Қош бол, балабақшам!

Залда “Бақытты балалалық шақ” әні естіліп тұрады.Шарлар, гүлдермен,қанатты сөздермен безендірілген.
Музыка әуенімен екі жүргізуші кіреді.
Алихан:Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар.
Қоштасатын күн келді.
Апайларға айтатын алғысым бар.
Айзере. Құтты болсын қадамдарың қонақтар.
Біздің тойдың көрермені болыңдар.
Тамашалап балалардың өнерін.
Марқайып алақанды соғыңдар.
Достарымызды қарсы алайық.
Шақырайық түлектерді ортаға
Айтылатын жақсы тілек қаншама.
Өлең айтып,тақпақ айтып,би билеп.
Өнерлерін көрсетсінші баршаға.
(Музыка әуенімен балалар кіреді,жарты шеңбер болып тұрады.)
Алихан: Иә,тәрбиешілерге айтар алғысымыз шексіз.Ой,Айзере мұнда ортамызда кішкентайымыздан тәрбиелеп, білім берген тәрбиешілеріміз көрінбейді.
Айзере:Ендеше ортамызға құрметпен тәрбиешілеріміз Гүлжан Тұрарқызы мен Тойгул Айдарқызын шақырмаймызба?
Толқимын толқып тұрсыз баршаңызда.
Мұндай күй болған сірә баршаңызда.
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық.
Құрметпен тәрбиешілерімізді ортамызға.

;1.Жүр.Құрметті ата – аналар,балабақша қызметкерлері,ата – аналар, бүгінгі біздің мерекеміз .ерекше,себебі бүгін бірнеше жыл мәпелеп өсірген,тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз.
2.Жүр.Өмірде сиқыр болмайды деп айтады.Сеніңіздер,олар болады, тіпті қасымызда жүреді.Өмірдің ең керемет сыйы,ол біздің балалар.Олар гүлдер сияқты,Өмірімізді гүлдендіреді,,жан дүниемізге нәр береді.Сондай керемет гүлдер, тіпті оларды қоштасуға да қимаймыз.
Айару;Міне,біз де өстік,мектепте бізді бірінші сынып күтіп тұр.
Нұрдәуіт;Естеріңдеме,төрт жыл бұрын осы балабақшаға келген күніміз.?
Саян;Қой,ей Жүрген жоқпыз,бізді коляскамен әкелді емеспе?
Аруна;Ал мен жүрмей,анам мені көтеріп келетін.
Аңсар;Менің есімде, күнде жылайтын едім,анамды терезеден қарап тұратынмын.
Айдина;Біреуміз соскамен,біреуміз памперспен келдік емес пе?
Нұрхат;Біз болсақ,түскі аста ұйықтап қалатын едік.
Айбек;Далада бір-бірімізге құм шашып ойнайтын едік ғой.
Т.Алихан;Тентек болғанымыз сонша,бір-бірімізді тістеп алатын едік ғой.
Шадман;Мен тамақты дұрыс жей алмай,әпкей маған қасықпен тамақ беретін.
Барлығы;Иә, біз сондай болдық,өйткені біз сәби едік.
Барлығы;Несін айтасыңдар,мұның бәрі артта қалды,бүгін бізді бірінші сынып күтіп тұр.
Аңсар; Құрметті қонақтар,армысыздар
Бәріңізде есен – сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысым бар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын әнімізді бастайық
Әдеп пен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық
Хор;”Балабақша ”

Ерхан , Бақшамызды ұмытпай
Келіп – кетіп тұрайық
Сондай кезде апайлар
Қалады ғой қуанып
Үлкендердей тап – таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
Жанайым; Ана тілін ардақтап
Ана салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып,жазып үйрендік
Сүйген өз қыз,өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім
Апай болды анамдай

Қарлыға;: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата – ананы
Мектепке барамыз
Мектеп біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып,білім аламыз .
Балалар отырады.
1.Жүр.Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша.
Мың бұралып би билеп,
Шығамыз біз ортаға.
Би;”Лента биі.”
Музыка әуенімен ортаға Буратино жүгіріп келеді.Балалармен қонақтармен амандасады.Мені таныдыңдарма .Мен көңілді Буратиномын
Айдаршығым қысқа ал мұрным ұзын
Жер бетімен су астынан,
Іздеп жүрмін кілтті алтын.
Бәріңе,бәріңе,Құрметті достар,Мен білім әлемінің алтын кілтін іздеп жүрмін.Бұл өзі не деген сиқырлы әлем.Ой-ой-ой мен қайда келдім
Жүр.Деміңізді басыңыз Буратино,сен балабақшаға келдің.Біздің балалар балабақшамен қоштасқалы жатыр.
Бур;Артымнантүлкі Алиса қуып келе жатыр.Менің қолымдағы кілтті алып қойды,қалтамда тиындарым бар еді соны да алмақшы.Ой санай алмай жатырмын.
Жүр:Бала-р санауға көмектесіңдерші:
Логикалық сұрақтар.
Буратино;Қандай тамаша!
2.Жүр;Есеп шығарумен бірге біздің балалар ән де би де билей алады,Тақпақтар айта алады.
Хор,”Ата-ананы тыңдаймыз.”
Тақпақтар.Нұртілеу;Балдырғанды мәпелер.
Бақшада бар тәтелер.
Қолымыздан жетелеп.
Бізді сонда әкелер.
Өз үйіміз анамыз.
күнде-күнде барамыз.
Достарменен табысып,
Қуанысып өқаламыз.
Аруна;Құшағында жарқылдап.
Өтті сәби күндерім.
Би биледім,ән тыңдап.
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан-жағым.
Асыр салып жүгірдім.
Саян; МАқсатымыз жақсы айқын.
Оқып білім аламыз.
Жақсы істерге бастайтын.
Жақсы азамат боламыз.
Адина ;Өсті талап-талғамым.
Көп нәрсені ұғындым.
Сен үйреттің сөйлеуді.
Сенде ойым есейді.
Азиз;Жатқа білер дос атын.
Дос бар бізді тосатын.
Балабақша бізлдің үй.
Басымызды қосатын.
Балабақша есігін.
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп.
Мәпелейді бақшамыз,
Т.Алихан;Қызғалдақтай гүл жайнаған.
Бақшамызға қараңыз.
Бірге ойнап,бірге жүрген.
Біз бақытты баламыз.
Жүр;Ойын.»Кім жылдам.»
Ұл-қыздары көңілді.
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп.
Би билейік шаттана.Би”Гусарлар биі”
Бур;Қалай.
Жүр:Сен ақыры білім кілтін іздеп жүр екенсің білімді ұстаз береді ендеше ұстаз туралы бала-р ән орындап береді.
Хор;”Ұстазым.”
Түлкі Алиса;Сәлем менің сүйікті ұлым,Сен менің туған ұлымдайсың.
Артыңда не, қолыңда не бар..
Буратино ;Қолымдағы жаңа үй
Үйдің аузы құлыпта.
Ал ол үйде тұрады.
Кітап,қалам қарындаш..
Мен де өте ақылды ,білімді болғым келеді.
Алиса;Сен үшін өте қуаныштымын.Бірақ саған бір ақыл айтайын,Асықпа сен тұра тұр.Не бар саған мектепте.Оданда сен менімен бірге бір елге,білім аралы өте тамаша бір елге жүр.Сол жерде сенің білім кілтің
Бур;Ол қандай ел.?
Алиса Ол ғажап елОл ақымақтар елі.Ол жер өте көңілді:Ол жерде ешкім жұмыс істемейді.Ол жерде бәрі ойнайды.
Бур:Папа Карло керісінше айтады мектепте оқу керек,ақылды болу керек.
Алиса Мектеп жылдары өте сұмдық жылдар.Ең қорқынышты мен сені өз мектебіме шақырамын.Ол жерде миыңды ашытпайсың.
Бур;(Ойланады)
Алиса сен бірақ менің кілтімді қашан бересің .
Алиса:Бур.саған мына балалар көмектесетін шығар .Менімен ойын ойнағыларың келеме.
Ойын,”Спортттық паровоз.»
Менде сендерден көп нарсе үйренгім келеді.
Жүр.Алиса сен Бур,кілтін қайда жасырып қойдың кілт қайда.
Алиса:Бала-р сендер өте әдемі екенсіңдер мына жерде мушкатерлар да бар екен сендер мықтысыңдар ғой маған би билеп беріңдірші.
Бур.Маған бала-р көмектеседі би де билеп береді
Би;”Мушкатерлар.биі.”
Алиса Буртино сенде тиындар бар еді ғой мен сол тиыныңды көбейтіп берейін.
Бур.Ол тиындарды қалай көбейтесің
Алиса;Мен білемін жерді қазып көміп үстіне су құямыз.Содан тиындар одан да көп көбейеді:
Жүр:Балалар солай көбейтуге болама
Бала-р Жоқ:
Жүр:Алиса сен Бур.тағы алдап тұрсың ал енді сен кілтті кашан бізге бересің,
Алиса;Бала-р сендер ана туралы ән айта аласыңдарма.
Жүр;Хор”Рахмет саған ана!”
Алиса Таптым кілт жоғарыдан түсіп келе жатқан сияқты.Барлығымыз жоғары қарап бір,екі,үш.деп санайықшы кәне.Бала-р хормен санайды,бірақ кілт әлі де көрінбейді
Бур:Алиса сенің қулығың әлі де қалмапты ғой бүгін мерекеде олай жасауға болмайды бізге білім кілті керек мектепке қалай барамыз ол кілт табылмаса.
АлисаОй таптым мен мына жерде отырған қыздар мен жігіттер тағы билеп берсе қайда екенін тауып беремін.
Би.”Қыз бен жігіт биі.”
Алиса ;Бур;мен кілтті қазір тауып беремін.деп сол жерден іздестіре бастайды бірақ табылмайды.
Жүр:Алиса бізге білім кілтін берші.Сенің шарттарыңды орындадық ғой.
Алиса:Бала-р мен сендерге кілтті қазір тауып беремін деп шығып кетеді.
Бур:Балалар менімен бірге ойын ойнайық.
Ойын.»Бір-біріңді тап.»
Жүр:Бур:Алиса әлі де келген жоқ ол келгенше біздің қыздар испанша билеп береді.
Хор.”Тәрбиеші:”
Жүр:Балабақша бесігім.
Қайсысын айта берейін.
қабыл алшы гүлімді.
Сіздерге сыйлап кетейін.
демекші балалардың құтттықтау сөздерін қабыл алыңыздар.
Нұрхат.Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылыр.
Қадірлі де қасиетті тәрбиешілер.
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Адам етіп баптаған.
Ардақтап бізді мақтаған.
Тәрбиешілер сіздерге.
Таза сәби жүректен.
Бәріңізге мың алғыс!(Хормен.)
Сезім:Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артық өзі басқадан Өріккуль Намазқызына мың алғыс
Шадман;Жайдары жүз ай қабақ.
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі келіп.
Білмегенді сұрайтын.Кетеміз сізден алыс
Назира әкпиге мың алғыс
Жанайым;Жақсы көрем әрдайым
Әрқашан бізге жалықпай
Ағылшын тілі мен орыс тілін үйреткен
Жанна әпкейге мың алғыс
Нұрхат:Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психологпен.
Біріншіге барамыз
Лиза Болатқызына мың алғыс
Айбек: Үйретіп әнмен билерді.
Тақпақтар мен күйлерді.
Өткізеді кештерді.
Дайындайтын біздерерді.
Күлжар әпкейге мың алғыс
Ангелина:Ақ төсекте жатқызып
Бала болып ойнаған
Тәтті тағам ұсынған
Балалардан Анар әпкейге мың алғыс
Айсұлтан:Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер әпкейлерге сізге де
Алғыс айтып бәрамыз
Нұрдәуіт:Біздің гүл бақшада
Бар әсем асхана
Бар онда аспазшылар
Ақ көңіл жақсы апайлар
Әлде май,қаймақпа
Борщ па,сорпа ма?
Тұрады ортада
Бізде мұнда ,әрдайым
Бәрі,бәрі дап дайын.
Адина;Төсек орын тап-таза.
Аппақ жуған сүлгісі.
Лескул апа.
Сіз ге де мың алғыс.
Айару:Ойыншық та кесе де.
Шанышқы мен тәрелке.
Орындық, шкаф, төсек те.
Бәрі өзі келеме..
Соның бәрін табатын.
Шаршамайтын ,күлетін.
Зыр жүгіріп жүретін.
Нұржамал әпкейге мың алғыс.
Музыка әуенімен Әліппе келеді:Балалармен Қонақтармен амандасады:
Әліппе;Бур:Міне Мен Білімнің кілтін Алисадан алып саған әкелдім.
Бур:Ой қандай жақсы болды .Әліппе мен кілтті сізге сыйлаймын балалармен кілтті алып мектепке бірге барыңыз.
Әліппе;Ой Бур.рахмет саған.
Бур:Қоштасып шығып кетеді.
Жүр:Әліппе сізге мың алғыс.Кілтті бізге әкелгеніңізге.Бала-р әліппеге тақпақ,айтып,би билеп берейік.
Тақпақ.Қарлыға.Бар кітапқа бас болған,
Әліппе -ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Би.”Көгершін.”
Жүр;Қуанышымыз біздің мол.
Мектепке біз тарттық жол.
Ұмытпаймыз өзіңді.
Балабақшам қош сау бол.
“Қоштасу биі.”
Жүр:Міне балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр,Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша көрсетті.
Сіздерге ақ жол тілеймін,бөбектер.сапарларың оң болсын бүлдіршіндер.!Ендігі сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Уриккул Намазқызына береміз.
Балаларды құтттықтап,алғыс хат мадақтамаларын тапсырады.
Хор “Біз мектепке барамыз.” Осы әнмен мектепке шыгарып саламыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *