Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен жазушылық қызметі, прозалық шығармаларының тақырыбы. «Менің атым – Қожа» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі.

Ашық сабақ
1. Топты түгелдеу
2. Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен жазушылық қызметі, прозалық шығармаларының тақырыбы. «Менің атым – Қожа» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі.
3. Сабақтың типі: Білімді, іскерлік – дағдыны қалыптастыру
4. Сабақтың түрі: Шығармашлық – ізденіс сабағы
5. Сабақтың ұраны:
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзім – шындқ, бірлік, адалдық.
6. Сабақтан күтілетін нәтиже:
1.Зерттеу нәтижесін шығармашылық тұрғыда көрсете білу
2.Ұсынылған сұрақтар негізінде өз елестетуін таныстыра білу.
3.Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігін арттыру.
4.Өз көзқарасына рефлекция жасай білу

7. Стикерлер арқылы топқа бөлу. Үш топ: Көктем. Наурыз. Дәстүр.
8. Сергіту сәті «Көктемгі жылулық»
9. Бағалау әдісімен таныстыру. Топтың бірін – бірі бағалауы және оқытушының тапсырмалар негізінде жеке бағалауы
10. Әр топқа екі нақыл сөзден тасталады. Қалаған нақыл сөзді топ ұраны етіп алады.
11. Слайдпен сабақ кезеңдері көрсетіледі. Блум таксономиясы бойынша:
1.Білу. 2.Түсіну. 3. Қолдану. 4.Талдау. 5. Жинақтау. 6.Бағалау

«БІЛУ» бөлімі
Біз өткен сабағымызда балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, балалардың сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолымен , шыығармашылығымен таныс болғанбыз. Жазушының есімі аталғанда көзі қарақты оқырманның көз алдына ең алдымен Қожа бейнесі елестейді. Негізінен автор 8 жасында анасынан айырылып жетім қалады. Балалық шағы алғашқы колхоздастырудың қиын жолында өтеді. Кейін шығармашылыққа бет бұрып, көптеген еңбектерін бізге мұра етті. Соның бірі –«Менің атым – Қожа» повесі. Бұл шығарма 1963 жылы Абдолла Қарсақбаевтыың жетекшілігімен түсірілген алғашқы балалар көркем фильмі еді. Бұл туынды сол кезде 37 жаста болған режиссерді әлемге танытты.1967 жылы Францияның атақты Канн халықаралық фестивалінде режиссерлік шеберлігі үшін бас жүлдені жеңіп алды. Бұл қазақ киносының сол кездегі үлкен жетістігі болды.

Өмірінен слайдтар.

«Ыстық микрофон» стратегиясы
1 топ – жазушы өмірінен деректер
2 топ – жазушы шығармашылығы
3 топ – «Менің атым – Қожа» повесінен мазмұнбаян

Қожа фильмінен видеоролик. (атына байланысты)

Осы жерде назар аударатын мәселе «Ат қою» дәстүрі. Бұл дәстүр халқымызда жақсы сақталған. Бәріміздің есімдерімізді ата-анамыз, ата-әжеміз белгілі бір дерекке немесе ұлағатты адамдарға сүйеніп қойған. ЕЕнді үш топтан екі оқушыдан айтып жіберейік өз есімдеріміздің қысқаша тарихын.
Оқушылар сөзі.

«Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», – дейді. Бұл кімнің сөзі, әрине ол біздің бас кейіпкеріміз – Қожаберген.
Алғашқыыда автор бұл повестің атын «Өзім туралы повесть» деп атаған екен. Себебі, шығармадағы барлық оқиға желісі жазушының өз өмірімен тікелей байланысты екен. Кейін келе шығарманың атауын өзгертіпті.

«ТҮСІНУ» бөлімі
Сұрақ: Повесть дегеніміз не? Повесть – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шыығарманың түрі. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақ, романнан қысқа болады.Повесте оқиғалар жинақы, кейіпкерлер саны аса көп болмайды.

Кинодан үзінді

«Екіжақтама пікір күнделігі»
Пікірсайыс.1 топ – Қожаны жақтаушы топ
2 топ. Қожаны даттаушы топ
3 топ. Пікірлерге қорытынды жасау

Үш топ өз тұжырымдарын дәлелдеу мақсатында бала тәрбиесі жайында мақал – мәтелдерді ортаға салады.

«Шартараптан хат» ойыны

Тақтадан сұрақтар беріледі.
1.«Дауысы қандай шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң! Басына үкілі тақия киіп, «Қамажайға» мың бұрала билегенін көрсең….

2. «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп, екеумізді бірдей қудалап, пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет».

3. «Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр».

4. «Мен оқулық емес, қант аламыын . Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз»

«Қолдану» бөлімі

«Желпуіш» әдісі

Үш топ қағазды бүктеу арқылы сұрақтар жазып, бір-біріне таратады.
1 топ. Қожаның оқулық сатып алуда кезекші мұғалім Сабира апайға өтірік айтуы дұрыс па? Сендер не істер едіңдер?

2 топ. Қожа Жантаспен неге тіл табыса алмайды? Жалпы сныптастарының Қожаға қарсы шығуы неліктен деп ойлайсың?

3 топ. Сабира апайымен ерегісуі, жолдама жөніндегі тілегін орындамағаны үшін кіналауына қалай қарайсың? Оқушы міндеті туралы өз ойың?

«Білім көкжиегі» айдары

Шығарма құрылысына композициялық талдау жасау

1.Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның байланысуы
3. Оқиғаның дамуы
4. Оқиғаның шиеленісуі
5. Оқиғаның шарықтау шегі
6.Оқиғаның шешімі
7 Қорытынды

«ТАЛДАУ» БӨЛІМІ

«Тапсырма – сабақ» стратегиясы
1 топ – Әдеби – теориялық ұғымдарға талдау жасау
2 топ – шығармадағы түсініксіз сөздермен жұмыс
3 топ –«Бес жолды тұжырымдама» өлең құрастыру

Біз шығарма мазмұнымен жете таныс болдыық деп ойлаймын. Осы шығармада қандай әдеби-теориялық ұғымдар кездеседі?
1.Портрет- Қожаның портреті. (оқып беру)
Портрет дегеніміз- көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді айтамыз. Қожа портреті: Екі танауыма екі саусағым еркін сиып кетердей, қос ауыз мылтықтың ауызындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығыы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп – домалақ, тап-тақыр.
2.Диалог – екі немесе одан да көп адамның алма-кезек сөйлесуі. Мысалы, Қожа мен Жантастң әңгімесі:
-Қара Көже, мынау не екенін білесің бе?
-Ол не?
-Лагерьге жолдама. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
-Оны саған кім берді?
-Кім беруші еді, Майқанова апай берді.
3. Пейзаж.Шығармадағы табиғаттың әсем көрінісін суреттеу. Ызың еткен жел жоқ, сап-салқын. Құбылтып жайқалған жасыл шалғын, гүл бәйшешек.
4. Кейіптеу. Мен Сұлтанның опасыздық қылығына қалай ыза болмайын. Мұншалық жаны тәтті жарғанат екенін біле қойған жоқ едім. Кейіптеу дегеніміз – әртүрлі жан-жануар немесе табиғат құбылыстарын адамның іс-әрекетіне балап суреттейтін тәсіл.

«Алты қалпақ әдісі»

Ақ қалпақ – Қожаның жақсы көретін мұғалімі. Неге ол мұғалімді ерекше жақсы көреді?
Сары қалпақ – шығармадағы бас кейіпкердің бойыынан қандай жақсы қасиеттер байқадың?
Жасыл қалпақ-Қожаны қазіргі балалармен салыстыруға бола ма?
Қара қалпақ – Қожаның ұнамсыз қылықтары
Қызыл қалпақ – шығарманы оқи отырып қандай сезімде болдың?
Көк қалпақ – кейіпкердің қандай жақсы қасиеттерін бойымызға сіңіруге болады?
Сергіту сәті. «Бақытты балалық шақ» биі

«Жинақтау» бөлімі

«Практика кезіндегі іс – дағдылар»

Балабақшада іс – тәжірибеде жүргеніңде өз тобыңда Қожаберген болды ма немесе бала кезіңде Қожабергенді кездестірдің бе?

«Сезімді ояту» стратегиясы

1 Елестету Кейіпкерлер портреті
2 Сүйсіну Шығармада кімдердің қылығына сүйсіндің?
3 Жек көру Кімдердің әрекеті ұнамады?
4 Жаны ашу Шығарманың қай тұсында жаны ашу сезімі пайда болды?
5 Өкініш Өкінген оқиғаң болды ма?
6 Таңдану Риза еткен оқиғаң болды ма?

«Көріністер әлемінде» ойыны.
Үш топтың актерлық шеберлігі сыналады.

1 топ. Айна алдындағы көрініс
2 топ. Қожа мен Сұлтанның оқиғасы
3 топ. Қожаның бала махаббаты

Постер қорғау

1 топ. Қала баласы мен дала баласы
2 топ. Бала Қожа, Дана Қожа
3 топ. Қазіргі балалар фильмі мен «Менің атым – Қожа» фильмін салыстыру.

«Кері дизайн» әдісі

SWOT таблицасын толтыру

КҮШТІ

МҮМКІНДІК
ӘЛСІЗ

КЕДЕРГІ

«БАҒАЛАУ»БӨЛІМІ

«Алтын ереже қабылдау» арқылы сабақты қорыту

1 топ. Мектебіне әйгілі аты шулы сотқар Қожа бар ынтасын салып, жақсыы бала болуға тырысады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі оқиғаларды бастан кешіп, бірде оқырманды қуантса, бірде ренжітеді.

2 топ. Әкесінен жетім қалған Қожа үйлеріне келіп жүретін Қаратайдан анасын қызғанады. Кейбір қылықтарын ойлап, өз ісіне есеп беріп, әкесінің абыройыын шелектеп төктім деп уайымдайды. Сұлтан берген темекіні тартып көреді. Одан кейін темекіге жоламайтын болады.

3 топ басшы: Хикаяның әр тарауында Қожа әрқырынан суреттеледі. Ол өз ісіне есеп бере алады. Оның қортынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, өзі жасаған қателіктерін болдырмау жөнінде қаулы шығарады. Сонымен бүгінгі пікірлерді саралай келе, «Қожа – түбі адам болатын бала» деп тұжырым жасаймын.

«Менің көңіл – күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерге өз есімдерін жазып, тақтадағы баспалдақтың біріне жабыстырады.

1. Керемет!
2. Өзіме сенімдімін!
3. Маған көмек керек!
4. Түсінігім нашар!

«Туған жер» әнімен сабақты аяқтау

Үйге тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *