лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады да, тағы да лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады да, тағы да лақтырып, алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз –тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.Бірінші кезек алған ойыншы бестас ойынының шартын бұзып алғанға дейін ойнайды. Одан кейін екінші кезектегі, ол тоқтаған соң, үшінші кезектегі ойыншы ойнайды. Ойын осылай жалғаса береді.Тастарды қаршып қағып алу кезінде басқа тастарды қозғалтуға болмайды және қақпа тасты түсіріп алмауы керек. Ойыншы ойынның шартын бұзғанға дейін ойнай береді. Тек ойынның шарты бұзылған жағдайда ғана келесі ойыншы кезек алады. Ал келесі кезек келгенде ойнаушылардың қай-қайсысы болсын, ойынды өзінің бұрынғы тоқтаған жерінен жалғастырады.

Ойын мынадай жүйелермен орындалады: Бірлік. Бес тасты жерге иіріп тастаған соң, біреуін қақпатас етіп жоғары лақтыра отырып қалғанын бір-бірлеп қағып алады.Екілік. Тастарды жерге иіріп тастап, жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады.Үштік. Үш тасты бірге, бір тасты жеке қағып алады.Төрттік. Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпатас етіп жоғары лақтырып, ол қайта түскенше төрт тасты жерге қойып үлгереді де, тағы лақтырып, жердегі тастың төртеуін қайта жинап алып қақпатасты қағып алады.Жалақ. Ойында үш немесе бес жалақ болады. Қақпатасты жоғары биіктікте лақтырып жіберіп, сұқ саусақпен жерді үш немесе бес рет «жалатып»үлгеру керек.Үш рет жалау немесе бір рет жалау ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.Алақан. Қақпатасты лақтыра отырып, қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинайды.Төрт бұрыш. Төрт тасты жерге қойып, яғни, төрт бұрыш жасап қойып, содан соң қақпатасты биіктікте лақтырып, тастардың төртеуін де жинап қағып алу керек. Төртбұрыштың үлкендігі ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.Арттан тастау. Ойынның бұл түрінде жерден бірінші тасты қағып алған соң, екінші тасты қағып алу үстінде бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек. Үшінші тасты қағып алу үстінде екінші тас арттан тасталады.Бәрін тастап болған соң, жердегі тастарды соңынан тұтас жинап қағып алу керек.Үндемес. Бестас ойынының бұл түрінің шарты бойынша қақпатасты қағып алғанда, ол алақандағы басқа тасқа соғылмауы керек. Ойынның шарты бойынша үндеместі ойнаған кезде ойыншының өзі де үндемей отыруы керек. Ал басқа ойыншылар ойынның осындай жағдайын пайдаланып, үндеместі ойнап отырған ойыншыны күлдіруге тырысады. Ойыншы күліп жіберсе, ол сол арада ойнауын тоқтатуға тиіс болады. Себебі, ойын шарты бойынша дыбыс шығарса ойын шарты бұзылады.

1.      Сарт-сұрт. Ойынның бұл түрінде бірлік ойыны сияқты қақпатас қағып алынады. Бірақ қақпатас пен жерден алынған тастың бір-біріне соғылғаны құлаққа естілуі керек. Себебі, ойын шарты бойынша дыбыс шығарса ойын шарты бұзылады.

2.      Қаршу. Ойыншы бес тасты жерге иіріп тастап, қақпастасын қолына алып, қалған төрт тасты бір-бірлеп қаршып қағып алады.

3.      Нәби. Ойынның бұл түрінде сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын жерге тірей қақпа жасап ұстайды да, оң қолымен сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға қарай иіріп тастап, қақпа тасты қолына алады. Ал басқа ойыншылар жердегі төрт тастың бірін нәби(ата) сайлайды. Нәби ойыншылардың өзара келісулері бойынша не алдыңғы, не арт жақта жатқан тастардың бірі болады. Ойыншы нәбидің ең соңында, яғни басқа тастарды қақпадан өткізіп болғаннан кейін ғана өткізеді. Ойынның шарты бойынша басқа тастарды нәбиге тигізіп алмай, бір-бірлеп өткізу керек ойынын таныстыру, ойнату Ойын ережесімен таныстыру. Оқушыларды топқа бөлу.

1.      Ойынның мақсатын міндеттерін түсіндіру.

2.      Қол саусақтарынан «Қора» жасауды көрсету.

3.      Шерту және қайта қосу әдісін көрсету.

4.      Оқушыларды жұпқа бөлу.

5.      «Шекемтас»ойынын ойнау.

Шекем тас ойынына топтық жұмыстар ұйымдастыру формативтік бағалау.

Сабақты тақырыбын бекіту, сұрақтар қою: Шекемтас ойынының   пайдасы қандай? «Отау» ойынының пайдасы қандай? Ойынды адал ойын ойнадыңдар ма? Бұл ойында қандай адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау және бағалау.

 

Сұрақ қою: Ойын барысында қандай қауіпсіздік техникасын сақтау керек? Бұл ойында қандай адамгершілік   құндылықтарды дамытамыз? Оқушыларды жұпқа бөліп, бір-біріне сұрақ қою.

Бірін-бірі бағалау.

Шекемтас ойыны.

Ойынға көлемі бірдей 5 тас алынады (тастардың көлемі бармақтың басындай болуы шарт) Бас тас (қызыл бояумен боялған)

1.      Ойын тастары (басқа түрмен боялады)

Ойын түрлері:

1.      Төменгі сыныпарға арналған «Қора» ойыны Үйрету реті:   сынып оқушыларын екі екіден топқа бөліп төсеніштер үстіне орналастыру. Ойын тастарын үйлестіріп беру.

Дайындық жаттығулары:

1.      Тасты үйшік үстінен төмен шашырату.

2.      Шашыраған тастардың арасынан бас тасты алып, жоғары лақтырып тас қайтып келгенше, бір саусақпен шерту әдісі арқылы қалған тастарды бір жерге жинап, келесі кезекте бас тасты жоғары лақтырып бір қолмен қалған тастарды бір жерге жинайды.

3.      Екі жақты ойын.

Бірін бірі бағалау.

Кері байланыс:

Не білдім?

Неге үйрендім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *